Көктем — Қадыр Мырзалиев

Көктем - Қадыр Мырзалиев

Көктем - Қадыр Мырзалиев

Қарайып жарқабақтар күн ыстаған,
Қырдан қар төмен қарай жылыстаған.
Тосады жалпақ дала күнге жонын,
Денесін жазайық деп құрыстаған.Жөнкіген көшпелі бұлт бір де тынбай
Ақырын төмендейді қонатындай.
Жеңіл бу жер бауырлап қозғалады,
Қыстың ұшып кететін қанатындай.Күлімдеп шуақ қонып сан қырына,
Көңілді жатыр дала жаңғырыға.
Табиғат өз перзенті – жас көктемді
Алады шомылдырып жаңбырына.

Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Даланың көзің салшы келбетіне.
Сансыз құс алуан ырғақ, түрлі әуез
Сайрайды жаңа көктем құрметіне.

Құрағы сырын шертіп қоғасына,
Сұлулық бітер көлдің жағасына.
Жаз келіп, көктем жылжып жүре беред
Інідей орын берген ағасына.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector