Аяулы әнім — мектебім — балалар әндері

Аяулы әнім — мектебім - балалар әндері

Аяулы әнім — мектебім - балалар әндері
Сөзі: Ә. Аймақтікі
Әні: С. Сапарәлиевтікі

Мейірімді шапағатын тербеткен,
Арманға асқар құлашымды серметкен.
Мен бақытты балдырғаның саяңда,
Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен.

Қайырмасы:

Аяулы әнім — мектебім,
Шуағыңда көктедім.
Жүрсем-дағы қай жерде
Киялымнан кетпедің.
Сағыныштың сезімдерін шайқап ән,
Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.
Әліппені жаттатқызған,ұстазым,
Сенің ізгі көңіліңнен жай табам.

Қайырмасы:

Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,
Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.
Саған деген махаббатым – әнімді
Асқақтата шырқай салып жүремін.

Кайырмасы:

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector