Жеті лақ – Семеро козлят — русские сказки на казахском языке

Жеті лақ – Семеро козлят - русские сказки на казахском языке

Ертеде бір Ешкі жеті лағымен орманда тіршілік етіпті. Бірде Ешкі орманға жиналыпты.
— Есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым, шұнақтарым!
Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп ән саламын», — дейді.
Осы кезде Ешкі үйінің маңында Қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген. Ол лақтарды алдамақ болды. Қасқыр Ешкінің кеткенін күтіп, лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.
Қасқыр ісмер адамға келіп, жіңішке дауыспен ән салу үшін тамағын қағып беруін сұрады. Ісмер таң-тамаша болды, бірақ тамағын қағып, оның дауысын жіңішкертті.

Қасқыр Ешкі үйіне жақындап келіп, есігін қақты. Сонан соң жіңішке, нәзік дауысымен:
— Лақтарым, шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! – деп әндетті.
Лақтар есікті ашты. Жауыз Қасқырға керегі сол еді. Ол үйге баса көктей, кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қылғытып алды.

Жеті лақ – Семеро козлят - русские сказки на казахском языке

Тек бір лақ қана тығылып үлгерген еді. Сұрқия Қасқыр жетінші лақты ұзақ іздеді, бірақ таба алмады. Ешкінің келетін уақыты болып қалған болатын. Сондықтан ол зыта жөнелді.
Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Пеш ішінен бір лағын тауып алды. Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып, зарлы үнімен зарлап жылады:
— Лақтарым шұнақтарым, көлге біткен құрақтарым ! Есікті ашып, Қасқырға жем болдыңдар!

Ешкі Қасқырға келіп: «Сен бе менің лақтарымды жеп қойған?» – деп сұрады. Қасқыр оған: «Сенің лақтарыңды жеген жоқпын,» — деп жауап қатты. «Жемегеніңді дәлелде. Кел, екеуіміз мына ордан секірейік. Егер сен менің лақтарымды жемесен, онда оңай секіріп кетесің!» – деді Ешкі. Қампиған қарнымен ордан секіру Қасқырға қиын түсетіні белгілі ғой. Амал қанша?! Секірді, бірақ өзін-өзі ұстай алмай, тура ыстық шоқтарды бар орға құлады.

Қарны жарылып, одан құлан таза лақтар орғып- орғып шықты. Олар аналарымен шұрқырасып табысты. Сөйтіп, Ешкі лақтарымен бұрынғыдай ауызбірліктері күшті, ынтымақты өмір сүріпті.

Сөздік- Словарь:
Ешкі – коза.
Лақтар – козлята.
Үй – избушка, домик.
Шеше – мать, бабушка.
Сүт – молоко.
Қасқыр – волк.
Дабыс – голос.
Темір ұста, ісмер – кузнец.
Ор – яма.
Құсақ, қарын – брюхо.
Өмір сүріпті – жыли-были.
Жиналды – собралась.
Ешкімге ашпаңдар – никому не отпирайте.
Кейін қайту – вернуться назад.
Есік қағу – постучать в дверь.
Жорту – рыскать.
Тыңдау – слушать.
Ән айту — петь.
Алдау – обхитрить.
Күтті — дождался.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector