Етік киген мысық — Кот в сапогах — Шарль Перро

Етік киген мысық - Кот в сапогах - Шарль Перро

Бұл – ертеде болған оқиға. Бір диірменшінің үш ұлы бар екен. Диірменші өмірден өтерінде бар жиған-терген дүниесін – диірменін, есегін және мысығын үш ұлына мұра етіп қалдырыпты. Ағайынды үшеу мұраны өзара бөліскенде, үлкен ұлына диірмен, екінші ұлына есек, кенже ұлына мысық тиесілі болыпты.

Бірақ кенже ұл ағаларының шешіміне ренжіп:
– Ағаларым бірі ұн тартып, бірі жүк тасып күндерін көреді, ал мен не істеймін? Мысықтың еті де, терісі де пайдаға аспайды, – деп қынжылады. Иесінің сөзін естіген Мысық:
– Өкінбе, қожайын. Маған бір қап бер және саптама етік жасат. Етікті киіп, қапты арқалап, көп олжа әкеліп тұрамын. Ағаларыңа ренішің басылып, менің пайдалы екеніме көзің жетеді, – дейді. Жігіт оның бұл сөзіне сенер-сенбесін білмей тұрып қалады. Ол Мысықтың қулық істерін талай байқаған. Сондықтан одан ешқандай жақ сы лық күтпеген еді. Бірақ, басқа амал жоқ.

Етік киген мысық - Кот в сапогах - Шарль Перро

Жігіт Мысықтың айтқанына көнеді. Сұра ға нын сатып әпереді. Мысық етікті киіп, қапты арқалап, орманға кетеді. Қап ішіне бірнеше сәбіз, жапырақтар салып, аузын ашып қояды. Өзі үлкен ағаштың та сасына тығылып, сол жерде аңдып отырады. Кенет бір қоян жүгіріп келеді. Ол сәбізді жемекші болып, қаптың ішіне кіріп кетеді. Мысық лезде қаптың жібін тарта қояды. Енді Мысық қоянды арқалап, патша сарайына қарай аттанады. Патшаның алдына келіп, иіліп сәлем береді де:

– Ұлы мәртебелім, менің қожайыным маркиз де Карабас өз орманындағы мына қоянды сізге сыйға тартуымды өтінді, қабыл алыңыз, – дейді.
– Қожайыныңа алғысымды айта бар, – деп патша ризашылығын білдіреді. Мысық келесі күні жазық далаға барып, қаптың аузын ашып қойып, өзі тағы да тығылып қалады. Бұл жолы қапқа екі құр түседі. Ол бұл олжасын да патшаға апарып береді. Патша ризашылығын білдіреді. Асханаға кіріп, тамақтануына рұқсат етеді.

Сөйтіп, Мысық үш ай бойы патшаның түс-тігі не «қожайын бе ріп жіберді» деп үйрек, тауық, қоянд ар әкеліп тұр ад ы. Асханағ а еркін кіріп, патша асынан өзі де дәм татып, қожайынына да тасып, күндерін кө ре ді. Бірде Мысық патшаның қызымен бірге өзен жағасын бойлай серуендеп келмекші болғанын біледі. Дереу қожайынына келіп:
– Менің берген кеңесіме құлақ түрсең, біздің басымызға бақ қонады, – деп, оны өзен жағасына ертіп келеді. – Бүгіннен бастап сен маркиз де Карабас боласың. Қазір мына өзенге түсіп, шомыл. Қалғанын өзім тындырамын, – дейді.

Етік киген мысық - Кот в сапогах - Шарль Перро

Жігіт мысығының айтқанын орындап, суға түседі. Ол шомылып жүрген кезде Мысық қожайынының киімдерін бір тастың астына тығып тастайды. Патша күй месі жандарына жа қындап қалды-ау деген шақта Мысық се кіріп, ары-бері жүг і ріп, бар даусымен:
– Көмектесіңдер! Маркиз де Карабас суға батып барады! – деп айқайлайды. Байбалам салған қалпы патша мен қызы отырған күймеге қарай жүгіреді. Күйме тоқтайды. Патша Мысықты бірден таниды. Одан:

– Не боп қалды? – деп сұрайды. – Маркиз де Карабасты қарақшылар тонап, өзін өзенге лақтырып кетті, – дейді Мысық. Патша дереу көмекке нөкерлерін жібереді. Ең әдемі киім алдырып, жігітті киіндіреді.
Патша киімі жас жігітке жараса кетеді. Сұлу жігітке патшаның қызы ғашық болып қалады. Патша да жас жігітті жылы қабылдап, бірге серуендеуге шақырады. Мысық өз ойының жүзеге асқанына қуанып, күйменің алдына түсіп жүгіре жөнеледі.

Ол жолда бір топ шөп орып жүрген шаруаларды көреді. – Ей, мейірімді адамдар, егер сендер патшаға «Мына шабындық маркиз де Карабаст ікі» деп айтпасаңдар, ол сендердің бастарыңды алады! – дейді оларға, сөйтіп әрі қарай жүгіреді. Мысықтың артынша шөп орып жүргендердің жанына патша күймесі де келіп жетеді. Патша күйменің терезесінен шаруалардан:
– Сендер кімнің шөбін шауып жүрсіңдер? – деп сұрайды.

Етік киген мысық - Кот в сапогах - Шарль Перро
Шаруалар:
– Маркиз де Карабастың шөбін шауып жүрміз, – деп бір ауыздан жауап береді.
– Маркиз, сіздің шалғындық жеріңіз әдемі екен, – дейді патша.
– Иә, бұл жердің шөбі шүйгін, – деп қостайды жігіт. Бұл кезде Мысық егін орып жүрген бір топ адамның қасына жеткен еді. Ол егіншілерге:

– Ей, қайырымды жандар, сендер патшаға «Мына егістік маркиз де Карабастікі» деп айтпасаңдар, бас тарың нан айырыласыңдар! – деп айқайлап, әрі қарай жүгіріп кетеді. Сәл уақыт өткен соң егістікке патшаның күймесі келіп тоқтайды. Патша кімнің егістігі екенін білгісі келіп сұрайды. Егіншілер қорыққандарынан:
– Маркиз де Карабастың егістігі, – деп жауап береді. Патша жігітке тағы да өз қызығушылығын білдіреді. Мысық болса, жолында кездескен үлкен әдемі үйді де, диірмен мен бақты да, сол жердегі адамдарды қорқытып, «Маркиз де Карабастікі» деп айтуға мәжбүр етеді. Патша жас жігіттің байлығына тамсанып, риза болады.

Жүгіре-жүгіре Мысық зәулім сарайға келіп жетеді. Сарайдың иесі өте бай әрі қатігез, адамжегіш сиқыршы болатын. Жол-жөнекей кездескен шалғындық жер де, егістік те, бақ та, диірмен де, үй де сонікі екен. Мұның бәрін Мысық алдын-ала біліп алған. Сиқыршы жігіттің өте мақтаншақ екені тура лы да хабардар еді. Айлакер Мысық сиқыршының алдына келіп, оны жатып кеп мақтайды. Содан кейін:

– Жұрт сізді «Кез келген үлкен жануардың кейпіне ене алады» дейді. Сол рас па? Мысалы, осы отырғанда арыстанға айнала аласыз ба? – деп сұрайды.
– Иә! Мен әртүрлі жануарға айнала аламын, – деп сиқыршы ақырған арыстанға айналады. Мысық қорыққанынан шатырдың үстіне шығып кетеді. Сиқыршы қайтадан бұрынғы қалпына келгенде, Мысық шатырдан түсіп:
– Неткен қасиет! Ал енді жұрттағы да сізді «Кез келген кішкентай жануар дың кейпіне де ене алады» дейді. Мысалы, кіп-кішкентай тышқанға айналу оп-оңай болар? – деп қолпаштайды. – Мен үшін мүмкін емес нәрсе жоқ, – деп сиқыршы кішкентай тышқанға айналады.

Сол кезде Мысық тышқанды бас салып жеп қояды. Осылай Мысық айласын асырып, сиқыршы ның көзін құртады. Енді ол патша күймесі келгенше қонақтарды дұрыстып күтіп алу үшін сарайды дайындайды. Біраздан кейін зәулім сарайдың алдына күйме келіп тоқтайды. Патша, ханша, жігіт үшеуі сарайға кіреді. Кіреберісте оларды Мысық қарсы алады. Ол патшаға:

– Маркиз де Карабастың сарайына қош келдіңіз, ұлы мәртебелім, – деп бас иеді. – Бұл да сіздің сарайыңыз ба? – дейді патша жігітке таңданысын жасыра алмай. Бірақ жауабын күтпестен ішке қарай өтеді. Жігіт ханшаға қолын беріп, патшаның артынан ілеседі. Сарайды тұтас аралап болған патша жігітке:

– Маркиз де Карабас, сіздің байлығыңызға, зәулім сарайыңызға тәнті болдым. Көптен бері қызымның теңін таппай жүр едім. Егер қызыма үйленуді қаласаңыз, мен қарсы болмаймын, – дейді. Жігіт қуана келіседі. Патшаға өз алғысын білдіреді. Біраз күн өткен соң жас жігіт ханшаға үйленіп, хан сарайында үлкен той болады. Ал етік киген Мысық зәулім сарайда шал қып өмір сүреді. Ол тышқанды тек өзіне ләззат алу үшін ғана сирек аулайды.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.