Ертегі — Маугли (сказка на казахском языке)

Ертеде Джунглидің Сиони жотасын қасқырлар үйірі мекен етіпті. Ол кезде Джунглидегі барлық жан-жануар бір-бірі мен тату-тәтті өмір сүрген екен. Олар тек Шерхан атты жол барыстан ғана қорқыпты. Бірде Шерхан орманға жақын маңдағы бір ауылға шабуыл жасамақ болады. Бірақ жолбарыстың бұл әрекеті жүзеге аспай қалады. Ол ауыл тұрғындарының лаулаған отынан қорқып, кейін шегінеді.Бір ұрғашы қасқыр Шерханның адам етін жегісі келіп, сілекейі шұбырып, ауыл маңын кезіп жүргенін жақсы білетін.

Ертегі - Маугли (сказка на казахском языке)

Бір күні ол шөп арасынан шыққан бір дыбысты құлағы шалады. Жақындап келсе, жерде бір сәби жылап жатыр екен. Ұрғашы қасқыр кішкентай нәресте ні апанына алып келіп, өзінің бөлтіріктерінің арасына қосып жібереді. Сәби жаңа ортаға тез бейімделе бастайды. Қатыгез Шерхан көп ұзамай қасқырлардың апанында адам баласының өмір сүріп жатқанын сезіп қояды. Ол балақайды тартып алмақ болып, бірнеше рет әрекет жасайды.

Бірақ сәбиді қолына түсіре алмайды. Ұрғашы қасқыр баланы жауыз Шерханнан қор ғаштап жүреді. Ашуға булыққан жолбарыс «қайткен күнде де осы баланы жеймін» деп өз-өзіне серт береді.Ұрғашы қасқыр балаға Маугли деп ат қояды. Сөйтіп, сәби қасқырлардың ортасында өсіп жатады. Бір күні оны қасқырлар үйірінің басшысы Акелаға алып келеді.Джунглидің бұлжымайтын өз заңы бар. Осы заң бойынша Шерхан Акелаға тиесілі жердегі жануарларға тиісе алмайтын.

Ертегі - Маугли (сказка на казахском языке)

Сондықтан қасқырлар Мауглидің тағдырына байланысты кеңес өткізіп, Акела оны Джунглиде қалдыру не қалдырмау жөнінде шешім қабылдауы керек болды. Егер Акела баланы қасқырлар үйіріне қабылдаса, Маугли Шерханның тұзағынан құтылар еді.Жиынды Акеланың өзі бастайды. Ол Мауглиге қатысты өз ойын ортаға салады. Адам баласының жануарлар әлеміне бейімделуіне күмән келтіретіндігін ашық айтады.

Кеңеске Джунглидегі барлық жануарлар қатысқан еді. Олардың кейбірі Мауглидің осында қалуына қарсы болса, қалғандары өздерінің тілектестігін білдіреді. Сол кезде Балу есімді аю мен Багира есімді қабылан Мауглиді жақтайды.Олар баланы Джунгли заңына үйретуді өз міндеттеріне алады. Багира, тіпті, Мауглиді қасқырлар үйіріне қабылдаса, бір бұқаны алып келеті нін айтып, сөз береді. Сөйтіп, Маугли үйірге қабылданады. Оны тәрбиелеу Балу мен Багираға жүктеледі. Жиналғандардың көпшілігі бұл шешімді қуана қарсы алады. Әрине, тек Шерхан ғана риза бола қоймаған еді.

Ертегі - Маугли (сказка на казахском языке)

Сол күннен бастап, Балу мен Багира Мауглидің ұстазына айналады. Олар балаға аң аулауды, жауынан қорғануды, тіпті, жануарлар тілін де үйрете бастайды. Маугли ертелі-кеш орманды аралап ойнағанды ұнататын. Сондықтан достары – Балу мен Багира оған Шерхан мен маймылдардан сақ болуын үнемі ескертіп отыратын. Бірақ, ширақ әрі күшті болып өскен Маугли достарының сөзіне аса мән бермейді. Мауглидің кейбір қылықтары маймылдарға қатты ұқсайтын. Сондықтан болар, маймылдар оны бауырларындай көріп, басқан ізін аңдып жүретін.Бір күні маймылдар жалғыз жүрген Мауглиді ұрлап кетеді.

Баланы өздерінің мекен-жайына әкеліп, сол жерде қалуға көндірмек болады. Алайда қасқырлармен бірге тұрып үйренген Маугли өз үйіріне барып қосылғысы келеді. Балу мен Багираның ескертпелерін есіне алады.Маугли қашып кетуді ойлайды, бірақ қашып кетсе, маймылдардың өзін тірі қоймасында сезеді. Басқа амал жоқ, оған Балу мен Багираны күтуге тура келеді.Ал Мауглиді майм ылд ардың алып кеткенін білген достары Каа атты жыланға барып, жәр демдесуін өтінеді.

Ертегі - Маугли (сказка на казахском языке)

Барлық жайтқа қаныққан Каа Багира мен Балуға көмектесуге келіседі. Сөйтіп, достары дер кезінде келіп, балақайды маймылдардың тұтқынынан құтқарып алады. Бұл оқиға Маугли үшін естен кетпес үлкен сабақ болады. Бұл уақытта Шерхан басқа қасқырлард ы Акелаға қарсы қою үшінәрекет жасап жатқан. Бірақ қасқырлар оның арбауына көнбейді.Акеланың күші басқа қасқырлардан басым болатын. Тіпті, Шерханның өзіне де төтеп беріп, үнемі олжадан қалдыратын. Соңғы кездері Акела егде тартып, күш-қуатынан айрыла бастайды. Шерхан үшін бұл жақсы мүмкіндік еді. Енді ол Мауглиді өлтірмек болады. Балу мен Багира балаға төніп тұрған қауіпті сезеді.

Шерханның оттан қорқатынын білетін олар, Мауглиге ауылдан барып от алып келуге кеңес береді.Маугли өз бауырларымен, ұстаз-достары Багира және Балумен қоштасып, ауылға қарай бет алады. Сиони жотасын қимай келе жатқан ол, бір кезде шөбі шүйгін шалғында жайылып жүрген сиырларға тап болады. Олардың арасындағы үлкен мүйізді бір бұқа баладан үркіп ке тіп, қаша жөнеледі. Қалған сиырлар соңынан ереді. Топырлаған дыбыс қа ауыл шетіндегі иттердің үрген, шәуілдеген дауыстары қосылады. Мұндайды көріп-естімеген Мауглидің де есі кетіп, басы ауған жаққа жүгіреді. Қашқан бойда ауыл ішінен бірақ шығады.

Ауыл азаматтары өзгелерге ұқсамайтын баланы көріп, таң қалады. Маугли адамдарының тілін білмегендіктен, олармен сөйлесе алмай қатты қиналады. Ол өзінің қарнының аш екенін ыммен әрең түсіндіреді. Артынша Мауглидің қасына қызық құмар әйелдер жиналады. Олардың арасындағы біреуі бұл балақайдың Муссинаның жоғалып кеткен баласынан аумайтынын айтады.Муссина ауылдағы ең беделді адамның әйелі болатын. Баласының табылғаны жөнінде хабарды естіген ол алыпұшып, осында жетеді. Мауглиді көргенде, оның өз баласы екендігіне күмәні болмайды.

Қуанышы қойнына сыймай тебіренген ана баласын құшағына алып, ұзақ жылайды. Содан соң ол Мауглиді ертіп, үйіне келеді. Оған сүт, нан беріп, тамақтандырады. Аш бала ешнәрсені қалдырмай, түгел жеп алады. Сол күннен бастап, Маугли ауыл әйелдерінің сүйіктісіне айналады.Кеш батады. Муссина баласына жатып тынығу керектігін айтады. Маугли адамдардың тіршілігінебей імделгісі келіп қанша тырысқанымен, қасқырлардан үйренген әдеттерінен арыла алмайды. Есінен бауыр лары, қасқыр анасы, Джунгли бір сәтте кетпейді. Оларды сағынғаны соншалық, түні бойы көз ілмейді.

Сөйтіп, Маугли амалсыз ауылда тұруға мәжбүр болады. Біртіндеп адамдардың тілін үйренеді, олар дың тұрмысына да көндіге бастайды. Маугли досы – сұр қасқырдың күнде кешкісін ауылды жағалап келіп жүргенін байқайды. Бұл оның көңіліне демеу болады.Бірде Муссина:– Балам, сиырларды өріске айдап апарып, жайып келесің бе? – деп сұрайды.Маугли бұл ұсынысқа қуана келіседі. Себебі оның өз есебі бар еді. Жайылымда жүрсе, досымен емін-еркін оңаша кездесуіне мүмкіндік туатынын сезді.

Расында да кешкілік Маугли сиыр бағып жүрген жерге сұр қасқыр келеді. Сағыныса көріскен олар хал-жағдай сұрасады. Сұр қасқыр Мауглиге Шерханның іздеп келе жатқанын айтады. Содан соң екеуі Шерханды қолға түсірудің жоспарын құрады. Әрі Маугли досынан бұл ойлары нан Акеланың хабардар болуын өтінеді. Енді тек оңтайлы сәтті күту ғана қалған еді.

Міне, күткен күнде келіп жетеді. Маугли қасқырларды екіге бөледі. Акела мен сұр қасқыр бастаған топ бір жақта, ал өзі бастаған топ екінші жақта шабуыл жасауға дайындалып, жасырынып жатады. Мауглиді жалғыз деп ойлап келген Шерхан қалай торға түскенін байқамай да қалады. Екі жақтан анталаған қасқырлар оны қоршап алады. Қасқырлардың ашуынан қатты сескенген Шерхан өзін қорғауға мұршасы келмей, Мауглидің қолынан қаза табады.Шерханның көзін жойған Акела мен Маугли бастаған топ өз жеңістеріне масаттанып, шатшадыман қуанышқа бөленеді. Өкінішке қарай, бұл айқасты ауылдың бір тұрғыны көріп қалады. Сөйтіп, ел арасында: «Маугли қасқырлардың ортасында жүр, ол өзі де қасқырға айналып кеткен», – деген өсек тарап кетеді.

Ертегі - Маугли (сказка на казахском языке)

Маугли туралы қауесет күннен-күнге өрши түседі. Тіпті, көршілес ауыл адамдарының да құлағына жетеді. Бұл әңгімеге қатты қызыққан Булдео есімді шал арнайы келіп, Мауглимен жолығысады. Маугли оған қасқырлармен бірге өскенін, Шерхан екеуінің арасында бітіспес кек болғанын түгел айтып береді. Бірақ бұған Булдео сене қоймайды. Ауылына оралған ол Мауглидің адам емес, сиқыршы не сайтан екенін жыр қылып айтады.Осыдан кейін жергілікті тұрғындар балаға күдіктене қарайды.

Осыны сезген Маугли Джунглиге кетуге белін бекем буады. Баласының жұрт қатарлы ауылда тұра алмайтынына анасы Миссураның да көзі жетеді. Сөйтіп, Миссура баласын қимастықпен шығарып салады. Маугли анасына келіп тұруға уәдесін береді. Осылай Маугли өзінің қасқыр енесімен, бауырларымен және достары – Багира, Балумен қайта қауышады. Олар Мауглиді «батыр» деп, пір тұтады.

Сағынышын баса алмаған Маугли, енді ешқашан Джунглиден кетпейтінін айтады. Сол сәтте ол өзін бақытты сезінеді. Артынша Джунглиде тағы да үлкен кеңес өтеді. Онда Акела Мауглиді көпшіліктің алдында өз орнына тағай ындайды.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.