Қос кептер — Қалижан Бекқожин

Қос кептер - Қалижан Бекқожин

Қос кептер - Қалижан Бекқожин

Қос кептер күнде қонады,
Ауламды менің кең көріп.
Бағымның солар қонағы,
Сыйлаймын ылғи жем беріп.Екеуі қандай әдемі,
Жем тереді жарасып.
Қандай және әдебі,
Көрген жоқ бір де таласып.

Қандай тату екеуі,
Достық деген осы да!
Күн-түні бір мекені,
Көкке ұшады қосыла.

Айтқаны әлде өлең бе,
Үндеседі сұңқылдап,
Құс тілін білсем егер де,
Мәз болар ем сыр тыңдап.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector