| Туған анам сөйлеген ана тілім, А дегенде: «Апа» дей алған тілім. «Апаға» «ата» деген сөзді қосып, Бірте-бірте сол тілмен алдым білім. | |

| Әжем байғұс әлдилеп өз тілімен: «Ұйықтай ғой, әкетайым, – деді, – күнім». Ақ, қара, жақсы, жаман атын біліп, Осы тілмен айырдың заттың түрін. Бірді мақтап, біреуді даттасам да. Ренжітіп, қуантсам да қайсыбірін, Ана тілі – сүйкімді тіл, жағымды тіл, Осы тілмен айтылар бар пікірім. Қуанам жақындарға, достарыма, Қалдырмай сөйлесе алам іштей кірім. Ән салып, шер тарқатып өлең айтып, Сол тілмен ақтарылар барлық; сырым. | |
Понравилась статья? Поделиться с друзьями: