Бәйшешек — Әдібай Табылдиев Опубликовано: 11.02.2018Рубрика: Стихотворения на казахском Еріді де соңғы қар, Өзен тасып, су ақты. Ойпаңдағы омбы қар Қыс белгісі сияқты. Көктем лебі тұр есіп, Жапты жаңа гүл қырды: Қар астынан дүр өсіп, Бәйшешектер құлпырды. Тұңғыш гүлін көктемнің Аялап тұр көктен күн.