Алтын шашты қызбен үш аю — Златовласка и три медведя

Алтын шашты қыз бен үш аю - Златовласка и три медведя

«Златовласка и три медведя» — популярная английская народная детская сказка. На русском языке все ее знают в пересказе Льва Толстого. В английском варианте девочку, попавшую в жилище медведей, зовут Златовласка, в русском варианте сказки — Маша.

Ерте, ерте, ертеде, қалың орманның ішіндегі бір үйде үш аю өмір сүріпті. Олар: ең үлкені – әке аю, одан кішірегі – ана аю, ең кішкентайы, қонжығы – бала аю. Үш аюдың үйі шағын болғанымен өте тиянақты еді. Әр заттың өз орындары бар болатын.
Үй үш бөлмеден тұратын. Біріншісі – тамақтанатын ас бөлмесі, екіншісі – ортасында ашық пеші бар демалатын бөлме, үшіншісі – жатын бөлме.

Әке аю – ағаш шебері. Ол ормандағы ағаштарды құлатып, олардан неше түрлі заттар жасайды. Үйіндегі жиһаздарды да ол өз қолымен жасаған болатын. Ана аю, орманнан жидектер теріп келіп, тамақ әзірлейді, үй шаруасымен айналысады. Ал бала аю әкесіне де, анасына да көмектеседі.

Кешке дейін тіршілік қамымен жүрген аюлар, кеш бата үйлеріне оралып, ас бөлмеде тамақтанады. Содан соң демалатын бөлмеге кіріп, шай ішіп отырып, көрген-білгендерін айтып, әңгіме-дүкен құрады.
Демалатын бөлмедегі пештің жанында үш орындық бар. Әр аю өз орындығына барып отырады: әке аю үлкен орындыққа, ана аю одан кішірек орындыққа, бала аю кішкентай орындыққа.

Алтын шашты қыз бен үш аю - Златовласка и три медведя

Әңгімелесіп болған аюлар жататын бөлмеге кіріп, демалады. Олардың әрқайсысының өз төсегі бар. Әке аюдың төсегі өзіне сай үлкен. Ана аю дың төсегі одан кішірек. Бала аюдың төсегі өзі сияқты кішкентай. Таңертең аюлар ерте оянып, ертеңгілік асын ішеді. Анасы, әдетте, ботқа пі сіретін. Содан соң, ол ыстық ботқаны әрқайсысының табағынасалып береді.

Аюлардың ыдыстары да өздеріне сай әр алуан еді. Әке аюдың табағы үлкен. Ана аюдың табағы одан кішірек. Бала аюдың табағы кішкентай.
Қасықтары да үш түрлі. Үлкен қасық – әке аюдікі. Ортаншы қасық – ана аюдікі. Кішкентай қасық – бала аю – қонжықтікі.

Бір күні үш аю орман аралап, серуендеп кетеді. Осы кезде орманда саңырауқұлақ, гүл теріп жүрген бір кішкентай, алтын шашты қыз адасып кетеді. Қайтар жолды іздеп жүріп, қалың ағаштар арасында тұрған ескі үйге кезігеді. «Орманның ішінде тұрған бұл кімнің үйі болды екен?» деп таңданады қыз.

Үйге жақын келіп, есігін қағады. Бірақ ешкім жауап бермейді. Қыз тағы да есік қағады. Үн қатқан жан жоқ. Алтын шашты қыз енді есікті итеріп көріп еді, есік айқара ашылып кетеді. Қыз ішке кіреді. Бөлмеде ешкім көрінбейді.

Алтын шашты қыз алдымен бірінші – ас бөлмесіне кіреді. Бөлме ортасында үлкен ағаш үстел тұр. Үстел үстінде ас құйылған үш ыдыс қойылған. Олардың біріншісі – үлкен табақ, екіншісі – орташа табақ, үшінші – кішкене табақ. Әр ыдыстың қасында қасықтары жатыр: үлкен қасық, орташа қасық, кішкене қасық.

Алтын шашты қызға бұның бәрі қызық болып көрінеді. «Табақтар мен қасықтардың көлемі неге әркелкі?» деп ойлайды ол. Алтын шашты қыз алдымен үстелдегі ең үлкен қасықты қолына алады. Үлкен қасық ұстағанға ыңғайсыз екен. Қыз үлкен қасықпен үлкен ыдыстағы тағамның дәмін татады. Астың дәмі ұнамайды.

Содан кейін, қолына орташа қасықты алады. Бұл да үлкен қасықтан кішірек болғанымен, ұстауға ыңғайсыз көрінеді. Ол енді орташа қасықпен екінші орташа ыдыстағы тағамды ішіп көреді. Оның да дәмі жаман сияқты.

Алтын шашты қыз енді қолына кішкене қасықты алады. Кішкене қасық ұстағанға ыңғайлы екен. Қыз кішкене қасықпен кішкентай табақтағы тағамның дәмін татып көреді. «Қандай дәмді!» деп ойлайды. Қыздың қарны аш еді. Ол кішкентай табақтағы асты түгін қалдырмай ішіп алады.

Енді ол екінші ортасында ашық пеші бар демалатын бөлмеге кіреді. Орындыққа отырып, тынығу үшін өзіне орындық таңдайды. Ең үлкен орындық – әке аюдікі, одан кішірегі – ана аюдікі, ал үшіншісі – бала аю – қонжықтікі.
Кішкентай қыз ең үлкен орындыққа шығып, одан құлап түседі. Ортаншысына мініп еді, ыңғайсыз көрінеді. Көңілінен шыққан тек үшінші қонжықтың орындығы болады.

Алтын шашты қыз қонжықтың орындығына жайғасады. «Үй иелері қайда жүр екен? Мүмкін қазір келіп қалар. Маған үйімді тауып баруыма көмектесер» деп ойлайды ол. Осылай кішкентай орындықта бірталай отырған қыздың отыра, отыра іші пысады. Содан соң ол орындықты ары-бері шайқап ойнайды. Ақырында кішкентай орындықты сындырып, өзі жерге құлап түседі.

Алтын шашты қыз бен үш аю - Златовласка и три медведя

Қыз орнынан тұрып, келеі жатын бөлмеге кіреді. Бұл жерде үш төсек бар екен. Ең үлкені – әке аюдікі, ортаншысы – ана аюдікі, ал үшіншісі – қонжықтікі.
Қыз алдымен ең үлкен төсекке шығады. Бұл төсек оған тым үлкендік жасайды. Одан түсіп, екінші – ортаншы төсекке жатып көреді.

Бірақ ортаншы төсек биік көрінеді. Қыз жайлап үшінші – кішкене төсекке отырады. Кішкене төсегі оған ең ыңғайлысы болып көрінеді. Қатты шаршаған қыз осы қонжықтың орнына жатып, тәтті ұйқыға батады.
Бұл кезде орманды аралап шаршаған әрі қарындары ашқан аюлар үйлеріне оралған еді. Олар алдымен тамақтанбақшы болып ас үйге кіреді.

Үлкен аю үлкен қасығын ұстап:
– Менің қасығыма тиіскен кім? – деп, ақырады жуан дауысымен. – Менің қасығымды орнынан қозғалтқан кім? – дейді Настасья Петровна.
Қонжық жіңішке дауысымен:
– Ал менің қасығыммен біреу тамақ жеп ті, – дейді жан-жағына қарап. Әке аю үстелдің үстіндегі енді өз та бағына қарап, жуан дауысымен:
– Менің ыдысыма тиіскен кім? – деп ақырады. Ана аю да ыдысына қарап:
– Менің табағымды орнынан қозғалтқан кім? – дейді ашуланып.

Кішкене қонжық жіңішке дауысымен:
– Менің тамағымды мүлдем ішіп қойыпты, – дейді бос табақты қолына алып.
– Мен енді немен тамақтанамын? Бала аюдың ренжігені сонша, жылап жібереді. Әке аю мен ана аю қонжықты әрең дегенде жұбатады. Олар өз табақтарындағы асты бөліп беріп, үшеуі тамақтанады.
Кешкі астарын ішкен аюлар енді демалатын бөлмеге кіреді. Әке аю өзінің үлкен орындығына қарап:
– Кім менің орындығымды қозғалтқан? – дейді зор дауысымен.

Ана аю болса:
– Ал менің орындығыма отырған кім? – дейді налып. Оның даусы үлкен аюға қарағанда жайырақ шығады.
– Менің орындығымды біреу, тіпті, сындырып тастапты, – дейді қонжық тағы да жыламсырап.
– Әй-әй-әй, – деп басын шайқайды ана аю.
– Ештеңе етпейді, балам. Құдай қаласа, саған басқа, бұдан да әдемі орындық жасап беремін, – дейді әке аю қонжығын жұбатып.

Үш аю енді жатын бөлмеге кіреді. Әке аю өзінің үлкен төсегіне қарап:
– Менің төсегіме жатқан кім? – дейді ақырып. Ана аю:
– Ал менің төсегіме шыққан кім? – деп, басын шайқайды.

Қонжық болса:
– Ой, менің төсегімде біреу жатыр, – дейді таң қалып. Аюлар қонжықтың төсегіне жақындайды. Маужырап ұйықтап жатқан кішкентай қызды көреді де, үшеуі жамырап:
– Қара мұны! – Ұстаңдар! Ұстаңдар!
– Ұста оны! – деп айқайға басады.

У-шудан оянып кеткен қыз жанында тұрған үш аюды көреді. Қатты қорыққан ол ашық тұрған терезеден жерге секіріп түседі. Алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Қызды ұстай алмаған әке аю, ан аю мен бала аю – қонжық үшеуі артта қалады. Алтын шашты қыздың артынан үлкен табақ ұшады.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.