Мақал-мәтелдер — Пословицы: Жақсы-жаман туралы

Мақал-мәтелдер - Пословицы: Жақсы-жаман туралы

Мақал-мәтелдер - Пословицы: Жақсы-жаман туралы

Жақсы-жаман туралы — О плохом и хорошем

Жақсы болсаң жаның көп.

Жақсы адам жолдасынан белгілі.

Айтқызған — жамандықтың белгісі,
Қамшылатқан — шабандықтың белгісі.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.

Ай — ортақ, күн — ортақ, жақсы — ортақ.

Адам туа жаман болмайды,
Жүре жаман болады.

Адамға қылсаң жақсылық ,
Жақсылық білмес кей
заңғар.
Жақсылыққа жамандық жасайтын,
Дүниеде бейиман көп жандар.

Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.

Екі жаман ауыл болмас,
Ауыл болса қауым болмас.

Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ тисе, жамандардай жыламас.

Арғымақ аттың құйрығы — әрі жібек, әрі қыл,
Қас жақсының белгісі — әрі мырза, әрі құл.

Арық малды асырасаң аузы-мұрның май
болар,
Жаман адамды асырасаң аузы-мұрның қан
болар.

Екі жақсы қосылса, айрылысуға қиыспайды,
Екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды.

Жақсы арына құл, жаман малына құл.

Арықпенен семіздің бауыры бірдей,
Жақсыменен жаманның жаны бірдей.

Арық атқа жал
бітсе, жанына торсық байлатпас,
Жаман адамға мал
бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да
ондырмас.

Атасы жақсы, көргенін айтады,
Атасы жаман, бергенін айтады.

Әркім жолдас болады амандықта,
жаман тастап кетеді жамандықта.

Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер.

Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма,
Жақсының атын естіп үйіне барма.

Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,
Бір жақсы мың
қолды ерітеді.

Бітісі жаман қамысты, су
ішінен өрт шалар,
Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар.

Бір сынаған жаманды, екі қайтып сынама,
Өлшеп-пішпей шамаңды, құр жаныңды қинама.

Бітер істің басына, жақсы келсін қасына.

Бұқаның өзі қартайса да, өзі қартаймайды,
Жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды.

Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман қатынның тілі ащы.

Ескіге жаңа өлшеуіш,
Жаманға жақсы өлшеуіш

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы туса елдің ырысы,
Жаңбыр жауса жердің ырысы.

Жақсы жатырқамайды, аңқау алдамайды, әңгі тыңдамайды.

Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда жақындық жоқ.

Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің.

Жақсы көргенін мақтап жүрер,
Жаман көргенін даттап жүрер.

Жақсы іске келді, жаман асқа келді.

Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.

Жақсы көпке құлық қылмайды, азға зорлық қылмайды.

Жақсы көрісіп келіседі,
Жаман келісіп керіседі.

Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші,
Жақсылықтың ұрығын алып келді десеңші.

Жақсы қыдырып жүрер,
Қыдыры артынан шұбырып жүрер.

Жақсы қырқында толады,
Жаман қырқында солады.

Жақсы қартайсад да, ақылынан танбас,
Жаман ат қартайса да, жүрісінен танбас.

Жақсы кісі текшіл,
Жаман кісі кекшіл.

Жақсы кісінің ашуы — шай орамал кепкенше.

Жақсы — суы тәтті көлмен тең,
Жаман — желі қатты шөлмен тең.

Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа.

Жақсының қадірін жақсы білер.

Жақсы болсаң — озарсың,
Жаман болсаң — азарсың.

Жақсы сынаумен жариды,
Жаман сынаумен қариды.

Жақсы мақтанса, есебін табар,
Жаман мақтанса, қатынын сабар.

Жақсыға берсең асыңды,
жақсы сыйлар басыңды.
Жаманға берсең асыңды,
итке тастар басыңды.

Жақсыменен жарыққа кім қарамайды.

Жақсы өзін қосып сөйлейді,
Жаман босқа бөсіп сөйлейді.

Жақсыны жаман десең, аққудай мойнын созады,
Жаманды жаман десең, аяғынан тозады.

Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді,
Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector