Поделитесь с друзьями:
Казахские сказки

Өз елінің сиқыршысы — Волшебник из Страны Оз

Баяғы өткен заманда Американың бір түкпіріндегі жалғыз үйде Дороти атты әдемі қыз апасымен бірге өмір сүріпті. Апасы таң атқаннан кеш батқанға дейін жұмыс істеп, үй көрмей ді екен. Ал немересі үйде жалғыз қалады. Сол себепті Дороти өзін бақытсыз сезінетін. Ол – адамдармен сөйлесуді, араласуды жақсы көретін кішіпейіл, мейірімді қыз. Оның бар қуанышы – Тото атты кішкентай қара күшігі еді. Дороти уақытын сол күшігімен ойнап өткізетін, сол кезде ғана өзін бақытты сезінетін. Күндердің бір күнінде апасы әдеттегідей жұмыста болатын.

Өз елінің сиқыршысы - Волшебник из Страны Оз - Адаптированная сказка Лаймена Фрэнка Баума

Бір кезде дала кенеттен түнеріп, қатты алайдүлей жел тұрады. Дороти күшігімен үйде ойнап отырған еді. Кішкентай қыз табан астында не болып кеткенін білмей сасады. Сүйікті күшігі – Тотоны бауырына басып, терезеден далаға қарайды. Оған бүкіл үй дірілдеп, ақырын қозғала бастағандай болады. Доротиді «Сүйікті күшігімді жоғалтып аламын ба?» деген қорқыныш билейді.

Доротидің өте қатты шайқалып, астаң-кестең болған үйді көргенде зәре-құты қалмады. Жел үдей соққан сайын үй де шайқала берді. Бір кезде дауыл үйді аспанға тік көтеріп, ұшырып ала жөнелді. Дороти өз көзіне өзі сенер емес. Ал үй болса, асп анд а қалықтап ұшып барып, жеміс-жидектерге толы бақтың ішіне келіп қон