| Ал санайық санамақ, Саусақтарға қарап ап Кәне, кәне, санайық, Санын біліп алайық? Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу. Қолымда сонда саусағым нешеу? Мынау, мынау Басбармақ, Санамақ содан басталмақ. Мүйіз қалпақ басында, Төрт серігі қасында. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу. Қолымда сонда саусағым нешеу? Қутыңдаған Сүк қолым, Ебетейлі, мықты оным. Бармақты басты тіреп, Өзінің ісін біледі! Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу. Қолымда сонда саусағым нешеу? Мынау, мынау Ортанқол. Кішілерге қамқор қол. Төртеуінің ағасы, Білектің үлкен баласы. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу. Қолымда сонда саусағым нешеу? «Бәрін тегіс мақтап бол», Деп тұрсың ғой, Атжоқ қол Орайласым – ортаншым. Елгезексің жортасың. Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу Қолымда сонда саусағым нешеу? Саусақтар күшін сынасақ, Ойнақы, епті Шынашақ. Еркелеп өскен кенжесі, Қамқоршы оған өзгесі. Қолымда сонда саусағым нешеу? Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу. | |