Шыны таудағы патша – Принцесса на стеклянной горе

Шыны таудағы патша – Принцесса на стеклянной горе

Ертеде, Норвегияның қиыр солтүстігінде бір шаруа өмір сүріпті. Оның тау бөктерінде жайылымы бар екен. Сол жайылымда пішен сақтайтын қорасы болыпты. Бірақ соңғы жылдары қораға жинаған пішеннен береке кетеді. Әулие Джон мерекесі қарсаңында белгісіз бір мақұлық пішенді жеп кетіп жүреді. Шаруа пішенінен бір айырылады, екі айырылады, ақырында мезі болып, ұрыны ұстаудың амалын ойлай бастайды.

Жаз бойы маңдай терін төгіп жинаған мал азығын қараптан-қарап отырып ұрлатқанына іші удай ашыған шаруа үш ұлын шақырып алып: «Әулие Джон мерекесі қарсаңында біреуің қораға қоныңдар. Түнімен көз ілмей, жан-жақты жіті бақылаңдар» деп тапсырады. Қораны күзетуге тілек білдіріп, шаруаның үлкен ұлы суырылып алға шығады. Іңір түсе бере ол тау жаққа жол тартады. Әйтсе де, қораға жетісімен бірден ұйқыға кетеді. Түн ортасында қорада бірдеңе тарсылдап-гүрсілдеп, белгісіз біреу жиналған шөптің бәрін жеп кетеді. Таңертең оянған жігіт ұрыны іздеп аяғынан таусылады, бірақ таппайды. Сөйтіп, мал сол жылы азықсыз қалады.

Келесі жылы Әулие Джон мерекесінің қарсаңында қораны күзетуге шаруаның ортаншы баласы кетеді. Ол да ағасы сияқты келе сала ұйықтап қалады. Түн ортасында бірдеңе тарсылдапгүрсілдеп, жер сілкінгендей болады. Ұйқысынан шошып оянған жігіт атып тұрып, алды-артына қарамай, ауылына қарай зыта жөнеледі. Қораны күзету кезегі кенже ұл – Күлжігітке келіп жетеді. Күлжігіт жолға дайындалып жатқанда екі ағасы оны келемеждеп: «Сен нағыз қора күзетуге жаралған баласың ғой. Күні бойы күл-қоқыстың арасында жүріп, жөні түзу кәсіп те игермеп едің» деп мазақ қылады. Күлжігіт ағаларының сөзін көңіліне алмай, қас қарая бастағанда тау жаққа бет алады.

Шыны таудағы патша – Принцесса на стеклянной горе

Жайылымға жетіп, қораға кіреді. Сол кезде жер қақ жарылып, қорадағы жиналып тұрған пішен шашылып қалады. Тарсыл-гүрсіл басылып, қайтадан тыныштық орнағанда қораның сыртынан шөп жеп тұрған аттың дыбысы естілгендей болады. Күлжігіт ашық тұрған есіктен сығалайды. Қораның алдында ер-тұрманы сай, сарбазға керекті барлық қару-жарақ асынған ақбозат тұр екен. Күлжігіт аттың үстіне қарғып мініп, жануарды жайылымнан жыраққа апарып байлап қояды. Үйіне оралғанда ағалары күзеттің қалай өткені жайлы сұрайды.

«Қораны таң атқанша күзеттім, бірақ ештеңе көрмедім, ештеңе естімедім» дейді Күлжігіт. Ағайындылар қораны тексеруге келеді: жиналған пішеннің шашауы шықпай бұрынғы қалпында тұр екен. Келесі Әулие Джон мерекесінде де қорадағы күзет тура былтырғыдай өтеді. Төңірек салдыр-күлдір етіп, жер сілкінеді. Бірер сәттен соң жер тағы екі рет сілкінеді. Бірақ бұл жолы ылтырғымен салыстырғанда анағұрлым қатты сілкініс болады.

Көп кешікпей айнала тым-тырыс бола қалады. Күлжігіт қора маңындағы көгорайға жайылып тұрған атты тағы көреді. Бала атқа қарғып мініп, былтырғы атты қалдырған жерге апарып байлайды да, үйіне қайтады. « Иә, бұл жолы не көріп келдің, бізге жасырмай айтып берерсің» дейді үлкен ағасы. «Жарайды» дейді Күлжігіт. Ағайындылар қораға барса, жиналған пішен мұрты бұзылмай бұрынғы қалпында тұр. Екі жігіт інілерінің бұл ерлігін де елеусіз қалдырып тарқасады. Әулие Джон мерекесі үшінші рет келгенде екі үлкен ұл қораны күзетуге барудан бас тартады.

Өйткені олар жүректері шайлығып, қорқып қалған еді. Күлжігіт ештеңеден тайсалмай, «Мен барайын» деп алға шығады. Бұдан бұрын болған екі жайт тағы қайталанады. Жігіт қораның есігінен сығалап қараса, сарбаздың алтындалған қару-жарағын арқалаған алтын ер-тұрманды әдемі ақбозат көгорайға жайылып тұр екен. Күлжігіт атқа қарғып мініп, жануарды қорадан әрірек апарып байлап келеді. Үйіне оралғанда ағалары оны тағы мазақ қып, қылжақ тайды. «Шөп-шаламды қарауылдауға бүгін түні де бар жаныңды салған бо ларсың? Көрер таңды көз ілмей қарсы алғаның түріңнен білініп тұр» деп күледі олар. Күлжігіт ағаларының сөзін көңіліне алмай, үндемей қоя салады.

Тау бөктеріндегі жайылымға барса, жиналған пішен бұрынғы қалпында мұрты бұзылмай тұр екен. Осы кезде Норвегия патшасының қызы шыны таудың басына шығып отырып алады. Тау өте биік және жалтыраған көк мұздай тайғанақ екен. Ханша қолына үш алтын алма ұстап отырады. «Кімде-кім осы таудың басына шығып, менің қолымдағы үш алтын алманы алса, мен соған тұрмысқа шығамын және патшалықтың жартысын сол жігітке сыйлаймын» деп жариялайды ханша. Шыны тауға шығуға талаптанған жігіттер Норвегияға әлемнің түкпір-түкпірінен келеді.

Олардың бәрі әдемі киімдері күн сәулесіне шағылысқан, кілең ойнақшыған арғымақ пен сәйгүлік мінген жігіттің сұлтандары еді. Бәрі өздерінің шыны тауға шығып, ханшаның қолынан алтын алма алатындарына сенімді. Белгіленген күні шыны таудың басында отырған ханшаның жүрегін кім жеңіп алатынын көруге халық жан-жақтан ағылып келеді. Үйдің ең лас жұмыстарын атқарып, үнемі күл-қоқыстың арасында жүретін Күлжігіттің үсті-басы кір-қожалақ болған дықтан, «Сен бізбен бірге бармай-ақ қой, сенің кесіріңнен жұрт бізге күліп жүрер» дейді ағалары. «Жарайды, олай болса жалғыз өзім барайын» дейді Күлжігіт ішінен.

Ағайынды екі жігіт келгенде ханзадалар мен нояндар тау басына шығуға талаптанып жатыр екен. Аттарының аузы ақ көбіктеніп, өздері қара терге түсуде. Бірақ босқа арамтер болып, ешқайсысы шыға алмайды. Аттар тауға қарай аяқ басуы мұң екен, төмен қарай қайта сырғиды. Ешбір ат екі метрден артық биікке шыға алмайды. Таудың беткейі әйнектей тегіс, үйдің қабырғасындай тік екен. Бағын сынауға келгендер біраз жерге дейін өрмелеп шығады да, тайғанап құлай береді. Осы көрін іс қайта-қайта қайталанады. Ақырында аттар дың бәрі қалжырап, ауыздарынан ақ көбік ағып, қозғалуға шамалары келмей қалады. Олардың қожайындары да талаптанула рын доғарады.

Бір кезде, тауға бұрын-соңды ешкім көрмеген әдемі ақбозатқа мінген жез сауытты сарбаз келеді. Ол тау биіктігінің үштен бір бөлігіне көтеріледі де, кері бұрылады. Жігіттің сымбат, салт анатына тәнті болған ханша қолындағы алманың біреуін жігітке қарай лақт ырып жібереді. Алма жігіттің еті гінің ішіне топ етіп түседі. Жіг іт сонда да кері бұрылмай, таудан тез түсіп, кетіп қалады.

Патша кешке бақ сынауға келген барлық бекзадалар мен сарбаздарды шақырып, келесі күні тағы да шыны тауға шығып көрулерін бұйырады. Ертесіне жігіттердің бәрі тау басына шығуға тағы талаптанады. Әйтсе де ешкім мақсатына жете алмайды. Аттарын әбден болдыртып, өздері де шаршап, шыны тауға шығудың мүмкін емес екендігіне көздері жетеді.

Патша жігіттер бақтарын тағы бір сынап көрсін деп, сайыстың үшінші күнге созылуын бұйырады. Оның ойы нан қызы бірінші күні алма лақтырған жез сауытты сарбаз кетпей қояды. Патшаның жүрегі сол жігітке бұрып, «Уақытты соза түссем, бәлкім, тағы бір рет келіп қалар» деп үміт тенеді. Бірақ жез сауытты сарбаз үшінші күні де қайтып келмейді. Дегенмен, бұл жолы, кенеттен, алтын сауыт киген ақбозатты сарбаз шауып келеді де, биік шыны тауды бұйым құрлы көрмей, бірден басына шығып кетеді. Ханша «а» деп аузын ашқанша, оның қолындағы алмаларды алады да, шауып төменге түсіп, зым-зия жоқ болады.

Ағайынды екі жігіт үйлеріне келіп, әкелеріне алтын сауыт киген сарбаз туралы айтып береді. «Неткен жүректі, көркем сарбаз! Жер бетінде одан сымбатты ешкім жоқ шығар» дейді ағайындылар. «Ол сарбазды мен де көрсем ғой!» деп армандайды Күлжігіт. «Ол сен жағатын оттың шоғын дай жайнап тұр. Күлдің арасында жылтылдаған ұшқынды әдемі қызыл шоқ жатады ғой, тура сол сияқты» дейді ағалары оған.

Ертесіне Күлжігіт патша сарайына барады. Патша оған «Алтын алмаларды көрсет» дейді. Күлжігіт қалтасынан үш алманы алып шығады. «Жарайды, уәдем – уәде, саған қызымды бердім. Және патшалықтың жартысына ие боласың» дейді патша. Көп кешікпей ұлан-асыр той болып, Күлжігіт корольдің қызына үйленеді. Қазына-байлықтың жартысына ие болады. Сөйтіп, еңбекқорлығының арқасында қарапайым шаруаның баласы ханзадалық дәрежеге қол жеткізген екен.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector