| Баланың Күнге берген жауабы: Терезеден күн түсті, Деді былай балаға: «Жүр, ойнайық, іш пысты, Шықпаймысың, далаға?» «Мазалама, жарық күн, Дей аямаймын жалықтым. Ынта ауған сабаққа, Ойынға жоқ уақытым». | |
| Жазу жазды телміріп, Қараған жоқ бас бұрып. Бұтақтағы жас құстар Шақырды оны ысқырып: «Сабағыңды таста да, Кел, ей бала, бақшаға!» Баланың Құсқа берген жауабы: «Шақырма мені, жыршы құс, Отырмын үйде қылып іс. Оқуды жақсы бітірсем, Ойнармын сонда жазы, қыс». Қызыл шие шақырып. Деді: «Ойнайық, жарқыным! Жеміс берем қып-қызыл, Пісіп жеткен осы жыл. Басқа бала жеп жатыр, Келмесең, енді өзің біл». Баланың Шиеге берген жауабы: «Айналдырма, әй, шие, Көріп тұрсың сен міне: Ойнауға ешбір уақыт жоқ, Істе керек бір жүйе». Оқыды ол сабақ, ойланып, Кітаптан мәнді сөз танып. | |
Понравилась статья? Поделиться с друзьями: