Алфавитпен айтайық — Әбдірахман Асылбеков, Ұлықман Асылов

Алфавитпен айтайық - Әбдірахман Асылбеков, Ұлықман Асылов

Алфавитпен айтайық - Әбдірахман Асылбеков, Ұлықман Асылов

А
Алфавитпен аттайық,
Айтқан тілді ал, күнім.
Алдыменен жаттайық
Аңдап жүру тәртібін.
Ә
Әдемі сен баласын, –
Әдептілік сақтайсың.
Әр көшенің арасын
Әсем жүріп аттайсың.
Б
Барғын мейлі базарға,
Барғын мейлі мектепке,
Бар көлікті ал назарға,
Бұра тартып, шет кетпе.
В
Велосипед мініп ап,
Вираж жасау қауіпті.
«Волгаға» мін бір уақ,
«Волга» басар зауықты.
Г
Гуілдейді машина,
Гулей есіп жолменен.
Гулеме сен асыға,
Гулесе де ол деген.
Ғ
Ғаламат қой жол деген,
Ғылым – бүкіл тәртібі.
Ғарышта да ол деген
Ғажап досын, әр күні.
Д
Дұрыс жүргін көшеде,
Дедектеме, абайла.
Дауа ғой не десе де,
Дәл айтады ағайлар.
Е
Егер бола қоймаса
Ешбір белгі бұрышта,
Ересекпен қолдаса,
Еріп өткен дұрыс та.
Ж
Жасыл сәуле жанғанда.
Жол ашық деп біле бер.
Жасқанба да алданба,
Жайраң қағып жүре бер.
З
Зердеңе сен құйып ал,
Зыр жүгірмей дәл бас та.
Зерек болсаң миы бар,
Зор көлікке жармаспа.
И
«Икарусқа» мінесің,
Инабатты баласың.
Именбестен жүресің,
Игі іске барасың.
К
Конькиде әсте қызық көп,
Конькиді теп ойлана.
Кейде тәртіп бұзып тек,
Көше үстінде ойнама.
Қ
Қиылысқа келгенде,
Қалма бекер оқталып.
Қызыл шамды көргенде,
Қарайлай тұр тоқталып.
Л
Лайықсыз десе де,
Ләңгі, рас, жаман-ау.
Ләңгі теуіп көшеде,
Лағып кетпе, балам-ау.
М
Мұздақ аса қауіпті,
Маңайларсың сақтанып.
Мақұлдап бос сауықты,
Масайрама мақтанып.
Н
Нағыз мықты баласың,
Нағыз құнтты баласың:
Нанға өзің барасың,
Нанды өзің аласың.
О
Ортасында көшенің
«О»-ға ұқсас орын бар.
Онда тұрсаң төзе біл,
Ойнамайтын болыңдар.
Ө
Өлеңдетіп өтем деп,
Өзіңді-өзің ұмытпа.
Өте бермей секеңдеп,
Өтер жерді құнытта.
П
Поезд жолдан өтерде,
Поезды күт, асықпа.
Пысықсынба бекерге,
Поезд тұр деп қашықта.
Р
Реттеуші қолдарын
Ретімен қозғайды.
Реттейді ол бәрін,
Ретсіз қол созбайды.
С
Светофор – сенімді
Сүйенішің, серігің.
Сүйсең жүрген жеріңді,
Сыйламайды сені кім?
Т
Троллейбус, трамвай
Түзу жолмен жүреді.
Тәртібін ел ұға алмай,
Түсіп қалай мінеді?
Ұ
Ұ зын көше жол деген,
Ұстай білгін сырды ұқ та.
Ұшқалаң боп сен деген
Ұрынбағын қырсыққа.
Ү
Үйден шықсаң көшеге,
Үнемі сен есіңе ал:
Үлкендер не десе де,
Үйрене бер, несі бар.
Ф
Фургон жүрген жерде сен
Футбол ойнын қой, бала.
Футболды жақсы көрмесең,
Футболды еш ойнама.
Х
Хоккей ойны дегенде,
Халық қарап қалмайды.
Хабар жетсе егер де,
Халық жолды аңдайды.
Ш
Шартарапта, шет елде
Шақ ереже баршаға.
Шындап белді бекемде,
Шалдықпа да шаршама.
Э
Экспресс тез жетпек,
Элеватор тұр биік.
Экспресс, тез жет деп,
Электр тұр нұр құйып.
Ю
Юра ағай жердегі
Ережемен танысты.
Содан кейін ерледі,
Шарлап шығып ғарышты.
Я
Я, достар, көшенің
Ережесін білмесең,
Теріс шығып есебің,
Таяқ жейсің күнде сен.
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.