Маша мен Аю – Маша и Медведь (русские сказки на казахском языке)

Маша мен Аю – Маша и Медведь (русские сказки на казахском языке)

Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:
— Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады. Бірақ Маша олардың айтқанын тыңдамады. Ол құрбыларынан алысқа ұзап кетіп, ақырында адасып қалды. Маша оларды шақырып айқайлай бастады. Құрбылары дауыс қатпады. Маша ымырт түскенше орманды кезіп жүрді. Кенет бір үйді көрді.

Маша мен Аю – Маша и Медведь (русские сказки на казахском языке)

Машенька үйге кіріп:
— Бұл үйде кім тұрады екен? – деп ойлады. Ал бұл үйде аю тұратын. Ойлағанынша болмады, үйге Аю кіріп
келіп:
— Менің үйіме рұқсатсыз неге кіресің? – деп гүр ете түсті.
Маша:
— Мен адасып кеттім. Бүгін осында қонып, ертең үйіме қайтамын, — деді,
— Жоқ! Енді мен сені жібермеймін. Сен менің қолымда тұрасың. Пеш жағып, ботқа пісіріп, мені тамақтандырасың – деді.

Маша біраз бұртиды, бірақ не шара?! Ол аюдың үйінде тұра бастады. Аю күні ұзақ орманға кетеді, ал Маша үй жинап, дәмді бәліш пісіреді. Аюдың қуанышында шек жоқ.
Біраз күн өтті. Маша Аюға:
— Атам мен әжемді көрмегелі көп болды. Мен бір қорап бәліш пісірейін, ал сен оларға апарып
бер, — деп еді, ол келісе кетті.

Маша бір қорап бәліш пісірді де:
— Жаңбыр жауып тұрған жоқ па? Есік алдына шығып қарашы, — деді. Аю сыртқа шығып кеткенде Машенька қораптың ішіне кіріп алды. Аю қайтып оралғанда қораптың дайын тұрғанын көрді. Оны арқасына салып, деревняға тартты. Аю ұзақ жүрді, шаршады, ағаштың түбіріне отырып тынығып алғысы келді.
— Түбірге отырып, бәліш жейін, — деп ойлады.

Ал Машенька қорап ішінен:
— Түбірге отырушы болма, бәлішті жеме! Атам мен әжеме апар, — деді.
— Неткен қырағы еді. Бәрін көріп тұр, — деп, Аю қорапты көтеріп, ары қарай
аяңдады.

Деревняға жетті, қыздың атасы мен әжесі тұратын үйді де тапты. Олардың есігін бар күшімен тоқпақтап:
— Түк-түк-түк!
Есікті ашыңдар. Мен Машенькадан базарлық әкелдім, — деді. Иттер бір нәрсені сезгендей оған тап берді. Басқа иттер де жан-жақтан үріп, жүгіре бастады. Аю қорқып кетті. Ол қорапты қақпа алдына тастай сала, алды-артына қарамай қаша жөнелді. Осы кезде үйден атай мен әжей шықты. Қорапты көрді.

— Мынау не қорап – деп әжесі таңғалды. Атасы қораптың аузын ашып қараса, онда Машенька отыр. Атасы мен әжесі Машенькамен осылайша қауышты.

Сөздік – Словарь:

Ата – дедушка
Әже – бабушка
Немере қыз – внучка
Құрбылар – подружки
Үй – избушка
Аю – медведь
Пеш – печка
Ботқа – каша
Бәліш – пироги
Қорап – короб
Ауыл – деревня
Түбір – пенёк
Қақпа – ворота
Төбет, ит – собака
Жапқыш – крышка
Орман – лес
Кеш – вечер
Сөйлеу – говорить
Қалмау – не отставать
Ілікпеу – не слушаться
Алысқа кетті – ушла далеко
Ойлау – думать
Үйге кіру – войти в дом
Рұқсатсыз – без спроса
Орманда адасу – заблудилась
Түнеу – переночевать
Жібермеу – не отпускать
Пісіру – варить
Тамақтандыру – кормить
Пеш жағу – печку топить
Уайымдау – тужить
Түбірге отырамын – сяду на пенёк
Бәліш жеймін – съем пирожок

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector