Жұмбақтар — загадки на казахском языке. Үй малы — Домашний скот

Загадки на казахском языке про домашний скот

Загадки на казахском языке про домашний скот

Загадки на казахском языке про домашний скот

Таптым-таптым, тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.
/Түйе/
Маң-маң басып келеді,
Тапырақтап желеді.
Мойны ұзын, үсті тау,
Ертеден елге бел еді.
/Түйе/
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,
Бұл не,өзің тауып ал?
/Түйе/
Даусы қоңыр, үні мұң,
Тесіп қойған мұрынын.
/Түйе/
Дүниеде ақас бар бек жайлаған,
Жанына адам барса ойбайлаған.
Ақастың адам білер мінезі бар,
Мінгесіп екі бала той тойлаған.
/Түйе және оның өркеші/
Бір тақыт бар дүниеде әркім білер,
Ол тақыт қымбат емес, әркім мінер.
Мінерінде төмендеп келеді екен,
Мінгеннен соң жоғары көтерілер.
/Түйе, оған мінген адам/
Дүбір-дүбір төртеу,
Есенгелді екеу.
Жағалбайлы жалғыз,
Оның таңы қарбыз.
/Түйенің аяғы, екі құлағы, құйыршығы/
Төрт кісі төсек сал дейді,
Екі кісі қарауыл қарайды,
Үлкен әйел есік аш дейді,
Кіші әйел төмпештейді.
/Түйе, төрт аяғы, екі өркеші, түйенің құмалақ тастағаны/
Төсек астында төрт күлше.
/Түйенің төрт табаны/
Таудан тас домалайды,
Тас бұршақтай сабалайды.
/Түйенің құмалағы/
Жоғарыдан көп тас домалайды,
Кезектесіп бірін-бірі қуалайды.
/Түйенің құмалағы/
Шашылды маржан,
Бағасы арзан.
/Құмалақ/
Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз.
/Түйенің шудасы, мойны, көздері/
Мамам маң басып барады,
Күлшесі қалып барады.
/Түйенің ізі/
Екі төлдің атынан
Бір төлдің аты шығады.
/Тайлақ/
Түбірлі төртеу,
Түймемен бесеу,
Ерубай екеу,
Мамық жалғыз.
/Жылқы/

Үй жануарлары туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар

Үй жануарлары туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар

Қоян жақты, тақыр жонды,
Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды.
Салпы ерін, өзі жүйрік,
Кең омырау, жуан құйрық.
/Ат/
Төрт түп тұт мәуітімен кесіледі,
Үстіне мінген адам есіреді.
Құрдасым, тапқын мұны ойлы көзбен,
Ойласаң тереңірек шешіледі.
/Ат/
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Қлінді екі аяғым байлаулыға.
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.
/Мінген ат/
Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.
/Аттың екі құлағы мен төрт аяғы/
Ана таумен мына тау соғысып келеді.
/Аттың төрт тұяғы/
Кішкене ғана тостаған,
Көтеріп қана тастаған.
/Аттың тұяғы/
Алды қияқ, арты шалғай.
/Аттың жалы/
Ұштым, ұжмаққа шықтым,
Тептім, терекке шықтым.
/Атқа міну/
Қарасам, қайдан келдің,
Малы қара сайдан келдің.
/Аттың тезегі/
Кекендеткен несі екен,
Келіп салған несі екен?
Сорпылдатқан несі екен,
Сорқылдатқан несі екен,
Суырып алған несі екен,
Суы тамған несі екен?
/Желідегі биені емген құлын/
Төртеу келеді,
Төртеу асылып тұрады,
Екеу жол көрсетеді,
Екеу иттен сақтайды,
Енді біреу артында асылып тұрады.
/Сиыр/
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жаптырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
/Сиыр/
Бүкір ағашқа қар жұқпас.
/Сиырдың мүйізі/
Ел жатса да енекем жатпайды.
/Сиырдың мүйізі/
Төсек астында төрт бауырсақ.
/Сиырдың желіні/
Төрт туысқан бір шұңқырға құяды.
/Сиырдың емшегі/
Арқасы бар, аунамайды,
Аузы бар, күйсемейді.
/Сиыр мен ат/
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
/Қой/
Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.
/Қой/
Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,
Түймесі бар ілгектен.
/Қой, ешкі/
Шапаным да, тоным да,
Арқаның жүр жонында.
Атам соның соңында,
Таяғы бар қолында.
/Қой, қойшы/
Ашылмаған сандықта,
Пішілмеген құндыз бар.
/Қозы/
Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.
/Ешкі/
Асты пышақ, үсті істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.
/Ешкі/
Төрт аяғы бар,
Басында екі таяғы бар,
Иегінде екі сақалы бар.
/Ешкі/
Сақалы бар,
Санасы жоқ.
/Ешкі/
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector