Торғай мен құмырсқа

Торғай мен құмырсқа

Бір құмырсқа шөлдеп су ішуге өзенге түсіпті. Жел соғып, суға кетіп қала жаздайды. Сол мезгілде аузында тістеген бір бұтағы бар торғай суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көреді де аяп, бұтағын оның үстіне тастайды.

Торғай мен құмырсқа

Құмырсқа бұтаққа мініп, толқынмен судың жағасына шығып, аман қалады. Мұның артынан жанағы торғай өзеннің жағасына қонып, бір аңшының құс аулауға құрып қойған ауының астындағы бидайды теріп жей бастайды.

Аңшы ауды басып қалып, торғайды ұстап алуға даярланып жатқанын құмырсқа көріп, өрмелеп келіп, аңшының аяғын қатты шағып алады. Аңшы ауды қоя бергенде торғай көтеріліп ұшып кетеді. Жақсылыққа жақсылық деген осы.

Тәрбиелік мәні: жақсылықты жасасаңда өзіңе, жасамасаңда өзіңе. Біреуге жақсылық жасасаң ол ісің өзіңе екі есе айналып келеді.

Ертегілер жинағы (3-4 жастағы балаларға арналған)

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.