Үш апельсин — Три апельсина

Үш апельсин - Три апельсина

Ерте, ерте, ертеде, бір құдіретті патша өмір сүріпті. Бірде оның Тарталья деген сүйікті ұлы қатты ауырып қалады. Сонда патша елдегі барлық данагөйлерді, емшілер мен сиқыршыларды шақыртып, баласына ем табуды бұйырады. Науқастың жағдайына қарап, әркім өз пікірін айтады. Емшілер – дәрімен, данагөйлер – жылы сөзбен, сиқыршылар – дуамен емдеу керек дейді. Бірақ, Тартальяға бұл емдердің ешқайсысы да көмектеспейді.

Үш апельсин - Три апельсина

Бір кеште ойда-жоқта патша сарайына Моргана деген пері келеді. Емші, сиқыршыларды жинағанда, бұл пері ескерілмей қалыпты. Жас жігіттің жағдайын білген ол, ешкім шақырмаса да өзі келіпті. Жай келмей, ханзаданың емін айта келіпті.

– Асыл сүйекті Тартальяға бір-ақ нәрсе көмектеседі. Сиқыршы Креонтаның ғажайып бағы бар. Сол баққа ханзада өзі аяғымен барып, үш апельсин жұлып алып, үйге әкелуі керек.
Құдіретті патшаға осыны айтыпты да, Моргана пері лезде көзден ғайып болыпты. Осыдан соң Тарталья мен оның досы Труффальдино екеуі күтпеген жерден жолға дайындалады.

Үш апельсин - Три апельсина

Екі дос жолшыбай көп қиыншылықтарға кездеседі. Ну ормандарды, батпақ басқан жерлерді, биік тауларды, терең сайларды, суы мол өзендерді, кең алқаптарды басып өтеді. Ақырында Тарталья мен Труффальдино бір үңгірге тап болады. Үңгірдің иесі – сиқыршы Челио жігіттерді жылы қарсы алып, олардың әңгімесін тыңдайды.

– Мен сендерге сиқыршы Креонтаның сарайына апаратын жолды көрсетем. Бірақ, Креон таның ғажайып бағына кіру оңай болмас, – дейді Челио.

Үш апельсин - Три апельсина

– Баққа кіретін қақпаны тот басып кеткен. Ашылғанда, қақпа сықырлап, күзетшілерді оятып жіберуі мүмкін. Оған қоса, Креонтаның күзетші иті бар. Ол аш болса, адамға тап береді, ешкімді аямайды. Және ғажайып бақтың алдында сиқырлы құдық бар. Құдықтың арқаны бау-баққа кірген адамның аяғына оратылып, сүйреп, суға қарай тартады. Егер осы кедергілерден аман қалсаңдар, ғажайып баққа өтесіңдер.

«Бұл кедергілерді жеңу үшін бізге кім көмектесер екен?» деп, Тарталья ойланып қалады.
– Жарайды, мен өзім көмектесіп көрейін. Мына тері дорбаның ішіне нан мен май және ағаштың бұтақта рын салдым. Олар сендерге керек болады. Маймен қақпаның іші-сыртын майлаңдар.

Үш апельсин - Три апельсина

Нанды итке беріңдер. Ал мына жас бұтақтардан сыпырғыш жасап, бақтың ал дын дағы ауласын тазалаңдар. Тағы бір нәрсені ұмытпаңдар! Сиқырлы құдықтың дымқыл арқанын күнге кептіруге қойсаңдар, ол жіп ризашылығын білдіріп, сендерге қастық жасамайтын болады, – деп, Челио жолаушыларға ақыл айтады.

Тарталья мен Труффальдино қарияға рақметін айтып, батасын алып, жолға шығады.
Бірнеше күннен кейін екі дос Креонта сиқыршының сарайына жетеді. Олар Челионың айтқандарын бұлжытпай орындайды: қақпаны майлайды, дорбадағы нанды алып, итке береді, ауланы сыпырады, құдықтың жібін кептіреді. Сөйтіп, олар Креонтаның ғажайып бағына кіреді. Ондағы алуан түрлі гүлдер мен неше түрлі жемісі бар ағаштарды көріп, таңқалады.

Үш апельсин - Три апельсина

О, ғажап! Бақтың дәл ортасында, ең әдемі ағашта алтындай жарқыраған үш апельсин өсіп тұр екен. Тарталья өз қолымен үш апельсинді үзіп алып, Челионың құнттап берген сиқырлы дорбасына салып, досы екеуі үйге қайтуға жина лады. Бұлар сыртқа беттегенде, нанға тойған күзетші төбет тиіспейді. Күнге әбден кепкен құдықтың арқаны риза болып, тастай мөлдір суымен жолаушылардың шөлін қандырады. Майланып, жаңарған ескі қақпа сықырламай ашылады.

Сөйтіп, екі достың сиқырлы бақтан аман-есен шығуына ешқандай кедергі болмайды. Алайда, қайтар жолда Креонтаның сиқырымен екі жігіт адасып, көп қиыншылыққа кездеседі. Бір мезгілде олардың суы таусылып, шөлдеген соң, амалсыздан екі апельсинді алып, қабығын арши бастайды. Сол кезде бір апельсиннің ішінен көк, екіншісінен сиялы көк түсті көйлегі бар екі әдемі қыз ұшып шығып: «Су-у!» деп, су сұрайды. Бірақ жігіттер қыздарға су тауып бере алмайды. Сол мезетте арулар ақ бұлтқа айналып, аспанға көтеріліп, Креонтаның ғажайып бағына ұшып кетеді.

Үш апельсин - Три апельсина

Біраздан соң екі жолаушы бір өзенге кездесіп, су ішіп, шөлдерін қандырады. Содан кейін Тарталья алдын-ала мөлдір салқын суды дайын дап қояды да, үшінші апельсинді аршып, ғажайып жемістен шыққан қызға бере қояды. Қыз шөлін қандырып, аман қалады.
Бұл қыз да керемет сұлу екен, ал үстіндегі қызғылт сары көйлегі апельсиннің түсінен аумайды.

Тарталья қызды бір көргеннен ауруын ұмытып, құлан-таза жазылып кетеді. Сол кезде сиқыршы Креонта жігіттерді қуып жетеді. Ол апельсиннен шыққан аруды ақ көгершінге айналдырып жібереді. Тарталья ақ көгершіннің төсінде апельсин нің түсіндей кішкентай дақ бар екенін байқап қалады.

Тарталья мен Труффальдино елге аман-есен оралады. Әке-шешесі Тартальяның науқасынан айыққанына қуанып, үлкен той жасайды. Алайда, мұның бәрі оның көңілін көтере алмайды, ол күні-түні апельсиннен шыққан сұлу қызды ойлаумен болады. Бір күні қараса, терезенің алдында аппақ көгершін отыр екен. Төсінде күннің сәулесі сияқты қызғылт сары түсті кішкентай дақ жарқырап тұр.

Үш апельсин - Три апельсина

– Мынау ақ көгершіннің төсіндегі дақ тура менің сүйіктімнің апельсин көйлегіндей екен! – деп, Тарталья қуанып кетеді.
О, ғажап! Тарталья бұл сөзді айтып болғанша, ақ көгершін әдемі қызға айналады.

– О, Тарталья! Сенің махаббатың Креонтаның сиқырлы күшін жеңіп, мені қайтадан адам кейпіне келтірді! – дейді сұлу қыз. Тартальяның әке-шешесі қуанып, тойға дайындалады. Сол тойға патшалықта шақырылмаған адам қалмайды. Тіпті, шетелден де қонақтар келеді. Бірақ, өкінішке қарай, тағы да ең қадірлі адам шақы рылмай қалады. Ол Моргана пері болатын…

Автор — Карло Гоцци — итальянский драматург, автор сказочных пьес.
Три апельсина — сказочная пьеса, фьяба (итал. fiabe) написанная Карло Гоцци в конце 1760 года.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.