| Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ. Жел соқса, құйын қуса жылжи беру Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ. Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік, Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік. Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз, Алалық алты бақан дертпен кірдік. Бейне бір құдіретті сынағандай, «Сақтар деп, сақтар болса» – сертпен жүрдік. Жат жақты Жаратқанға күзеттіріп, Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік. Білдірдік елдің сырын, ердің құнын, Елеріп ерегіске екі-үш күндік. Кіреді тентек есі түстен кейін, Мүшкілін халіміздің жаңа білдік. Әлі де, саңылаусыз салтын бағып, Түрі жоқ іс айтатын пәлен дерлік. «Ұлы той көппен көрген жалғыз мен бе? – Деп отыр, – не болса да жұртпен көрдік». | |
Понравилась статья? Поделиться с друзьями: