Түймеқыз — Дюймовочка (сказка на казахском)

Түймеқыз - Дюймовочка (сказка на казахском)

Ертеде бір жалғыз басты әйел өмір сүріпті. Оның баласы болмапты. Бірде ол сиқыршы кемпірге барып:

– Өмір бойы бір балаға зар болумен келемін. Көмектесе аласың ба? Бала ны қайдан алуға болады? – дейді ауыр күрсініп.

Түймеқыз - Дюймовочка (сказка на казахском)

– Иә, сенің қайғың ауыр екен. Жарайды, мен саған көмектесейін. Міне, мынау арпаның дәні. Бұл жай арпа емес, «егістікке себетін немесе тауықтарға шашатын арпа» деп ойлап қалма. Осы дәнді үйіңе апарып, гүл өсіретін тостаққа сал да, топыраққа көміп таста. Кейін не болатынын өз көзіңмен көресің, –дейді кемпір.

– Рақмет саған! – дейді де, әйел кемпірдің қолына ақша ұстатып, үйіне қайтады.Үйіне жеткен бойда сиқыршы кемпір айтқандай дәнді топыраққа отырғызып, су құяды. Сол сәтте одан әдемі гүл өсіп шығады. Гүл қызғалдаққа ұқсайды, бірақ күлтелерін әлі ашпаған болатын.Түймеқыз – Қандай ғажап! – деп әйел қатты қуанады. Қайран қалған әйел гүлдің сары араласқан қызыл күлтелерін сүйе бастайды. Сол кезде бірдеңе тырс еткендей болады да, күлтелер ашылады. Қараса, нағыз қызғалдақтың өзі! Ал гүлдің тостағаншасында кішкен тай қыз отырады. Оның үлкендігі түймедей ғана екен. Сондықтан қызды Түймеқыз деп атап кетеді.

Түймеқыз - Дюймовочка (сказка на казахском)

Әйел түйе жаңғағының қабығын тазартып, жалтыратып бояп, оны қызға бесік етеді, содан соң жеңіл құс қауырсынынан жастық және раушан гүлдің күлтесінен жамылғыш жасайды. Содан кішкентай қыз түнде бесігінде ұйықтап, күндіз үстел үстінде ойнайтын болды. Әйел үстел үстіне су құйылған табақ қойып, табақтың жиегін айналдыра сабақтары суға бататындай етіп гүлдерді қойып шығатын.

Судың бетіне қызғалдақтың күлтесін тастайтын. Түймеқыз соған отырып алып, таб ақт ың бір шетінен екінші шетіне жүзіп жүретін. Ескектің орнына жылқының аппақ қылдарын қолданатын. Бұл адам айтқысыз ғажап көрініс еді! Тағы бір тамашасы, ол ешкімде жоқ нәзік, әдемі дауысымен ән айтатын. Бір күні түн ішінде ашық тұрған терезеден үп-үлкен ұсқынсыз бір құрбақа кіріп кетеді. Ол бесігінде рақаттанып ұйықтап жатқан Түймеқыздың дәл қасына топ ете түседі.

Түймеқыз - Дюймовочка (сказка на казахском)

– Міне, менің ұлыма әйел болуға нағыз лайық қыз! – деп бақ етеді де, қызды бесігімен қоса қолтығына қысып алып, терезеден баққа секіріп түседі.

Бақта үлкен өзен ағатын. Жағалаулары таяз, батпақты болатын. Сол жерде құрбақа ұлымен бірге тұратын.

Ұлы сондай көріксіз әрі жиіркенішті еді! Аумаған шешесі! Жаңғақ қабығында жатқан әдемі қызды көргендегі бар айтқаны – «қоақ, қоақ, брррқ, брррқ!»

– Тыныш! Әйтпесе, оянып кетеді, – деп кәрі бақа ұлын тыныштандырды. – Ол аққудың мамығынан да жеңіл емес пе?! Біз оны өзеннің ортасына, тұңғиықтың* жапырағына отырғызып қоямыз. Ол кішкентай қыз ға үлкен аралдай боп көрінеді. Сөйтіп, ешқайда қашып кете алмайды. Ал біз сол аралықта екеуің тұруға болатындай ыңғайлы ұя жасап үлгереміз. Түймеқыз таңертең ерте оянып, жан-жағына қарайды да, жылап жібереді. Қайда қараса да, қаптаған су, маңайда судан басқа ештеңе жоқ, өзеннің жағасы өте алыстан көзге әрең көрінеді.

Түймеқыз - Дюймовочка (сказка на казахском)

Бір уақытта кәрі бақа мен оның жексұрын ұлы Түймеқыз отырған жапыраққа жүзіп келеді. Олар қыздың әдемі төсегін күні бұрын алып кетіп, жас жұбайлардың ұясын дайындамақшы. Жапыраққа жақындаған да кәрі бақа су ішінде тізесін бүгіп, Түймеқызға:

– Міне, мынау менің ұлым! Ол – сенің болашақ күйеуің! Екеуің бақытты боласыңдар! – дейді.
– Қоақ, қоақ, брррқ, брррқ! – деп бақылдайды болашақ күйеу өзінің жағымсыз дауысымен.

Бақалар кішкене кереуетті алады да, келген жақтарына қарай жүзіп кете барады. Түймеқыз жылап жібереді. Ол мынадай қорқынышты, ұс қынсыз жәндіктердің арасында қалай өмір сүрмек! Ал мұның бәрін жапырақтың астында жүзіп жүрген құйттай балықтар естіген болатын. Олар кеткен соң әлгі балықтар қызды көрмек болып, бастарын судан қылтитып шығарады. Түймеқызды көрген бойда осындай әп-әдемі қыздың сүйкімсіз бақамен қалай өмір сүретінін ойлап, жандары ашиды.

Түймеқыз - Дюймовочка (сказка на казахском)

«Бұған жол беруге болмайды!» деген шешімге келген балықтар Түйме қыз тұрған жапырақтың жасыл сабағын жабылып тістелей бастайды. Бір кезде сабақ үзіледі де, жапырақ ағыспен жүзе жөнеледі. Жапырақ тоқтамастан жүзе береді. Түймеқызды көрген құстар «Қандай құйтақандай әдемі қыз!» деп таңдайларын тақылдатады. Ақыры, ол өте алыс әрі жат өлкеге тап болады. Бір мезгілде, қайдан пайда болғаны белгісіз, бір ақ көбелек айнала ұшып, ақыры, жапыраққа қонады.

Түймедей қыз оған ұнап қалған сияқты! Бұл кезде Түймеқыздың да көңілі жадыраңқы еді. Өйткені бақалар қанша қуса да енді жете алмайды және мына жер өте әдемі, су күнге шағылысып, алтын бақырдай жалтырайды. Түймеқыз көйлегінің белбеуін шешіп алады да, бір ұшын көбелекке лақтырып, бір ұшын жапыраққа байлайды. Жапырақ одан сайын жылдам заулайды. Осы кезде сол маңда зауза қоңыз ұшып бара жатқан болатын.

Түймеқыз - Дюймовочка (сказка на казахском)

Ол өзі кішкентай, өзі сүйкімді қызды көріп қалып, оған қатты қызығады. Дереу аяқтарымен қыздың белінен ұстап алып, көтере жөнеледі де, бір ағаштың ең үлкен жапырағына қонады. Оның қандай сұлу екенін айтып, тәтті гүл шырынын сыйлайды. Сәлден соң сол ағашта тұратын басқа да зауза қоңыздар ұшып келе бастайды. Олар Түймеқызды бастан-аяқ сүзе қарап, мұрттарын жыбырлата жан-жақтан сөйлей бастайды:

– Ой, қараңдар, оның аяғы екеу-ақ екен!
– Мәссаған! Мынада мұрт жоқ қой!
– Белі қандай жіңішке! Түу, өзі адамға ұқсайды! Қандай сүйкімсіз!
Тұқымдастарының сөзін аузы ашыла тыңдаған зауза қоңыз, ақыры, айнып қалады. Ол дереу қызды босатып жібермек болады. Қай да барса, өзі білсін деп, жерге дейін жеткізіп, түймедақ гүлінің тостағ анына отырғызады да, алды-артына қарамай тайып отырады.

Түймеқыз жат өлкеге тап болғанына өкініп, жылап жібереді. Түймеқыз жаз бойы ну орманда жалғыздан-жалғыз күн кешеді. Шөпт ерден өзіне керемет кереует тоқып алады. Оны жаңбыр тим есін деп, түйежапы рақ тың астына іліп қояды. Гүл дер дің тәтті то заң дары мен қорек теніп, таңертең жа пырақ тарда тұнып тұра тын шықтар мен сусындайды.

Осылайша жаз өтті, оның артынан күз өтті. Ұзақ та ызғарлы қыс таянды. Түрлі әуенге салып, құйқ ылжыта сайрайтын, сонысымен Түйм еқ ыздың көңілін аулайтын құстардың барлығы да жылы жақтарға ұшып кетті. Гүлдер солып, шөптер қурады. Ал өзі паналап жүрген түйежапырақ сарғайып, кеуіп, ақыры, үгітіліп қалады. Үстіндегі көйлегінің де жұлым-жұлымы шықты. Байғұс қыз суықтан тоңа бастайды.

Бір күні Түймеқыз орманнан шығып, егістікке тап болады.
Бидайдың бастары жиналып болыпты, тек сабандары ғана қалған екен. Түймеқыз солардың арасымен келе жатты. Ызғар барған сайын күшейіп, өңменінен өтіп барады. Әйтеуір, бір уақытта аузы құрғақ шөпшаламмен көлегейленген інге кезігеді. Мұнда дала тышқаны тұратын. Оның бөлмелері, ас үйімен қоймасы астыққа толы, өзі аштық пен суықтың не екенін білмей, нағыз рақат өмір кешіп жатқан. Байғұс қыз қайыршылардай табалдырықта тұрып, бір түйір дән сұрайды – нәр татпағалы екінші күн!
– Әй, байғұс қызым-ай! – дейді кәрі тышқан.
– Келе ғой, кір үйге, жылынып, менімен бірге тамақтанып ал.

Дала тышқанына Түймеқыздың ұнағаны сондай, ол:
– Осында қал, қысты менің жылы інімде өткіз. Бірақ бір шартым бар: менің бөлмелерімді жақсылап жинап, күнде ертегі айтып беріп отырасың, – дейді.Түймеқыз бұған қуана келіседі. Ол қайырымды тышқан апайының айтқандарын бұлжытпай орындады. Екеуі тату-тәтті, жап-жақсы тұрып жатты. Бір күні тышқан апайы:

– Анда-санда маған көршім келіп-кетіп жүреді. Сол жақында бізге қонаққа келмекші. Ол менен де жақсы тұрады. Үйі кең, үстіндегі тоны қап-қара барқыттан тігілген. Егер сен соған тұрмысқа шықсаң, тамаша болар еді, уайым-қайғысыз, жоқшылық көрмей өмір сүрер едің. Бар айыбы, көзі соқыр. Ол да ертегіні ұнатады, – дейді.

Түймеқыз - Дюймовочка (сказка на казахском)

Алайда оған Түймеқыздың тіпті де тұрмысқа шыққысы келмейді, өйткені ол көртышқан болатын. Көп күттірмей-ақ қара барқыт тонын киіп, көртышқанның өзі де келді.

– Өзі сондай байсалды, оқымысты әрі бай, – деп таныстыра бастады дала тышқаны. – Оның үйіменікінен жиырма есе үлкен. Ол күнді де, гүлдерді де жек көреді, өйткені оларды ешқашан көрген емес.

Әңгіме арасында тышқан апайы Түймеқызға «ән айтып бер» деп бұйырады. Қыз екі ән рындайды. Әсем де нәзік үні баурап, көртышқан оған бірден ғашық боп қалады. Алайда ол туралы тіс армайды. Жасы ұлғайып, ой тоқтатқан жігіт емес пе! шқан өзінің үйі мен дала тышқан ының үйінің арасын қазып қосып, ұзын дәліз жасап қояды.

Көрші тышқан мен Түймеқызға «Қалаған уақыттарыңда қыдыруларыңа болады» деп рұқ сат етеді. Және дәліздің түкпірінде бір құстың өліп жатқанын айтып, «қорықпаңдар» деп ескертеді. Көртышқан жерден шіріген сүйектің сынығын тауып алып, аузына тістейді де, қараңғы дәлізге жарық түсіріп, алға түседі. Екеуі оның соңынан жүріп отырады. Дәліздің ең түбіне жеткенде, көртышқан төбені тұмсығымен түрткілеп теседі.

Сол кезде айнала жап-жарық боп кетеді. Түймеқыз өліп жатқан құстың қарлығаш екенін аңғарады: әдемі қанаттарымен денесін жауып алыпты, басы мен сирақтарын созып жіберіпті. Шамасы, суықтан үсіп өлген тәрізді. Түймеқыз оны аяп кетеді. Жаз бойы өзін әндерімен жұбатқан құстарды ол қатты жақсы көретін. Көртышқан мен тышқан апайы теріс айналып кеткен сәтті пайдаланып, Түймеқыз еңкейіп, қарлығаштың қауырсындарын ашып, жұмулы көздерінен сүйіп алады. «Мүмкін, бұл жаз бойы маған ән салған қарлығаштың дәл өзі шығар» деп ойлайды қыз.

Түймеқыз - Дюймовочка (сказка на казахском)

Сол күні түнімен Түймеқыз көз ілмейді. Ақыры, орнынан тұрып, шөп-шаламнан үлкен жамылғы тоқый ды. Сонан соң дәлізге шығып, оны қарлығаш тың үс тіне апарып жабады. Артынан тышқанның үйінен гүлдердің жұп-жұмсақ, жып-жылы тозаңдықтарын тауып алып, оларды да әкеліп суық кірмейтіндей етіп, қарлығаштың жан-жағына үйіп тастады.

Бір кезде басын құстың кеудесіне қойып еді, «дік-дік» деп, жүрегінің соққан дүрсілін естіп, денесі дір етті. Қандай ғажап! Қарлығаш тірі екен!

Түймеқыз қанша қорықса да, бойын жинап алды. Жапырақтар тауып әкеліп, құсты тағы да ылылап қымтай бастады. Сонан соң гүлдің тостағаншасымен су әкеліп, аузына тамызады. Қарлы ғаш тың бойы жылынып, аздап өз-өзіне келген соң, қызға басынан кешкен жайды түгел баяндап береді. Сөйтсе, ол қанатын бұтаға жарақаттап алып, басқа жолдастарымен бірге жылы жаққа ұша алмай қалыпты. Суық түскен кезде қатты тоңып, ақыры жерге құлап түсіпті, одан кейін не болғанын, мұнда қалай келгенін білмейді.

Осылайша, қарлығаш қыстың ұзақ та суық күндерін жер астында өткізеді. Ал Түймеқыз оның әбден жазылып кетуіне көмектеседі, барынша күтіп, бағады. Көктем келіп, күн жылынған кезде қарлығаш жарыққа, жер үстіне шықпақ болады. Қоштаспас бұрын қызды жасыл орманға өзімен бірге ала кете тінін айтып, бірге жүруін өтінеді. Бірақ қыз тышқан апайының ренжитінін біліп, алғыз қалдырғысы келмейді.

Қарлығаш:
– Аман бол! Сен өте мейірімді қызсың! – деп алғысын білдіреді де, іннен шығып, ұшып кетеді.
Түймеқыз көздері мөлдіреп, құстың соңынан қолын бұлғап қала береді.Бір күні тышқан апайы:

– Көршім саған құда түсті. Сен енді қалыңдықсың! Көрдің бе, қандай бақыттысың! Енді жасауабдығыңды дайындауымыз керек! – дейді.
Осы күннен бастап Түймеқыз күні бойы тоқумен айналысты. Тышқан апайы тағы да төрт тоқымашыөрмекшіні жалдады. Олар күні-түні тынымсыз жұмыс істеді. Көртышқан да әр кеш сайын тышқанның үйінен шықпайтын болды. Ол өз сөзінің бірінде тойды жаздың аяғында өткізбекші екенін айтады.

Ақыры, жаз өтіп, той болатын күн де жетті. Көртышқанның терең үңгіріне кірген соң, енді қайтып жарық сәулені, күннің нұрлы жүзін көрмейтінін ойлап, Түймеқыз жарық әлеммен соңғы рет қоштасуға рұқсат сұрайды. Түймеқыз іннің аузында тұрып, қолын көкке созып:

– Қош бол, жарық күн! – дейді.
Аздан соң ол егістікке шығады. Егінді жинап болыпты, тек сабандары ғана қалыпты. Солардың арасында кездейсоқ аман қалған әдемі гүлді көріп, иіскеп, оған да:
– Сенде қош бол! Менің қарлығашымды көрсең, оған менің сәлемімді жеткізгейсің, – дейді.

Осы кезде дәл төбеден шиқылдаған дыбыс естіледі. Түймеқыз басын көтеріп, жоғары қараса, қарлығаш ұшып барады екен. Ол қызды танып қуанып, қасына ұшып келеді. Түймеқыз да көзінің жасын көлдетіп оты рып, өзінің басындағы қайғысын, көртышқанның бұған үйленгелі жатқа нын, оның күн түспейтін қап-қараңғы көрінде өмір сүргісі келмей тінін айтып береді.

– Аз уақыттан соң қыс түседі. Мен өте алысқа, жылы жаққа ұшқалы дайындалып жатырмын. Ол өңірлерде үнемі жаз болып тұрады, күн мұндағыдан да жарық әрі ыстық, хош иісті тамаша гүлдер өседі. Қаласаң, менімен бірге жүр! – дейді қарлығаш.

– Әрине, мен сенімен бірге ұшқым келеді!
Түймеқыз құстың арқасына отырып, құлап кетпес үшін өзін белбеуімен ең жуан қауырсынға байлап тастайды. Қарл ығ аш биікке көтеріліп, орман, таулардың үстімен заулай ұшады. Ұшқаннан ұшып отырып, олар жылы өлкелерг е жетеді.

Шынымен де, мұнда күн анағұрлым жарық, аспан екі есе биік көрінді. Көгілдір көлдің жағасында аппақ мәрмәрдан соғылған ескі сарай тұр. Сол сарайдың шатырының астында қарлығаш тар ұя салады екен. Ұялардың бірі Түймеқызды алып келген қарлығаштікі болып шықты.
– Міне, менің үйім! Ал сен төмендегі гүлдердің ішінен ең әдемісін таңда.
Мен сені соған апарып тастаймын, соны өзіңе үй етесің. Саған бұл жер ұнауы тиіс! – дейді қарлығаш.

Түймеқыз - Дюймовочка (сказка на казахском)

– Ой, қандай керемет! – деп, Түймеқыз қолын шапалақтап, мәз болады.Қарлығаш Түймеқызды әдемі бір гүлдің күлтесіне отырғызады. О, ғажап! Гүлдің тостағында Түймеқыз сияқты кіпішкентай адам отыр. Өзі хрусталь тәрізді мөп-мөлдір. Басында жалт-жұлт еткен әдемі алтын тәж, арқасында екі қанаты жарқырайды. Бұл патша ұлы – Эльф еді.

– Қандай әдемі! – деп сыбырлады Түймеқыз қарлығашқа.
Эльф те қызды көрген бойда аңтарылып қалды. Мұндай сұлу қызды осыған дейін еш уақытта көрмеген! Ол басындағы тәжді алды да, қыздың басына кигізді. Сонан соң: «Маған тұрмысқа шығып, гүлдердің патшайымы болғың келе ме?» – деп сұрайды.

Міне, бұл жігіт нағыз күйеу болуға лайық! Сондықтан Түймеқыз оған келісімін береді. Тойда жас жұбайларға сыйлық көп келді. Солардың ішінен Түймеқызға, әсіресе шегірткенің жылтыр қанаттары ұнады. Оны Түймеқыз арқасына тағып алып, гүлден гүлге енді өзі де ұша алатын болды. Ғажап емес пе! Қандай қуаныш! Қарлығаш биікте өз ұясында отырған. Жас жұбайлар одан ән айтып беруді өтінді. Қарлығаш барын сала сайрады. Бірақ үнінен мұңды әуез сезілді. Өйткені ол да Түймеқызды жақсы көретін, одан айырылғаны жүрегіне қатты батты.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector