Загадки на казахском языке про птиц

| Үйде отырады, жатпайды, Көзін терімен қаптайды. Жазда бекер тұрса да, Бергенді қыста ақтайды. /Бүркіт/ | Далаға отау тіктім қонақ үшін, Қонақ кісім ақылы шолақ үшін, Қонақ қонып жатқанда үй жығылып, Үй үстінде қалыпты қонақ кісім. /Бүркіт/ |
| Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ, Іліксе дүниенің бәрін алмақ. Өзінің тілі бар да тістері жоқ, Жұтады көрінгенді алмап-жалмап. /Бүркіт/ | Таудан тоқым лақтырдым. /Бүркіт/ |
| Қара арғымақ мінгенім, Қыр айнала жүргенім, Сегіз найза сенгенім, Он екі қылыш ілгенім. /Бүркіт/ | Айуан екі аяқты, асқан батыр, Басына о батырдың тіккен шатыр. Шешерсің дана болсаң бұны біліп, Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда, Бір айла адамзатта болып жатыр. /Бүркіт/ |
| Елең, елең етті, Қарға ауылға қона кетті, Қақтың суын іше кетті. /Бүркіт/ | Жер басқанның жүйрігі, Аспаннан келер бұйрығы. Бұйрығы жетіп келгенде Шошаңдайды құйрығы. /Бүркіттің қоянды алуы/ |
| Ерте тұрады, Жар шақырады. /Қораз/ | Басы тарақ, Арты орақ. /Қораз/ |
| Қызылдан киген киім, басқа қалпақ, Саусағы төртеу болған, емес жалпақ. Үстіне неше түрлі тон жамылып, Басады мас адамша талтақ-талтақ. /Қораз/ | Дүниеде бір молда Уағында азан оқиды. Мезгілінде айқайлап, Қайтып кеп жер шұқиды. /Қораз/ |
| Бір топ қамыс ішінде Шақырады жанды гүл. /Қырғауыл/ | Бір топ жыңғыл ішінде, Бір жапырақ қызыл гүл. /Қырғауыл/ |
| Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап, Басына бөрік киер, құндыз ұстап. Үстіне ақ камзолын киіп алып, Жүреді екі қолын артына ұстап. /Сауысқан/ | Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан, Бір күнде тағам татар әр қарадан. Басында қара жылтыр кепесі бар, Белінде белбеуі бар күлпарадан. /Сауысқан/ |
| Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын, Адамға көрсетпейді жұмыртқасын. /Жарқанат/ | Бар екен бір мақұлық шағын ғана, Мекені күндіз оның биік жарда. Ұшпайды ол мақұлық күндіз тіпті, Ұшады кешке таман күн батқанда. /Жарқанат/ |
| Әкесі тышқан, Шешесі құстан. /Жарқанат/ | Күндіз жоқ, Түнде бар. /Жарқанат/ |
| Жар басында жарбиған, Құлақтары қалбиған. Тышқан, құс аңдып жүреді, Бұл құсты кім табады? /Жарқанат/ | Күндіз ұшпас, Түнде ұшар, Құс қанатты, Тышқан суретті. /Жарқанат/ |
Құстар туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар

| Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ, Тұяғы бейне болат алмас пышақ. Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі, Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. /Үкі/ | Мысық бастан, Жапалақ түстен. /Үкі/ |
| Қайталап атымды, Көктемде ән саламын. Кез келген ұяға, Жұмыртқа табамын. /Көкек/ | Даланың көріп пе едің молдаларын, Тыңдаңыз ол сорлының айтқан зарын. Жиылып бір араға ойбайлайды, Кез келген дүниеге ол бір жарым. /Торғай/ |
| Тал басында ағаш үй, Терезесіз тамаша үй. Соны мекен етеді, Қыста алысқа кетеді. /Қара торғай/ | Желіп кетсе, жеткізбейді, Тап қасында жатса да адам көрмес. /Бөдене/ |
| Меңгіл-меңгіл, меңгілше, Меңгілде бар тарғылша. Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе табылмас. /Бөдене/ | Сөйлесе сөзді, Айтса ауызды, Тынысы басқа, Маңдайы қасқа. /Тоты құс/ |
| Аққу емес, мойны ұзын, Тырна да емес, сирақты. Аулайды балық күн ұзын, Түсіреді еске жирафты. /Балықшы құс/ | Тұмсығымен ояды, Ұя салып қояды. Табыңдаршы, балалар, Ол қандай құс болады? /Тоқылдақ/ |
| Қызыл жыңғыл түбінде, Қыздай болып отырмын. Беті-қолымды жуып алып, Мұздай болып отырмын. /Қырғауыл/ | Ай астында жортқан, Күн астында жортқан, Күміс сырнай тартқан. /Қаз, қу/ |
| Балпаң-балпаң басады, Адамнан қатты сасады. Саусақтары салалы, Қыста жылыға қашады. /Қаз/ | Екі аяғы да жоқ, Белінде таяғы да жоқ. /Жұмыртқа/ |
| Айтайын бір жұмбақты саған нұсқап, Басына бөрік киер қара пұшпақ. Үстіне ақ камзолын киіп алып, Тұрады екі қолын артына ұстап. /Ала қарға/ | Ұзын сирақ, түйе бас, Жібек жалды қара шаш. Қарап тұрсаң керуен, Жасағаны серуен. /Тырна/ |
| Көлде жүрген көп сиыр, Жетіп барсаң, жоқ сиыр. /Үйрек/ | Шелектеп құйсаңда су жұқпас. /Үйрек/ |
| Таңертең қашқан сиыр кеште бұзаулайды. /Тауық/ | Күн батса қонақтап қалғыған, Таң атса жерден жем аңдыған. /Тауық/ |
| Ағаш басында, Тас арасында, Әр алуан қуыста Түндіксіз отау. /Ұя/ | Құдай шебер ме, Құрқылтай шебер ме? /Ұя/ |
