БЕС САУСАҚ Атам шақырып алды да, Отырғызды алдына. — Бес саусақтың атын біл, Тоқып алғын жадыңа! Бас бармағың — ата-анаң, Үлкеңдерден бата алған. Аман жүрсе қалқайып, Қалмас елден, қатардан. Балаң үйрек — бауырың, Ақыл қосар қауымың. Қысылғанда болысып, Берер соңғы тауығын. Ортан терек — нағашың, Сол үйде өскен анашьщ. Қамқор болып жүреді, Еркелеп те аласың. Аты жоқ саусақ — достарың, Жақсы болса қостағын. Жаман мінез көрсетсе, Қатарыңа қоспағын. Кіші бөбек — білімің, Терең болсын ілімің. «Ұлық болсаң — кішік бол», Дей көрмегін: ірімін. Бес саусағың — бақытың, Сонда балам, бар құтың. Бес саусағың біріксе, Текке кетпес уақытың. | Балалар — біздің болашақ Жазушы: Қасым Аманжолов Балалар — біздің болашақ, Сүйсінеміз, сүйеміз. Бұл болашак тамаша-ақ! Болашаққа иеміз. Көтеріп жас сәбиді, «Күлші, бөпе, күл!» — дейміз. Көңіл дария шалқиды, Балалармен гүлдейміз. Алға кетіп барамыз Болашақты құшақтап. Жыламайды баламыз Көзден жасы бұршақтап. Жыламайды баламыз, Жылатпаймыз еш уақыт. Бәрі бізде, қараңыз: Өмір, өлең, күш, бақыт! Алтын оты үміттің, Көзіміздің қарасы; Балапаны бүркіттің Біздің елдің баласы… Түстік Корей көгінде Жүр айналып қара құс. Құмартады ол өлімге, Қызу майдан қан соғыс. Өлген ана жанында Еңбектейді жас бала. Шашақ атқан шағында Бұл не деген масқара?! Сұмдар қаңғып даланы, Өлім екпек болады. Дүниеде барлық баланы Жетім етпек болады. — Тарт колыңды баладан! Өңшең жауыз сүмырай!.. — Деп түр бүгін әр адам, Көкірегіне кек сыймай. Жыламайды баламыз, Жылатпаймыз еш уақыт! Бәрі бізде, қараңыз: Өмір, өлең, күш, бақыт!.. |
Қуыр, қуыр, қуырмаш Қуыр, қуыр, қуырмаш, Мен айтайын қолыңды аш! Мынау тұрған бас бармақ, Жұмыс содан басталмақ. Алақанның тұңғышы Болсын осы жылқышы. Балаң үйрек жанында, Бейім сиыр бағуға. Отран терек — ұзыны, Түйе бақсын, қызығып! Шылдыр шүмек — бұл саусақ, Қой бағуды тұр аңсап. Титтей бөбек-шынашақ, Сен дайында жер ошақ. Білекке енді барайық, Онда не бар табайық: Мына жерде күн болар, Мына жерде түн болар. Мына жерден ай шығар, Мына жерден май шығар. Бәрін айтып болдық па? Келіп қалдық қолтыққа! Қытық, қытық, қызық-ай, Міне, өрік, міне, май! Қуыр, қуыр, қуырмаш, Бидай салам, қолыңды аш. Төгіп алмай, күлем деп, Балапанға барып шаш! | КӨП БАЛАЛЫ ҮЙ Жасыл шалғын төңірек, Далам неткен келісті. Жаңбыр жауса көбірек, Көркейеді жер үсті. Дәл осындай сәттерде Жазылады өлеңім, Жазып қойдым дәптерге: Көп жаңбыр… Ол – көп егін. Осыны бар ел тілер, Көп жаңбыр… Ол — тоқшылық. Қала сәнін келтірер, Көп егілсе кек шыбық. Көп бес алсам мен егер Шаттанамын, әрине… Көп бақытқа кенелер Көп баласы бар үй де. |
Айналайын Баладан (Екі баланың айтуына арналған) — Айналайын баладан, Тауып алған даладан. — Далада бала жата ма? — Түсіп қапты шанадан. -…….біздің қайда екен? — Қыздарменен тойда екен. — Тойда неғып жүр екен? — Алма теріп жүр екен. — Алмасынан кәнекей? — Жаңа теріп жүр екен.</span — Жаңасынан кәнекей? — Қабы толмай жүр екен. | ҚАЗ-ҚАЗ, БАЛАМ Қаз-қаз балам, қаз, балам, Қадамыңды жаз, балам. Қарыс сүйем аттасаң, Қуанамын, мәз болам. Сүрінемдеп қорықпа, Сүрінсең де торықпа. Қаз, қаз басқан балаға Сүріну бөгет болып па?! |