Мақал-мәтелдер — Пословицы: Білім туралы — Об образовании

Білім туралы — Об образовании

Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.

Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.

Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.

Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.

Күш — білімде, білім — кітапта.

Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.

Ақылтозбайтын тон,
Білімтаусылмайтын кен.

Білім арзан, білу қымбат.

Жаста оқыған оқуыңтасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуыңмұзға жазғанмен бірдей.

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.

Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.

Оқымаған бір бала,


Оқыса екі бала.

Ұстаздан шәкірт озар.

Алтын алма, білім ал.

Ғылымтеңіз, білімқайық.

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі

Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.

Өнерағып жатқан бұлақ,
Ілімжанып тұрған шырақ.

Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.

Жердің сәніегін,
Ердің сәнібілім.

Өмірдің өзіұлы ұстаз.

Білім басы — бейнет, соңы — зейнет.

Ілімбұлақ
Білімшырақ.

Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

Оқу инемен құдық қазғандай.

Оқу түбі тоқу.

Ойнада күл,
Оқыда біл.

Білімер азығы,
Ерел азығы.

Оқубілім азығы,
Білімырыс қазығы.

Оқубілім бұлағы,
Білімөмір шырағы.

Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.

Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.

Көргеннен көрмегенін көп.
Білгеннен білмегенің көп.

Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.

Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.

Біреу білмегеңді, біреу білер,
Біреу жылайтынға, біреу күлер.

Туа білмейді, жүре біледі.

Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Қарғыстың ең жаманы:
Өзің білме, білгеннің тілін алма.

Қой асығы демейақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демейақ
Ақылы асса, аға тұт.

Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ

Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.