Ақша бұлт — Әбу Сәрсенбаев

Ақша бұлт - Әбу Сәрсенбаев

Ақша бұлт - Әбу Сәрсенбаев

Ақша бұлтым, айтшы маған, айтшы маған, келдің қайдан?
Кәрі әжемдей айтшылаған, неге бейқам кездін, майдан?

Жеткен бе әжем ақ шашымен мені аялап таң алдында
Әлде Алатау ақ төсінен күн сүйгенде жаралдың ба?

Мүмкін, бір сәл кесте тігіп отырғанда Ақбілегім
Асау құйын кеткен-ді іліп алдындағы жібегін.

Ақша бұлтты әлем биік, әкетпе алыс, орал, ағын,
Мүмкін, жарым сәлем түйіп ұшырған-ды орамалын?

Мен сезімде ұйып тұрмын, тербе бұлтты жел ерінбей,
Желкілдесіп сүйіктімнің кір шалмаған желегіндей!

Баяула жел, көп есілмей, қума бұлтты, төзесің бе?
Ақ қанатты көгершіндей тұрсын солдат төбесінде!

Ақ мамық, бұлт, қон алдыма, қайда кеттің? Аядың ба –
Ақ марлы боп оралдың ба әлде оқ үзген аяғыма?

Мүмкін, елге алып ұштың жауынгердің сағынышын,
Айқасты да ол, жалынышым, сенің арман-бағың үшін!

Ақша бұлтым, аялдамай көз алдымнан ұштың ұзап.
Жаралы деп баяндама, күтсін мені, күтсін ұзақ!

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector