Бұлт — Қадыр Мырзалиев Опубликовано: 14.02.2018Рубрика: Стихотворения на казахском Жалбыр-жалбыр жүні ұзын Жабағыдай, Көшпелі бұлт көк жүзін Жабады ұдай. Тұрамыз. Кетеді деп Бір селдетіп, Қаламыз, Өтеді тек Құр желдетіп. Шөлдеткенде алтын күн Егістікті, Жауа алмаған бұлтыңның Несі мықты?