Ертегі — Робин Гуд

Құралайды көзінен атқан мерген, ержүрек Робин Гуд Англияны король Генри ІІ билеп тұрған дәуірде өмір сүрді. Бірде Ноттингем шерифы «Жеңімпазға бір бөшке сыра беремін» деп мергендер сайысын жариялады. Бұл хабарды естіген Робин Гуд бағын сынап көрмек болып Нот тингемге аттанады. Қалың орманнан өтіп бара жатқанда алдынан шыққан орманшылар мазақтап, намысына тиеді. Ашу қысқан Робин Гуд олармен төбелесіп, біреуін өлтіріп қояды.

Бұл қылмысы үшін тұтқындалып, абақтыға жабылармын деп қорыққан Робин жапырақты орманға тығылып, бой тасалап, күн кешеді. Оның ормандағы тұрағына абай сызда қылмыс жасаған ағылшындар қашып келіп, паналай бастайды. Осылайша Робин Гуд қайырымдықа рақшылар тобының жетекшісіне айналады. Шериф адам өлімі туралы естіген кезде қатты ашуланады. Себебі Робиннің қолынан қаза тапқан орманшы оның жақын туысқаны болатын. Ол:

– Робин Гудты ұстап, менің алдыма әкелген адамға 100 фунт стерлинг беремін! – деп жар салады. Бірде Робин орманнан кішкентай Джон атты адамды жолық ты рады. Ол «кішкентай» деп атал ғанымен, ұзын бойлы, алып жігіт болатын. Кішкентай Джон мен Робин Гуд екеуі күш сынасып, біраз күреседі. Оның батыл екеніне көзі жеткен Робин кішкентай Джонды өз тобына қосып алғысы келді. Бұған Джон да келіседі.

Ертегі - Робин Гуд

Шериф: «Робин Гудты байлап, алдыма әкелген адамға үлкен сый-құрмет көрсетемін» деп уәде береді. Ел арасына жарлық жазылған қағазды көбейтіп таратады. Оны оқыған мыс зергері Робин Гудты ұстау үшін орманға аттанады. Оның алдынан ержүрек мергеннің өзі шығады, бірақ зергер оны танымайтын еді. Робин оны қонақүйге орналастырып, көзі ұйқыға кеткенде, қалтасындағы қағазы мен ақшасын алып кетеді. Зергер оянып, жоғалған заттарын іздейді. Қонақүйдің қожайыны оған:

– Кеше алдыңнан шыққан адам Робин Гуд болатын, – дейді. Мұны естіген шебер Робинды іздеп тауып, екеуі ұзақ шайқасады. Шебердің күш-қайратына риза болған Робин, оны да өзінің тобына қосып алады. Робин Гудты халықтың ұстап бермейтініне көзі жеткен шериф енді қулық ойластырады. Ол Ноттингемде мергендер сайысын өткізуге бел буады. «Жеңіске жеткен мерген алтын садақты иемденеді!», – деп жариялайды шерифтің шабармандары.

Шериф Робин Гудтың сайысқа келетініне күмәнданбайды. Сондықтан солдаттарына «Робинды ұстап алуға дайын тұрыңдар» деп бұйырады. Робин Гуд сайыс өтетін жерге тозығы жеткен, жыртық киіммен келеді. Оны ешкім танымай қалады. Басқа мергендерден басым түсіп, бағы жанған ол алтын садақты иеленеді. Шериф құрметпен сыйлық табыстағанда: «Робин Гудтен асқан мерген екенсің!» деп мақтайды.

Шериф көмекшілерімен түстеніп отырғанда, дастарқанға садақ келіп қадалады. Оның ұшына қағаз ілініпті. Қағазды ашып оқыған шериф сыйлықты Робин Гудке өз қолымен тапсырғанын біліп, ашудан жарыла жаздайды. Солдаттарын жинап, «Робинды ұстап алып келіңдер» деп орманға аттандырады. Робин өз тобымен шериф әскерлеріне қарсы шабуылға дайындалып жатқан.

Уилл Статли Робин Гудтың тобындағы ең алып адам болатын. Ол Робиннен рұқсат алып, шериф солдаттарының бағытын анықтауға шығады. Бұл кезде шериф солдаттарынң біразы «Көк қабан» трактирінде ішімдік ішіп отыр екен. Статли басын тұқыртып, олардан алыстау отырды. Сәлден соң ол солдаттармен қақтығысып, тұтқынға түсіп қалады. Робин Гуд өз тобымен барып, Статлиді құтқарып алады. Бір жыл бойы Робин Гуд пен оның серіктері Шервуд орманында өмір сүреді, Ноттингемге аяқ баспайды.

Бір күні Робин арбасына қой мен сиыр етін тиеген саудагерге жолығады. Онымен ет саудасымен айналысатын адам болып танысып, Ноттингемге бірге еріп келеді. Қалаға жеткен соң етті сөреге жайып, ең арзан бағамен сатады. Қала тұрғындары әп-сәтте түк қалдырмай сатып алады. Бұл оқиғаны шерифте естиді. Арзан ет сатушыны көргісі келеді. Робин Гуд өзін «Роберт Локслеймін» деп таныстырады. «Мен 500 ірі қараның қожайынымын» дейді Робин.

Мұны естіген дүниеқоңыз шериф оған ілесіп Шервуд орманына келеді. «Көңілді жігіттер» деген атпен танымал Робин Гудтың адамдары үлкен мереке ұйымдастырып, бұғы мен семіз қораздың етінен ас әзірлеп, шарап құяды. Тамақ ішіп болған соң шериф үйіне қайтады. «Ұлы Ноттингем жәрмеңкесі» мейрамы кезінде шериф тағы да мергендер сайысын ұйымдастырады. Бас бәйгеге екі бұқа тігеді. Бұл жәрмеңкеге Робин Гудтың сенім ді серігі – кішкентай Джон да барады.

Ол өзін Рейнольд Гринлиф деген бүркеншік атпен таныстырады. Өзге сайыскерлердің арасынан суырылып шығып, мергендігімен ерекшеленген Джон бас бәйгені жеңіп алады. Оған қатты риза болған шериф, өзіне қызметші етіп тағайындайды. Бірде шериф аң аулауға аттанады. Рейнольд Гринлиф шерифтің қасында болмай шығады. Ол әлі төсегінде тәтті ұйқыға батып жатқан еді. Кеш оянған Рейнольд қарнының қатты ашқанын сезіп, ас үйге аттанады. Алайда шерифтің шаруасын басқаратын қызметшісі оны кіргізбей қояды. Ол Рейнольдтың шерифтің ықыласына бөленгенін қызғанып, іші күйіп жүрген болатын. Ашуланған Гринлиф меңгерушіні еденге алып ұрады.

Абыр-дұбырды естіген аспаз жүгіріп келсе, Рейнольд ас үйде рахаттанып таңғы асын ішіп отыр екен. Дәмді тамақ ішкенді ұнататын аспаз оған қосыла кетеді. Асқа тойып алған соң екеуі қынабынан қылыштарын суырып алып, әлдері бітіп, әбден шаршағанша айқасады. Ұрыс аяқталғанда Рейнольд Гринлиф аспазға өзінің кішкентай Джон екенін айтады. Ол шерифтің салтанатты сарайын тастап, ормандағы биік ағаштың саясында думандатып отырған «көңілді жігіттер» мен Робин Гудке келіп қосылады. Содан соң кішкентай Джон Анкастер қаласына ат танады.

Ертегі - Робин Гуд

Сол өлкеде Артур Таннер деген жауырыны жерге тимеген палуан бар еді. Соңғы бес жылда оған төтеп берер адам табылмапты. Джон орманда онымен кездесіп қалады. Екеуі бетпе-бет келіп, шайқаса түседі. Бұл кезде Робин Гуд Джонды іздеп шыққан еді. Кішкентай Джон мен Артурдың шайқасының үстінен түскен Робин батырларды сабырға шақырып, арашалайды. Артурдың батылдығына риза болып, оған: «Менің тобыма қосыл» деген ұсыныс жасайды. Артур келісіп, кішкентай Джон және Робин Гуд үшеуі бірге Анкастерге сапар шегеді. Орманды жаяу аралап өткен үш батыр шаршап-шалдығып, шөлдейді. Алдарынан сылдырап аққан бұлақ кездеседі. Үшеуі содан шөлдерін қандырып, дем алады.

Робин Гуд Уилл Скарлет есімді адамның әмияны толған ал тын екенін біліп, оны тартып алмақшы бо лады. Уилл де біреуге барын оңайлықпен бере салат ын адам емес еді. Екеуі қылыштаса кетеді. Скарлеттің жүрек ті екенін байқаған Робин оны да «көңілді жігіттердің» қатарына қосып алады. Бірге отырып, ас ішеді. Бірде Робин Гуд пен Уилл Скарлет қолдарындағы нан қоқымдарын құстарға шашып отырған. Оларға қолында азық толы қабы бар диірменшінің ұлы Мач кездеседі.

«Қап түбінде алтын мен күміс жатыр» деп ойла ған Робин Гуд одан «қапты бізге бер» дейді. Мач қаптың аузын ашып, ішіндегі ұнды Робин мен оның достарының бетіне шашып жібереді. Сөйтіп, қашып бара жатқан оны Робинның достары ұстап алады. Ақырында Мачта 41бұлардың тобына мүше болады. Робин мен серіктері бірде жанында арфа, қолында садағы мен жебесі бар Алан есімді жас жігіттің еңіреп жылап отырғанын көреді. Алан оларға өз басынан өткен махаббат хикаясын айтып береді. Робин бозбалаға «сүйіктіңді қайтарамын» деп уәде етеді.

Осылай қайырымды қарақшылардың ісіне риза болған Алан да «көңілді жігіттермен» бірге қалады. Келесі күні Робин мен достары Аланның ғашығын іздеп, сапарға шығады. Қызды тапқан соң үлкен той жасап, жастарды үйлендіреді. Бір күні «көңілді жігіттер» қыр басына шығады. Робин төменге көз жүгіртсе, бір дін адамы өзен жағасында ас ішіп отыр екен. Робин енді монахпен күш сынасады. Монах та батырдың сынынан өтіп, бұлардың тобына қосылады. Робин Гуд пен серіктері қыдырып келе жатып, серінің киімін киген, атты адамды жолықтырады.

Бұл Ланкастерде тұратын сэр Уалтерді тонап, 600 алтын теңгесін әкеткен Ричард мырза еді. Робин жәбірленушіге көмектескісі келеді. Осы кезде кішкентай Джон епископ Херефордты және үш қара нәсілді монахты ертіп оралады. Епископ абыржып, қуыстанып тұр екен. Монахтың бірі оның жасырған алтыны бар екенін айтып қояды. Статли оның қапшығының ішінен бес жүз алтын теңгені алып, Ричард мырзаға береді. Ричард батыл жігіттерге алғысын жаудырады. Ол қарыздарынан құтылу үшін Робинның тобымен бірге Винсент Эмметке аттанады.

Винсентке жетіп алған соң, ол уәдесінен тайып, қарызын бермей кетеді. Ричард бір жыл алтынмен сауда жасап, еліне Шервуд орманы арқылы бара жатып, мерген Дэвид Донкастерді қарулы қақтығыстан қорғап қалады. Ричард мырза оның Робин Гудтың адамы екенін таниды. Сөйтіп, ол Робинге келіп, қарызын төлейді. Бірде кішкентай Джон монахтың киімін киіп, сапарға шығады. Алдынан бір лашық кездеседі. Лашықта тұратын қайыршы, мыс шебері және кезбе саудагер үшеуі өзен жағасында сусын ішіп отыр екен.

Олармен әңгімелесе кеткен Джон ағайынды екі монахтың Бастау аббаттығынан келіп, Линкольнге ат танғанын естіп біледі. Джон оларды қуып жетіп, ақшаларын ұрлап, Шервудке оралады. Келесі күні Робин қайыршылардың өмірін зерттеуге бел буады. Ол көнетоз киім киіп, көшеге шығып, алдынан жолыққан жолаушыдан тамақ беруін сұрайды. Бірақ оған ешкім ештеңе бермейді. Жолында кездескен қыздардан да садақа сұрайды. Қыздар оған бұрылып қарамайды да.

Сөйтіп жүріп ол трактирге бет алған хабаршы Ричард Партингтонды көреді. Хабаршы трактир қожайынына Элеонора ханшайымның сәлемін апара жатқанын айтады. Мұны естіген Робин ханшайымның алдына барып, өзін «Робин Гудтың адамымын» деп таныстырады. Алдына келген қайыршы киіміндегі Робинге Элеонара ханшайым шақыру қағазы мен жүзік беріп жібереді. Шақыруда король Генри ұйымдастыратын мергендер сайысына Робин Гудтың қатысуын қалайтынын айтыпты. Робин ханшайымның өтініші бойынша жігіттерін ертіп, мергендер сайысына қатысады. Нысанаға дәл тигізіп, «Ең үздік мерген» деген атаққа ие болады. Осы жерге баяғы епископ Херефорд пен Роберт Ли де келген еді. Олар корольге «Робинді ешқайда жібермей ұстаңыз» деген өтініштерін айтады.

Король: «Ханшайымға берген уәдемді бұза алмаймын, бірақ қырық күннен кейін Робин Гудты ұстауға бұйрық берейін» деп антетеді. Қырық күннен соң король орманға солдаттарын аттанды рады. Бұл хабарды естіген ханшайым Робин Гудқа мұны хабарлау үшін Партингтонды аттандырады. Солдаттар атқа қонғанда, Робин мен оның «көңілді жігіттері» орманда серуендеп жүрген болатын. Робин достарынан бөлініп, қайтып келе жатқанда, алдынан Ричард Партингтон шығып:

– Саған ханшайымның рақымы түскенін айтуға келе жатырмын, – дейді. Робин Гуд ханшайымның алдына өзі барады. Элеонора ханшайым батырды жасырып қояды. Содан соң, корольдің бас уәзірі Эдуард Каннингем Робинді Шервуд орманына дейін күзетпен апарып салады. Бірнеше күннен соң Робин Гуд орманда серуендеп жүріп, биік ағаштың көлеңкесінде отырған Гай Гисборн деген адамға жолығады. Ол өзін Ноттингем шерифі Робин Гудты ұстауға жұмсағанын айтады.

«Робин менмін» деп, екеуі ұстаса кетеді. Гай Гисборн сол жерде қаза табады. Ал орманның басқа жағында қыдырып жүрген кішкентай Джон жылап отырған кейуана ны көреді. Оның үш ұлын шериф дарға асуға бұйырып, өлім жазасына кескен екен. Джон барып, ағайынды үш жігітті құтқарып қалады. Ағайындыларды ертіп келе жатқан кішкентай Джонды шерифтің әскерлері аңдиды.

Солдаттар Джонды ұстап, ағайынды үш жігітті аспақ болған дар ағашының жанына алып барады. Осы сәтте Гай Гисборнның киімін киген Робин келіп, Джонды құтқарады. Ағайынды үш жігіт те Робин Гудтың тобына қосылады. Бұл кезде король Генри дүниеден өткен еді. Оның мұрагері болған король Ричард қасына серілерін ертіп, Ноттингем қаласына келеді. Қала тұрғындары мерекелік киімдеріп киіп, корольді көруге жиналады. Король Ноттингемде түнейді де, келесі күні таңертең сарбаздарын ертіп, Шервуд орманына жетеді.

Робин Гуд корольді құрметпен қарсы алады. Астан кейін король жапырақтан төселген төсекке жатып ұйықтайды. Келесі күні король Ричард Робин Гудты, Скарлетті, Джон мен Аланды ертіп, қалаға сапар шегеді.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector