Ғылымсыз адам – айуан — Шәкәрім Құдайбердiұлы

Ғылымсыз адам – айуан - Шәкәрім Құдайбердiұлы

Ғылымсыз адам – айуан - Шәкәрім Құдайбердiұлы

Ғылымсыз адам – айуан,
Не қылсаң да, ғылым біл.
Ғылымға да керек жан,
Ақылсыз болса, ғылым тұл.

Ақылға еркін ой керек,
Матаудан ойды азат қыл.
Әдеттеніп ертерек,
Өрісін кеңіт жылма-жыл.

Қырық жасымда ойладым,
Жетпістемін мен биыл.
Белді бекем байладым,
Әдеттенді ой мен тіл.

Атағы шыққан жақсыға,
Ақылды байлап қылма құл.
Шатақ дін мен дағдыға,
Шоқынба, досым, зиян бұл.

Дұрыс деме құры ойлап,
Ақылға сынат, сабыр қыл.
Жығылмайтын дәлел тап,
Бірезу болма өзімшіл.

Мініңді тапса кім сынап,
Аяғына бар жығыл.
«Қап, бәлем» деп кекті ұнап,
Сақтай көрме ойға зіл.

Бақ, мансапқа сиынып,
Болма боран, жел, дауыл.
Аса сәнді киініп,
Қуыршақ болма сәкәкүл.

Тікенің болса бойыңда,
Ауырса да, өзің жұл.
Сергек болсын ойың да,
Еріншек болма құр масыл.

Адамның ең асылы –
Қиянатсыз ақ бейіл.
Ең зиянкес жасығы –
Тайғақ мінез, екі тіл.

Сөз, мінезі құбылса,
Ар, иманы жоқ деп біл.
Аулақта жемтік сыдырса,
Оны ойыңмен айуан қыл.

Дұспанға да бол әділ,
Түсірме ойға тат пен ніл.
Ұмытпа, болсаң біздің ұл,
Осы өлеңді құлаққа іл.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.