Мақал-мәтелдер — Пословицы: Әділдік туралы — О справедливости

Әділдік туралы — О справедливости

Әділ айтқан жеңер.

Әділ айтсаң ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың.

Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.

Әділдіктен қашпа.

Әділет бізден, төрелік көптің хақы (Төле би).

Әділет қылышы кескен қол ауырмас.

Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.

Әділін айтсаң — әдемі айтқаның.

Әділ іс ағын судың арнасыңдай.

Әділ сөз болат семсер алмасындай.
(Шораяқтың Омары).

Әділ істің арты игі.

Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,

Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

Әр елдің заңы баска, иттері қарақасқа.

Құяр судан бөлінсе — көл тұнады.

Шындықтан қол үзсе — көңіл тұнады.

Ақиқат бар жерде жеңіс бар (Нақсыбек шешен).

Пікір таласы — шындық анасы.

Түйін-түйін сырынды түбіңде келіп шын ашар.

Шын — бір сөз, өтірік — мың сөз.

Шыңдық бар жерде өтірік байқап жүреді,

Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді.

Шындық жоқ жерде сұмдық көп.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector