Мақал-мәтелдер — Пословицы: Ақыл туралы — Об уме

Ақыл туралы — Об уме

Адамның жүзі ақылдың айнасы.

Айғайлы жерде ақыл аз.

Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу.

Айлалы түлкі алдырмас.

Айласыз батыр алдырар.

Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел.

«Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, Ақылды бастың өзі болмасаң та
қүлағымыз».

Ақыл ағадан, ілтипат ініден.

Ақыл адам көрігі,

ақылдың сабыр серігі.

Ақыл азбайды,

Әділдік тозбайды,

Арамдық озбайды.

Ақыл айнымас, алтын шірімес.

Ақыл айтсаң батыл айт.

Ақыл — алтын сандық,

адамына қарай ашылар.

Ақыл — арман, ой — өріс.

Ақыл ауыздан, мерей көзден.

Ақыл — ауыс, ырыс — жұғыс.

Ақыл базарда сатылмайды.

Ақьл байлық — аз байлық,

Темір байлық — тозбас байлық,
Кен байлық — кең байлық.

Ақыл бастайды, аяқ тастайды.

Ақыл бастан, асыл тастан.

Ақыл бітпес дәулетке,

Дәулет бітпес келбетке (Абай).

Ақыл — гауһар бағасыз,

Ақымақ — ауру дауасыз.

Ақылға ақыл қос, ашуынды тос.

Ақылдан артық байлық жоқ.

Ақылдан асар амал жоқ,
Батылдар алмас қамал жоқ.

Ақылдан ашу көп болса — ақыл кетер,

Ашудан ақыл көп болса — ашу не етер?

Ақылдан жақын дос бар ма?

Ақыл — дария айдын,

Көңіл — дүлділ айбын.

Ақыл — дария, алса да таусылмайды,

Жел — қазына, сауса да таусылмады.

Ақыл — дария, ой — теңіз.

Ақыддасқан азбас, жақыңдасқан тозбас.

Ақылдассаң ақыл табасың.

Ақылдассаң пішерсің,

Ақылдаспасаң кем кесерсің.

Ақыл деген ағып жатқан дария,

Кеме айдаушы кемеңгер бір қария.

Ақыдды адам айтқызбай біледі,

Ақсұңқар қаққызбай іледі.

Ақылды адам ақымақтан да бірдеме үйренеді.

Ақылды адам ашыкса, ақылымен тоғаяр.

Ақылсыз адам ашықса, аз ақылы жоғалар.

Ақылды адам батпан-ақ,

Ақылсыз адам сасқалақ.

Ақыдды адам ерінбейді,

Куатты адам сүрінбейді.

Ақылды айттырмай білер,

Сақы сұратпай берер.

Ақылды ақымақтан үйрен.

Ақылды арын қорғайды,

Сараң малын қорғайды.

Ақылды басшың болса адаспайсың.

Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың.

Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың.

Ақылдыға жан қымбат,

Ақылсызға мал қымбат.

Ақылдыға ишарат,

Ақымаққа таяқ.

Ақылдыға сөз айтсаң, аз ойланып біледі.

Ақылсызға сөз айтсаң, тындайды да күледі.

Ақылдыдан шыққан сөз аңсағанға болсын кез.

Ақылды ерге карайды,

Ақылсыз өрге қарайды.

Ақыдды ерден сұра,

Дақылды жерден сұра.

Ақыдды ердің ішіңде алтын ерлі ат жатыр.

Ақылдың жардың ішінде алтын айдар ұл жатыр.

Ақылды жел де үшырмас, ұры да ұрламас.

Ақылды жылдығын,

Ақылсыз күндігін ойлайды.

Ақыдды жігіт:

атқа да мінер, таққа да мінер.

Ақылды «көндім» десе,

Ақымақ «жеңдім» дейді.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.