Мақал-мәтелдер — Пословицы: Би туралы — О судье

Би туралы — О судье

Аталыдан би қойсаң
адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң
босамас аузы парадан (Бұқар жырау).

Аянбаған жауды алар

Абайлаған дауды алар.

Әділ бидің елін дау араламайды,

Әділ патшаның елін жау араламайды.

Әділ бидің өлгені — сөзінің болса жалғаны.

Ғұламаның өлгені — болмаса тәлім алғаны.

Әділ би халық үшін,

Залым би құлқын үшін.

Әділсіз болса би оңбас,

Әйелсіз болса үй оңбас.

Әулекі би ат үстінен билік айтар.

Барма ханға, өзі келер малға,

Барма биге, өзі келер дауға.
Бас-басыңа би болсаң
манар тауға сыймайсың.
Бір данаға жол берсең
жанған отқа күймейсің.

Батыр деген бір барақ ит,

екі қатынның бірі табады.
Би деген ақ шариғат,
Ілуде бір-ақ қатын табады.

Би айтқанды құл да айтады,

тек құл аузының дауасы жоқ (Төле би).

Би болған кісі бақырып бола ма екен.

Би болмақ ініден,

Белге шықпақ баладан.

Би болмасаң болма, би түсетін үй бол.

Би болмас белін жалпақ буғанменен,

Ағармас асылы арам жуғанменен (Әбубәкір).

Бидің жолы — ақ,

Судың жолы — сара.

Би екеу болса, дау төртеу.

Би жаманы дауға алдырады,

Жігіт жаманы жауға алдырады.

Би жоқта жораға құл жүреді.

Билік айту оңай,

Біліп айту қиын (Шақшақ Жәнібек).

Билік мыкты болса, тірлік құгты болады.

Би мен бектің сәні жоқ:

елін қорғай алмаса,
тура жолға салмаса,
ыстығына күймесе,
суығына тоңбаса (Дулат).

Биің қылаң болса,

елің ылаң болады.

Болмайтын істің басыңда болма,

Бітпейтін даудың қасыңда болма.

Бұзылған елдің ішіне

сормандай би кез болар (Толе би).
Бұратынына бұрады,
бұрмайтынын қос қолдап ұрады.

Хан азарында қарашасымен қас болады,

Би азарында қайырымы жоқ баймен дос болады.

Шешендерді сынаған тізелескен дау болар.

Ер жігітті сынаған қарсы шапқан жау болар(Ақтамберді).

Шешен жауға жарамас,

Батыр дауға жарамас.

Шешеннің күші — шындық.

Шешендіктің сәні жоқ

басына бақыт қонбаса.
Батырлықтың сәні жоқ
тұтамдап оқ жонбаса (Дулат).

Шешеннің аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді.

Шешеннің нақылы ортақ,

Көсемнің ақылы ортақ (Шэкерім).

Шешеннің сөзі дәмді келер,

ақыл берер, мәнді келер.

Шешеннің сөзі мерген,

Шебердің көзі мерген.
Шешеннің сөзі ортақ,
Шебердің бөзі ортақ.

Шешеннің сөзіндей, ботаның көзіңдей.

Шешеннің тілі — семсердің жүзі.

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар.

Шешенің судай төгілген,

Тындаушың бордай егілген.

Шын би сөзіңе бағады,

Сұм би көзіңе бағады.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector