Никита Кожемяка — сказка на казахском языке

Никита Кожемяка - русские народные сказки на казахском языке

Ертеде бір патшалықта айдаһар пайда болып, халыққа күн көрсетпепті. Бірде ол патшаның жалғыз қызын ұрлап әкетеді. Ханшаның кішкентай ақылды иті бар еді. Ол айдаһардың ізіне түсіп, иесін іздеп табады. Қыз айдаһар азық іздеп, апанынан шығысымен хат жазып, итінің мойнына байлап, үйіне жібереді. Сөйтіп, қыз иті арқылы үйімен хабарласып тұрады. Осылай күн артынан күндер өтіп жатады.

Никита Кожемяка - русские народные сказки на казахском языке

Бірде патша мен патшайым қызына: «Айдаһардан күшті жан бар ма екенін біл?» деген хабар береді. Ханшайым айдаһардың шаршап келген сәтін пайдаланып:
– Бұл өмірде сенен де күшті жан бар ма? – деп сұрайды.
– Иә, бар! Ол – Киевте тұратын Никита Кожэмяка, – деп жауап береді айдаһар. Ханша естігенін үйіне хабарлайды. Патша мен патшайым дереу Киевке аттанады.

Олар Никита Кожемяканы тауып, қыздарын айдаһардан құтқаруын өтінеді. Бұл кезде Никита ашулы еді. Патша мен патшайымның өтінішін қабылдамайды. Ол он екі бұқаның терісін бір-біріне қосып елеп отырып, байқамай жыртып алған. Екеуі қанша жалынып-жалбарынып сұраса да көнбейді. Лаж жоқ, патша мен патшайым кері қайтады.

Никита Кожемяка - русские народные сказки на казахском языке

Патша келісімен нөкерлеріне жер-жерді аралатып, әке-шешелерін айдаһар әкеткен елу жетім баланы таптыртады. Балалар Никита Кожемякаға келіп, жылап:
– Айдаһарды өлтіріп, өшімізді алып берші! – деп өтінеді.

Никита Кожэмяка балаларды аяп, айдаһардың көзін жоймақ болады. Апанын іздеп тауып, айдаһармен алысады. Оны жерге атып ұрған шақта айдаһар:
– Мені өлтіре көрме. Екеумізден асқан мықты жоқ. Одан да мына әлемді екіге бөліп алайық, – деп жалынады. Никита келісіп, үш жүз пұттық алып соқа жасатады. Соқаны айдаһарға байлап, Киевтен Қара теңізге дейінгі аралықтың жерін жырттырып, жол салады.

– Біз жерді бөлістік, енді суды бөлейік, арамызда еш өкпе қалмасын, – дейді Кожемяка. Қара теңізді екіге бөлмек болған ақымақ айдаһар суға батып кетеді. Осылай Никита Кожэмяка бейкүнә халықты сұм айдаһардан құтқарады. Патшаның қызы аман-есен үйіне оралады. Бағзы заманнан қалған «Никита Кожэмяка жүріп өткен сол жол – соқаның ізі биік жоталар болып, бұл күнге дейін сақталған» дейді халық. Оны жер жыртушылар айналып өтетін көрінеді.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector