Жұмбақтар — загадки на казахском языке. Балыктар — рыбы, киты

Жұмбақтар - загадки на казахском языке. Балыктар - рыбы, киты

Загадки на казахском языке: рыбы, киты и др.

Жұмбақтар - загадки на казахском языке. Балыктар - рыбы, киты

Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып,
Телегей
Мұхиттан шықпайды.
/Кит/
Басы доғал,
Мұрты бар.
Аузы апандай,
Ұрты бар.
Түрі китке ұқсайды.
Ілгегі бар дәу ұзын,
Керіп ашса ауызын,
Сәуле шашып тістері,
Судың кезген тереңін,
Шақырады қорегін.
/Қармақшы балық/
Тұрқы қысқа, күші мен
Қылығы бар орасан,
Мықты сояу тісімен,
Үлкенді де өзінен,
Қылғи салар жанаса.
Бірақ
Жемі ішінен
Көрінеді қараса.
/Қара тажал/
Қауырсын мұрт шетінен,
Жүзеді тек шалқалап.
Шабақты су бетінен,
Оңай ұстар қалқалап.
/Қарабауыр жайын/
Қарасаң келбетіне
Тұмсығы найзадай.
Шығарып су бетіне,
Қанатын жайса жай,
Көрінер кемедей,
Мұхитта телегей.
/Желкенді балық/
Тұмсығы — қайықтың күрегі,
Аузымен шөп сүзіп жүреді.
/Ескектұмсық/
Майшабақпен сайыспай,
Үйіріп жүрер басқара.
Тұлғасы ұқсас қайыстай
Шұбатылған таспаға.
/Белбеубалық/
Қапталған сүйекті сауытпен,
Қорықпас ешқандай қауіптен.
Сойдиған тістері қашаудай,
Қорегін асаудай-ақ асайды-ай.
/Сауыттыбалық/

Қазақ тіліндегі жұмбақтар: балық, киттер және т.б.

Жұмбақтар - загадки на казахском языке. Балыктар - рыбы, киты

Тұла бойы толы ине,
Жауын көрсе ол неме,
Едірейіп бүртігі,
Бола қалар біртүрлі.
Тұрған түсі көз көріп,
Шыға келер өзгеріп.
Қарнын үрлеп алады,
Допқа ұқсай қалады.
/Тікенқұрсақ/
Жалтыраған бауыры.
Құдды көмір түтігі.
Өзінің бар тәуірі,
Сәуле шашар түтігі.
/Үтікбалық/
Қошқыл жолақты,
Еріні сағақты.
Бүкіл денесі –
Терек теңгесі.
/Жапырақ балық/
Суда өседі, өнеді,
Сыртқа шықса, өледі.
/Балық/
Күміспенен апталған,
Теңгеменен қапталған.
/Сазан/
Қомағайлық жасайды,
Шабақтарды асайды.
/Шортан/
Сұрқы бір қарыс,
Итбалыққа ұқсайды.
Ұмтылғанда — жолбарыс,
Сүңгіп шабақ ұстайды.
/Сушылқара/Сулы жерді мекендеп,
Құрлықта да секеңдеп,
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп.
/Бақа/
Жоны қара тақтайдай,
Бауыры аппақ мақтадай.
Мекендейді мұз-қарды,
Сүйеді тек ызғарды.
Бұлғаңдайды, қашпайды,
Асықпайды, саспайды,
Мұз үстінде билейді,
Бірақ белін имейді.
/Пингвин/

Жұмбақтар - загадки на казахском языке. Балыктар - рыбы, киты

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector