Загадки на казахском языке про учебу, знания
Қабат-қабат қаптама. Ақылың болса аттама. /Кітап/ | Жаны жоқ болса да, Ақылды адам ісін істейді. /Кітап/ |
Бір нәрсе білмегенді білгізеді, Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді, Жалғанда әңгімесі сондай қызық, Жаныңды тыңдай берсең кіргізеді. /Кітап/ | Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан, Бетінде бетегесі шығып жатқан. Қарайсың міне соған тамашалап, Сол судың кете алмайды дәмін татқан. /Кітап/ |
Сандығым бар өзгеше, Қолыма алып жүремін. Ішін ашып ақтарып, Өмір сырын білемін. /Кітап/ | Ұзын-ұзын ұсқауын, Ұзынына кім жетер? Шұбар ала күйкентай, Шұбарына кім жетер? /Кітап/ |
Бір қобди дүние жүзін бағалаған, Әсемдеп, талай адам қамалаған. Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде, Ашылса табылар еді не қалаған. /Білім, кітап/ | Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық, Ашылар мезгілінде баурын жазып. Ішінде толып жатқан қазынасы бар, Қорек қып пайданалар тамам халық. /Кітап, оқу/ |
Ұзын-ұзын,ұзын жол, Ұшына жеткен бар ма екен? Түбі терең қара су, Түбіне жеткен бар ма екен? Түбіне жетіп бұл судың Қанып ішкен бар ма екен? /Оқу/ | Дүниеде бір дария беті қайтқан, Бетінде бетегесі шығып жатқан. Қараса сол құдыққа көз жетпейді, Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. /Оқу, білім/ |
Сай бойында сары алтын. /Білім/Теңіздей түбі терең, Сүңгіген жетер әрең. /Білім/ | Ауыр-ақ,бірақ түсер салмағы жоқ, Артқанның арып кейін қалғаны жоқ. Арқалап бірін қоймай көтергеннің Аяғы ешуақытта талғаны жоқ. /Білім/ |
Үйіне мәңгі қайтпайтын, Қонақтар түнде келеді. Іздесе адам таппайтын, Жаңалық айтып беретін. /Газет-журнал/ | Бір басты,екі тілді бір мақұлық, Жүреді айдалада ырғатылып, Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді, Өзінің сөйлеспесе досты барып. Жиһанда қанша ділмар болсаң-дағы Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып, Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып, Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ, Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық. /Қалам/ |
Қаралаяқ ат міндім қаздаңдатып, Су ішпесе жүрмейді қырсау тартып, Бір аяғын шалшыққа малып алып, Тар көшеге салдым табандатып. /Қалам/ | Жаны жоқ қаршыға қолға қонар, Жем алып қиын жерден аузы толар, Мен өзім қаршығамнан баһра алдым, Шешуі осы сөздің қиын болар. /Қалам/ |
Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып, Жүргенде жол салады табандатып. /Қалам/ | Астында төсегі бар салған тағы, Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы, Теңізден салған жолы сайрап жатыр, Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы. /Қалам/ |
Бір ат бар бесеу ара,өзі жорға, Саламын жорғалатып жолдан-жолға. Найзамен қар үстіне суды құйып, Ғажайып бір іс қылдым осы жолда. /Қалам/ | Қара-дүр қасы, Жарық-дүр басы, Тұқаң-тұқаң еткенде, Келеді көздің жасы. /Дәуіт,қаламсап/ |
Атыңнан айналайын Әбдіхалық, Дымдыға дымсыз кірер басы жарық. /Дәуіт,қаламсап/ | Жаны жоқ, бірақ ізі бар, Жетектеп өзің жүресің. Сол ізді қайта зерттеп кеп, Көп нәрсені білесің. /Қалам,жазу/ |
Бір бөлек көріп жүрмін жайма базар, Өн бойы бір азамат қағаз жазар. Қасында құдығы бар тастан соққан, Суарып қолда сайман пайдаланар. /Дәуіт/ | Жапанда бір құдық бар суы тәтті, Қшінде бір бәйтерек бек айбатты. Жаралған десең болар, қандай шебер, Адамзат не бол десе,сол болыпты. /Қалам,дәуіт/ |
Бір нәрсе құмырсқа бел,сүйрік тұмсық, Екі бүйірі шығыңқы, көзі қисық. Жансызда жалықпайтын соны көрдім, Жорғалап қызмет етер құстай ұшып. /Қаламұш/ | Секіріп жүріп сырғиды, Тетігі бірақ адамда, Ақылмен, бимен жылжиды. /Қаламұш/ |
Екі басты айдаһар, Қара суды ішеді, Қайта құсып ақ жерге, Өрнектері түседі, Онсыз жаңа іс болмас, Адамның қылар ісі еді. /Қаламсап/ | Бір жорға бар шабысты, Ақ қағазға жабысты. Жорғаласа тайпалап, Келтірер көп табысты. /Қарындаш/ |
Оқу, білім туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар
Бір нәрсе ала шұбар,қара тұмсық, Қарасаң басқан ізі қисық-қисық. Өзі жансыз, жандының күшіменен Борайды ат үстінде желдей есіп. /Қарындаш/ | Өзгені бақытты етем деп, Өзі қажалып кетеді. /Қарындаш/ |
Тамға таяқ сүйедім, Отыз екі сыр-сырлап. /Сауыт қалам/ | Бір құс бар екі тілді сайрап тұрған, Үстінде мәуесі бар жайнап тұрған. Ішетін суы да көп, ішу де көп, Құдығы тасбұлақтан қайнап тұрған. /Қалам, сия/ |
Бір құс бар дарияда тұмсығы ұзын, Жаны жоқ жанды малдан жүрер бұрын. Бұл жұмбақ талай жерде айтылып жүр, Еш адам шеше алмайды бұдан бұрын. /Қалам/ | Үшкір ғана бір нәрсе айыр басты, Құдықтан көзге сулап төкті жасты. Кеппейтін мәңгі бақи жастың ізі, Дүниенің бәріменен араласты. /Қалам/ |
Үш адам мініп алып жалғыз жорға, Үшеуі тәуекел деп түсті жолға. Ізінен жорғасының тәлім қалып, Кетіпті жаппай тарап қолдан-қолға. /Қарындаш/ | Бір ыдыс әркімдерге болған аян, Бір жерде сабыр етіп, қылмас баян. Әркімнің қолында жүр оның суы, Ол судан ақыл табар барлық адам. /Сия/ |
Дүниеде бір құдық бар қайнап жатқан, Ішінен су шығады мың сан батпан, Сол құдық сондай-ақ көп болса-дағы, Бетіне бетегесі шығып жатқан. /Сия/ | Ағартуға жоқ, Қарайтуға әйдік-ақ. /Сия/ |
Бір құс бар бұлбұл деген ұзын мұрын, Сөйлесе келтіреді сөздің нұрын, Үстіне көкше мұздың жорғалаған, Құс жоқта сөйлейтұғын одан бұрын. >/Қағаз/ | Ата тегі ағаштан болды, Ақылын тауып, әсем жанды. Теңіз беті шимайланды, Бірақ ойым симай қалды. /Қағаз, дәптер/ |
Бір жанды бір жансызға мінгеседі, Жүгіріп әр жерлерден із кеседі, Тоқтамай жолдан жолды іздеп жүріп, Ойлаған бір орынға кездеседі. /Қағаз, жазу/ | Ақ тақырда қара дән, Қолмен сеуіп, сөзбен көр. /Жазу/ |
Ақ тақырда қара тұқым себілген, О тұқымнан білім дәні егілген. /Жазу/ | Ақ жерде қара тары, Кім шашса сол орады. /Жазу/ |
Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр, Өзінің кіндігінен айналып жүр. Өзіне назар салып қарасаңыз, Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. /Глобус/ | Жер көрдім қаласы бар, Үйлері жоқ мекендейтін. Көп көрдім, өзен көрдім, Сулары жоқ тереңдейтін. /Карта/ |
Бір сирағы біз, Бір сирағы салады із. /Циркуль/ | Болғанда айналасы, түсі қара, Ілулі көпшілікке тұрған жаңа. Бірде бар, бірде жоқ боп құбылып тұр, Ақылым жете алмай жүр буған жаңа. /Карта, тақта/ |
Болғанда айналасы, түсі қара, Ілулі көпшілікке тұрған жаңа. Бірде бар, бірде жоқ боп құбылып тұр, Туа салып анадан соны қуған. /29 әріп/ | Алыстан үйде отырып, алдым хабар, Формалап әрбір жерді бояу жағар, Айлықпен анда-санда барған деп, Тоқтамастан тана тағар. /Хат/ |
Аяғы жоқ жүреді, Аузы жоқ сөйлейді. /Хат/ | Бір мақұлық бар тілі жоқ, Сөйлегенде міні жоқ. /Хат/ |
Әкеміз Ормамбет хан, біз немере, Ойласаң ойға түсер әрбір неме. Адамға тілсіз, жайсыз сөйлеседі, Қолы жоқ, аяғы жоқ ол немене? /Хат/ | Келеді сапар тартып алуан жолдан, Тамаша қызығы көп түспес қолдан. Қызығын оқысаңыз тамашалап, Қаласаң хабарласып барлық жайдан. /Газет/. |