Мақал-мәтелдер — Пословицы: Достық туралы — О дружбе

Достық туралы — О дружбе

Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Айтулы достың малы бір,

кемедегінің жаны бір.

Алыстағы досыңа
ат берсең де жарасар —
үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
хат берсең де жарасар —
ұмытса есіне алсын деп.

Ауыр сөз айтқан дос емес.
Босқа бергенше досқа бер.

Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.

Дәмді болса — достық қымбат,

Мәнді болса — жастық қымбат.
Дос — ажарың, жолдас — базарың.


Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.


Дос бергеннің түсіне қарама.


Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса (Әбубәкір).


Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

«Дос» деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар.

Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады.


Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес.


Дос егіз, дұшпан сегіз.


Дос емес достың сөзін бөтен десе,


Достқтан бір өкпемен кетем десе (Серәлі).

Дос емес досты сырттан жамандаса,

Кісі емес бір қатені жаба алмаса (Ақмолда).

Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.

Дос көбейсе дұшпан аяқ астында.
Дос көңіліңді суытып айтады,
Қасың ойыңды жылытып айтады.

Дос көргеннен түңілме.

Дос көтерер көңілді,

Мал көтерер өлімді.

Досқа ат берме,
ат берсең «жай жүр» деме.

Досқа ауырлығыңды салма,
Достан қарыз алма.

Досқа келсең босқа келме.

Дос құшағы — жаз.


Доспен дос болғанша шаттан,

Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector