Етікші мен эльфтер — Сапожник и эльфы

Етікші мен эльфтер - Сапожник и эльфы

Бұрынғы өткен заманда бір етікші өмір сүріпті. Өзі өте еңбекқор болыпты. Күн демей, түн демей еңбектеніп, аяқ киім тігеді екен. Күндер дің күнінде жұмысы жүрмей, ол кедейленіп кетіпті. Тіпті, аяқ киім тігу үшін алған был ғарысы да таусылыпты. Етікші жан дүниесі таза адам болатын. Қандай қиындық болса да мойымайтын. Бүгін де ол қапаланбай, былғарылардан қалған қораптың түбінде жатқан қалдықтардан кебіс тікпек болады.

Қалдықтарды біріктіріп, өлшеп пішіп, яғни кебісті құрақтардан құрап отырғанында кеш батады. Етікші «қалғанын ертең тігермін» деп, шеберханасын жауып, үйіне кіреді де, ұйықтауға жатады. Келесі күні етікші ұйқысынан ерте оянады. Күндегі әдетінше алдымен Құдайға сыйынып, содан соң таңғы асын ішеді. Енді кешегі пішіп, дайындап қойған кебісін тігіп бітірейін деп шеберханасына келеді. Міне, ғажап, аяқталмай қалған кебістер тігіліп, дайын тұр екен. Етікші өз көзіне өзі сенер емес.

Етікші мен эльфтер - Сапожник и эльфы

Кебісті жөндемек боп, айналдыра қарайды. Бірақ ешбір жерінен мін таба алмайды. Сөйтіп, таң-тамаша болып отырған кезде, шеберхананың жанынан бір кісі өтіп бара жатады. Оның көзі бірден кебіске түседі. Аяғына киіп, өлшеп көреді. Құйып қойғандай дәп-дәл. Кебісті қатты ұнатып, ақысын артығымен төлейді. Бұл ақшаға екі кебіс тігетін былғары сатып алуға болатын еді. Етікші дереу дүкенге барып, былғары мен аяқ киім тігетін бұйымдар сатып алады.

Кешке екі кебіс тігуді жоспарлаған етікші былғарыны пішеді. Бірақ қатты шаршап тұрған ол: «Тынығып алып, ертең тігейін» деген оймен шеберханасын жауып, үйіне қайтады. Таңертең орнынан тұрып, жуынып, тамақтанып алған соң, кешегі даярлап қойған кебістерді тігейін деп жұмыс орнына оралса, олардың да тігіліп, дайын тұрғанын көреді. Етікші еш нәрсеге түсінбеген қалпы аңтарылып тұрып қалады.

– Мына кебістер сатыла ма? – деген сұрақ қана оны ұйқысынан оятқандай болады.
Бұл жолғы сатып алушыда ақшаны аямай береді. Төлеген ақшасына төрт пар аяқ киім тігуге жететін былғары сатып алуға болатын еді.
Келесі күні де етікші шеберханасына кіріп, кешегі пішіліп, аяқталмай қалған төрт пар кебісінің тігіліп, дайын тұрғанын көреді. Бұл оқиға күндекүн де қайталана береді. Кешке пішіп, бірақ тігіп аяқтай алмаған аяқ киімдерінің бәрі таңертең дайын тұрады. Сөйтіп, жағдайын қайта түзеп алған етікші ел қатарлы өмір сүріп жатады. Қыс түседі. Бір күні кешке етікші тынығып отырып, әйеліне:
– Бүгін түнде етігімізді тігіп, бізге көмектесіп жүргеннің кім екенін көрсек қайтеді? – деген ұсынысын айтады.

Әйелі келіседі. Сөйтіп, екеуі ақылдаса келіп, таң атқанша ұйықтамауға бел буады. Бұл сиқырдың сырын тезірек ашуға асығады. Ұйқыға жататын уақыт болған шамада етікші әйелімен бірге шеберханаға келеді. Содан соң олар перденің артына тығылып алып, ұйықтамай бөлмені бақылап отырады.

Түн ортасы ауғанда шеберханада екі кішкентай адам пайда болады. Бұлар эльфтер еді. Эльфтер етікшінің үстеліне көтеріліп, пішіліп дайын тұрған былғарыны кіп-кішкентай саусақтарымен тез-тез тіге бастайды. Етікші де, оның әйеліде өз көздеріне өздерісене алатын емес. Ельфтер екі жақтап пішілген аяқ киімдерді түгел тігіп болғанша олар тырп етпей, қадала қарап тұрады. Жұмысты бітірген соң эльфтер үстелден секіріп түсіп, көзден ғайып болады. Етікші мен әйелі перденің артынан шығып, эльфтер тігіп бітірген кебістерді келіп көреді. Тігістері түп-түзу, аса бір ұқыптылықпен жасалғаны көрініп тұр. Ешқандай мін таба алмайсың. Етікші мен әйелі қайран қалады. Эльфтерді сүйсіне естеріне алады.

Келесі күні әйелі етікшіге:
– Бұл кішкентай эльфтер бізге байлық әкелді. Оларға рахмет айтуымыз керек. Біз үшін әбігерленіп жүгіріп жүр. Аяқтары жалаң аяқ. Тоңып жүрген шығар. Мен оларға үстеріне киетін киім, аяқтарына шұлық тігіп берейін, – дейді. Етікші әйелімен қуана келіседі. Жоқшылықтан құтқарған осы эльфтер емес пе еді?! Кіп-кішкентай эльфтердің екі үлкен адамға көрсеткен көмегін қалай ұмытарсың?!

«Жақсылықты әрдайым жақсылықпен қайтару керек» демекші, екеуі келесі күні жатпай-тұрмай ойларындағы базарлықтарын әзірлейді. Әйелі эльфтерге арнап шалбар, күртеше, бас киім тіксе, етікші екеуінің аяқтарына шақ қылып екі пар кебіс даярлайды. Етікші де, әйелі де еш аянып қалмай, бар өнерлерін салады. Күні бойы әзірлеген сый-сыяпаттары дайын болғанда, етікшінің әйелі:
– Отағасы, біздің базарлығымыз кішкентай эльфтердің көңілінен шықса екен, тәйірі, – дейді күйеуіне күлімсірей қарап.

– Неге көңілдерінен шықпасын?! Қара, бәрі қандай сүйкімді, – деп етікші мәз болады.
Осылай өз істеріне разы болған етікші мен әйелі, енді эльфтердің келетін уақытын күтеді. Кеш батады. Түн болады. Етікші мен әйелі даярлаған сый-сыяпаттарын көтеріп, шеберханаға кіреді. Әйелі қос-қостан тігілген шалбар, күртеше, көйлек, шұлық және бас киімдерді үстелдің үстіне жаяды. Етікші болса, өзі тіккен кішкентай ғана екі пар кебісті шетіне қояды. Содан соң ол үстелдің үстіндегі басқа заттарды алып тастайды.

Ал, келесі кебістерді тігуге арналған былғарыларды тығып, өздері перденің артына жасырынып қалады. Уақыт аз өтті ме, көп өтті ме белгісіз, әйтеуір бір кезде есік ашылып, шеберханаға сол баяғы екі эльф кіреді. Олар күнделікті әдеттерінше кебіс тікпек болып, үстелге жақындайды. Қараса, үстел үстінде ешқандай былғары жоқ. Оның орнына шалбар, күртеше, көйлек, шұлық, кебіс және бас киімдердің жатқанын көреді. Екеуі алғашында таң данып тұрып қалады. Содан соң киі мдерді біртіндеп алып, киіп көре бастайды. Етікші мен әйелі жасаған сыйлықтар эльфтердің көңілінен шығады. Киімдерді киіп, риза болған олардың қуа нышында шек болмайды.

Әдемі киімдерді киіп көңілденген эльфтер енді би билеп, ән айтады:
«Сұрасаңыз, эльфтерміз, эльфтерміз әдемі, Енді бізге керек емес былғарының әлегі!» Осылай әндетіп, бил еген күйі эльфтер далаға шығады.
Етікші мен әйелі терезеден оларға сүйсіне көз тастайды. Сол кеткеннен эльфтер қайтып оралмады. Етікшінің еңбегі жанып, күннен күнге табысы арта түсті. Қандай жұмыс бастаса да, қолы жүріп, сәтімен аяқталатын болды. Сөйтіп, етікші адал еңбегінің арқасында мақсат-мұратына жеткен екен.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.