Загадки на казахском языке про рукоделие (прялка, иголка, ножницы и др.)
Шаршамас кемпір көрдім жалғыз аяқ, Аузына тістеп алған шиден таяқ, Жүрген сайын белбеуін қабаттайды, Беріпті әсемдікті аямай-ақ. /Ұршық/ | Ақ күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды. /Ұршық/ |
Жалғыз ғана көзі бар, Алтыннан белбеуі бар, Жыңғылдан таяғы бар. /Ұршық/ | Мұрның-мұрның, мұрынды, Мұрның неден жырылды? Аузы-басын түк басып, Сені неден жын ұрды? /Ұршық/ |
Көк лағым көген сүйреді. /Ұршық/ | Көрінген жол үстінде доғалай бас, Қолы жоқ, аяғы жоқ бұл қалай бас? Жағынан шапалақпен сипап ұрсаң, Атындай жолаушының жорғалай бас. /Ұршық/ |
Зырлайды күшік әжемнің Қолынан сүйек кеміріп, Күн асқан сайын ақ күшік Барады мүлде семіріп. /Ұршық/ | Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ, Аузына тістегені қылдан таяқ, Бір ұрсаң шапалақпен семіреді, Белбеуі бар белінде сансыз қабат. /Ұршық/ |
Дүниеде бар екен жалғыз көзді, Киімін үйіп тастап, күдер үзді. /Ине/Шым шиедей қотыр. /Кесте/ | Жүгіріп кетсе жүйрік бір, Лып-лып етіп ойнаған. Кереметі құйрық бір, Құтаймай-ақ қойды оған. /Ине/ |
Қылдырықтай бір нәрсе иретілген, Мойнында ұзын арқан сүйретілген. /Ине, жіп/ | Бір тышқанда екі құйрық. /Ине, жіп/ |
Аузы менен көзі бар, Сүйретіп досын ертіп жүр. /Ине, жіп/ | Бір әйеки құс екі қанатының, Ұшында екі көзі бар, Анжал-манжалды өзі алып жей алмайды. /Қайшы/ |
Қол ісі туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар (прялка, инелер, қайшылар және т. б.)
Тіс деген жоқ, ерні өткір, Қазықтаулы көмейі. Қан шығармай өмірде бір, Өлтіреді, жемейді. /Қайшы/ | Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық, Матаның күнде жейді басын қыршып, Матаның жеген сайын басын қыршып, Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық. /Қайшы/ |
Мылжа басты, Мың көзді. /Оймақ/ | Адамға сонша пайдалы, Басында сансыз көзі бар. /Оймақ/ |
Бір атым бар өзі өте шабан, Бірден артық мінбейді оны адам, Қамшылап күні бойы тебінсем де Япыр-ай жылжымайды төрт-бес қадам. /Өрмек/ | Қыл-қыбыр да жүн қыбыр, Жұла берсе жарасар. Екі мұртын қайырып, Ұра берсе жарасар. /Өрмек/ |
Қылмаң-қылмаң етеді, Қаға берсең жарасар. Екі жағын жапырып, Ұра берсең жарасар. /Өрмек/ | Жүріп келем, жүріп келем, Екі етекті қусырып ұрып келем. /Өрмек тоқу/ |
Қосақтап серпе бердім, Соңынан жорта бердім. /Өрмек тоқу/ | Сөкі басын сөлкитіп соға берсең бітеді, Екі бұтын талтайтып ұра берсең бітеді. /Өрмек тоқу/ |
Міне, шашым, аллаға, Бақан, қылыш, қолға ала, Қолымда қамшы орама Қылыш салдым тамақтан, Тамшы да жоқ қан аққан, Өлтіріп әбден болғанда Көргеннің бәрі жаратқан. /Өрмек тоқу/ | Жыңғыл тақтым жұртыңа, Жылпылдап бұтыңа, Әне-міне дегенше, Өте шықтым сыртыңа. /Өрмек тоқу/ |
Өзен бойын өрледім, Су таба алмай шөлдедім, Оң қолымдағы найзаны, Олай-бұлай сермедім. /Өрмек тоқу/ | Ұзын-ұзын жолдар бар, Үйрек қонар көлдер бар. Ат үстінде шоқиып, Отыратын күндер бар. /Өрмек, шекпен тоқу/ |
Сиыр сойдым жұртыма, Сымпылдаттым бұтыма. /Өрмек және оны тоқушы әйел/ | Мамық, шуаш иісті, Шыр айналып жіп болар, Тоқыса жылылығы күшті Ағашқа құйындап оралар. /Иірілген жүн, жіп/ |
Құрап-құрап тон піштім, Құлынды биеге бергісіз. /Тоқылған ши/ | Жарға жаңқа жабысқан, Екі үзеңгі қағысқан. /Ши тоқу/ |