
| Таудай үлкен талабы, Күнде «бестік» алады – «Білгіш» дейміз мектепте Мақан деген баланы. Қастерлейді ананы, Қадірлейді ағаны – «Ізетті» деп жақтаймыз Мақан деген баланы. Өнерлі де саналы, Күй тартып, ән салады – «Өнерпаз» деп мақтаймыз Мақан деген баланы. Көп-ақ түрлі талабы, Көрген жан таң қалады: Мақтан етер мектебі Мақан деген баланы. Бұл – Күн-ана күші деп, Қамқор-құстың ісі деп, Көгершінді ел күтіп жүр, Бейбітшілік құсы деп. Жақын жүріп адамға, Көгершіндер әманда Тыныштықты тілейді Елге, саған, маған да. | |
Понравилась статья? Поделиться с друзьями: