Ертегі: Қисық үйрек — Кривая уточка

Ертеде шал мен кемпір болыпты. Олар күніге орманға саңырауқұлақ теруге барады екен. Бірде екеуі қайтар жолда бір жағына қарай қисайған үйректі көреді. Оны өздерімен бірге үйіне алып келеді. Ертесіне шал мен кемпір үйрекке құс мамығынан ұя жасап береді. Өздері тағы да орманға саңырауқұлаққа аттанады. Олар кетісімен қисық үйрек қызға айналады. Үйді тазалайды. Су тасып, бәліш те пісіріп қояды. Орманнан оралған қариялар аң-таң.

Ертегі: Қисық үйрек - Кривая уточка

– Үйімізді тазалап, су тасып, бәліш пісірген кім болды екен? – дейді бір-біріне қарап.

Көршілеріне барып, осы ғажайып туралы айтады. – Біз бір жағына қарай қисайған қыздың су әкеле жатқанын көрдік, – дейді көршілері. Келесі күні шал мен кемпір себеттерін алып, үйден шыққан болады. Бірақ олар ешқайда бармайды. Қисық үйрекке көрінбей, тығылып қалады.

«Үйде ешкім жоқ» деп ойлаған қыз үйрек қауырсынды киімін шешіп, адамға айналады. Бұрыштағы шелекті алып, суға кетеді. Қарттардың қыздан айырылғылары келмейді. Ол шығысымен қауырсынды киімін отқа жағып жібереді. Судан келген қыз бұны көріп, қатты жылайды. Содан соң кемпірден алтынмен апталған ұршығын сұрап алады. Табалдырыққа отырып, жіп иіреді. Анда-санда аспанға қарап қояды.

Көп ұзамай үй төбесінен ұшып бара жатқан бір топ қаздар көрінеді.

– Қаздар, қаздар, маған мамық қанаттарыңнан бір-бірден тастап кетіңдерші, – деп сұрайды қыз олардан.– Артымызда тағы бір топ ұшып келеді. Берсе, солар берер, – дейді қаздар.

Біраз уақыттан соң келесі топ та көрінеді.– Қаздар, қаздар, маған бір қанаттан тастап кетіңдерші, – деп сұрайды қыз тағы да.

– Артта басқа құстар келеді, солардан сұра, – деп, олар да қайырылмастан ұшып кетеді.

Бұл топтың «құстар» дегені жалғыз қаз екен. Қызға жаны ашыған да сол қаз болады. Ол бірнеше қанатын тастайды. Қыз осы қанаттардан өзіне басқа қауырсынды киім тоқып киеді. Осылай қыз қайта қисық үйрекке айналып ұшып кетеді. Ал өкінген шал мен кемпір жылап, қолдарын бұлғап артта қалады.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector