Баяғы өткен заманда Мидас деген ерекше бай бір патша өмір сүріпті. Ол патша мәртебесіне сай келер нәрсенің бәріне ие болатын. Мидас патша тұратын зәулім әрі әдемі сарайдай сарайды жер шарын төрт айналсаң да көре алмассың. Осы аты шулы патшамыз өмірін Мэриголд атты қызымен бірге молшылықта өткізіп жатады. Бар қызығы – өте қатты жақсы көретін қызы Мэриголд болса, бар арманы – байлықтың үстіне байлық, алтынның үстіне алтын қосу еді. Ол ең үлкен бақыт «өмірде алтынмен апталып, күміспен қапталуда» деп ойлайтын.
Алтынға әбден құныққан патша өзінің бар уақытын алтын тиындар мен басқа да алтын бұйымдар ды санауға жұмсайтын. Кейде оты рып алып, алтын киім киіп, алтын суға шомылуды армандай тын. Тоқетерін айтсақ, Мидас патша, кішкентай қызын санамағанда, дүниенің бар қызығынан алтынды артық көретін.
Бірде ол, әдетінше, қолы босасымен алтын сақтайтын қоймасына қарай аттанады. Алтынның буына балқып отырған шағында, кенет, қайдан екені белгісіз бір жігіт пайда болып, былай дейді:
– Мидас патша, сіз бай адамсыз, осы бөлмедегі бар алтынның иесісіз. Дүние жүзінде мұндай алтын басқа ешкімде жоқ шығар?
– Иә, ешкімде жоқ, – деп жауап береді Мидас патша.
– Бұдан артық байлықты қаламайтын боларсыз?
– Жоқ, әлі де бір тілегім бар. Қолым тиген нәрсенің барлығы алтынға айналса деп армандаймын. Бейтаныс жігіт:
– Яғни, сіз жанап кеткен нәрсенің бәрі алтынға айналып жатса ғана бақытқа кенелемін деп ойлайсыз ба?
– Әрине, сонда ғана нағыз бақытқа ие боламын, – деп жауап береді Мидас патша.
Патша өзінің сиқыршымен сөйлесіп тұрғанын білмеді. Жігіт патшадан тағы да:
– Егер сондай қасиетке ие болсаңыз, осы шешіміңіз үшін ешқа шан өкінбейсіз бе?
– Ешқашан өкінбеймін. Құдай қалап, мен осы қасиетті иемденсем ең бақытты адам болар едім.
– Онда қалағаныңыз болсын, – дейді жігіт.
– Ертең таң атқанда қолыңыз тиген барлық нәрсе алтынға айналады.
Осылай деп сиқыршы жігіт Мидас патшамен қоштасып, ғайып болады. Түкке түсінбеген патша «Бұл кім? Өңім бе, түсім бе?» деген оймен күні бойы дел-сал болып жүреді. Кеш батады. Түн болады. Патша тынығу үшін бөлмесіне кіреді. Таңертең патша ұйқысынан тұрып жан-жағына қарайды.
Міне, ғажап, жатқан төсегі алтынға айналып кетіпті. Мұны көрген Мидас патша қатты қуанады. Ол төсегінен секіріп түсіп, айналасындағы бар заттарды ұстай бастайды. Қолына кітап алып, барлық бетте рін парақтап шығады. Әр бетке патшаның қолы тиген сайын қағаз парақтар алтын парақтарға айналып жатады. Осыдан кейін кітап ты ашып оқу мүмкін емес болады.Өз киімдерін кие бастап еді, киімдерінің барлығы алтынға айналып, ауырлап кетеді. Қолына бет орамалын ұстағанда, ол да алтынға айналып сала береді. Мидас патша серуендеп келмек болып сарайдың алдындағы баққа шығады.
Бақта алқызыл раушан гүлдері жайқалып өсіп тұр екен. Патша олардың арасындағы біреуін ұстап көреді. Сол сәтте әдемі раушан гүлі қатқан алтынға айналады. Жаңадан пайда болған қасиетіне қызыққан Мидас патша бір гүл шоғынан екіншісіне, одан ары қарай келесісіне өтіп барлық раушан гүлдерін алтынға айналдырғанша сипап шығады. Бақыттан басы айналған патша енді сарайға таңғы ас ішуге кіреді.
Кең бөлмеде дастарқан жаюлы тұр екен. Мидас патша орындыққа барып отырады. Кішкентай қызы Мэриголд әлі келе қоймапты. Көңілі көтеріңкі патша қызын күтеді. Көп ұзамай Мэриголд бөлмеге жылап кіреді.
– Кішкентай ханшам менің, қойыңыз, сізге не болды? Таңғы ас ішерде неге жылап отырсыз?– дейді әкесі қызын жұбата сөйлеп.
Мэриголд қолындағы алтын гүлді көрсетеді. Бұл – Мидас патша сипап өткен раушан гүлдердің бірі еді. Мэриголд:
– Қымбатты әке, әкетайым менің, бір түннің ішінде осылай болуы мүмкін емес. Әлде бұл біреудің дөрекі әзілі ме? Мен бақтың ішіне сізге арнап раушан гүлін алу үшін кіргенмін. Бірақ ол жерде жай қала өсіп тұрған әдемі раушан гүлдер болмады. Олардың орнында түстері өзгеріп кеткен, иісі жоқ мына гүлдер тұр, – дейді өзінің тәтті дауысымен.
– Құлыным-ау, соған бола жылап келдің бе? Қой, сен кішкентай жылауық қыз емессің ғой. Менің әлемдегі ең сүйікті, әдемі, ақылды ханшамсың. Ондай қызыл түсті, иісі бар раушан гүлдерін әлі-ақ өсіріп аламыз. Шыдамды бол, еш уайымдамай, отырып таңғы асыңды іш, – деп қызын саябырландырады патша.
Содан кейін ол кофе ішейін деп саптаяқты көтереді. Қас қағым сәтте шыны ыдыс алтын ыдысқа айналады. Ерніне көфе тигені сол еді, ол да алтынға айналып қатып қалады. Бұл жайтқа патшаның өзі де таң қалады. Сонан соң ол ақырындап кішкентай балықты өзінің табақшасына салып, алықты ұстай беріп еді, ол да алтынға айналып шыға келеді.
«Мынау дегенің масқара ғой. Мен таңғы асымды қалай ішемін?» деген ой келеді патшаға. Енді ол ыстық тоқаш пен жұмыртқаны жеп көруге тырыса ды. Бірақ ыстық тоқашта, жұмыртқада алтынға айналып кетеді. Мидас патша шапшаң қимылдап, ыстық картопты аузына салып жібереді. Алайда ол оныда жұтып үлгермейді. Картоп алтын кесекке айналады. Сөйтіп құрсағына еш ас бармаған патша аузындағы кесек алтынды түкіріп тастауға мәжбүр болады.
Бойын үрей билеген Мидас патша аузын қолымен басып, үстелден ұшып түрегеледі. Әкесінің осы қылықтарын сырттай бақылап отырған Мэриголд:
– Әке, қымбатты әкем! Сізге не болды? – деп сұрайды жыламсырап.
Мидас патша:
– Қызым, о, менің сүйікті қызым! Саған қалай түсіндірсем екен. Мен бір бәлеге душар болдым. Соны ойлап мазам кетті. Табан астынан уайым-қайғыға тап болғанымды қарашы.
Бұл дегенің сұмдық қой! – дейді нали жауап беріп.Сүйкімді Мэриголд әкесінің қиналғанын көріп жаны ашып кетеді. Ол отырған орындығынан секіріп түсіп, патшаны барып құшақтай алады. Мидас патша да қызының бетінен сүйіп тұрып:
– Менің сүйкімді Мэриголдым, – дейді аялап.
Бірақ қызы үн қатпайды. Оның әдемі, алқызыл беті біртіндеп сарғайып, лезде кішкентай Мэриголд енді бала емес, жай ғана алтын мүсінге айналып кетеді. Мидас патша үшін бұдан асқан қа сірет жоқ болатын. Оның бір сөз айтуға шамасы келмей еңіреп жылай бастайды.
– Менің ботам, қымбатты қызым! Мен не істеп қойдым? Не бүлдірдім? Бәріне тек өзім кінәлімін!
Патшаның түрі өте аянышты еді. Сол кезде бөлмеде баяғы сиқыршы жігіт пайда болады.
– Иә, Мидас патша, халжағ дайыңыз қалай? Арманыңыз орындалды. Енді сіз дүние жүзіндегі ең бақытты адамның бірі боларсыз? – деп сұрайды.
– Жоқ, мен дүние жүзіндегі ең бейшара адаммын, – дейді патша жы лауын тоқтатпай. – Мен үшін ең қыбатты, ең сүйікті жан – жалғыз қызымнан айырылдым!
– Иә, солай деңіз. Осылайша өмір сізге жақсы сабақ берді ме?! – деп сөге сөйлейді сиқыршы жігіт.
Содан соң ол біраз ойланып тұрып, былай дейді:
– Менің сұрақтарыма жауап беріңіз. Жауаптарыңыз ұнаса, мүмкін мен сізге көмектесе алармын.
Мидас патша сөзге келмей келіседі.
– Алдымен мына екі нәрсенің сізге қайсысы жақын, соны айтыңызшы? Алтын ба, әлде бір саптаяқ таза су ма?
– Әрине, бір саптаяқ таза су, – дейді Мидас патша.
– Келесісінің қайсысы жақын? Алтын ба, әлде бір үзім нан ба?
– Бір үзім нан, – деп жауап береді Мидас, – ол дүние жүзіндегі барлық алтыннан да қымбат.
– Соңғы сауалым, сізге заттарды алтынға айналдыру қасиетіңіз қымбат па, әлде кішкентай қызыңыз Мэриголд па?
– О не дегеніңіз. Ешқандай қасиеттің қажеті жоқ, алтынға да рақмет. Мен үшін ең қымбатты жан – әрине, қызым! – деп өксиді Мидас патша.
– Тағы да ойланыңыз. Шынымен заттарды алтынға айналдыра білу қасиетіңізді маған қайтарып бересіз бе? – деп нақтылай сұрайды жігіт.
– Әрине, әрине, тек қызымды бұрынғы қалпына келтірсеңіз болды, – дейді патша.
– Дұрыс-ақ. Жүрегіңіз тек алтынды ғана қалай ма десем, сіз алтыннан жоғары қоятын басқа жан бар екен ғой. Бұл сіз үшін бір үлкен сынақ болды. Бұдан былай еш ақымақтық жасамайтын шығарсыз, – дейді сиқыршы.
– Ал енді бақты айнала ағып жатқан өзенге барып, қолыңызды батырыңыз. Сол судан алып, алтынға айналдырған барлық нәрселерге бүркеп шығыңыз. Су оларға тіршілік береді.
Патша: «Осы мені алдап тұрған жоқ па?» – деп күдіктене ді. Жігіттің сөзіне сене қоймағанымен, ойлануына уақыт жоқ еді. Үміт оты ұялаған патша қуанышын жасыра алмай, сиқыршы жігітке жүре алғысын білдіріп, өзенге қарай тұра жүгіреді. Жол-жөне кей кездескен құмыраны өзімен бірге іле кетеді. Жүгірген қалпы тоқтамай өзенге жетеді. Қолын суға малып алып, құмыраны толтырады. Су толы құмыраны көтеріп сарайға оралады. Сарайға кіре салысымен кішкентай Мэриголд тың мүсініне су бүркеді. Су тиген алтын мүсін біраз уақыттан соң өзінің бұрынғы қалпына келеді. Мэриголд үстіндегі су-су болған көйлегіне қарап:
– Әкетайым, не істеп жатырсың? – дейді таңдана.
– Мен бұл әдемі көйлекті бүгін таңертең ғана кигенмін.
Мидас патша қызын құшақтай алып:
– Ештеңе етпейді, алтыным. Су болса кеуіп кетеді, – дейді.
Мэриголд жаңа ғана өзінің алтын мүсін болғанын білген жоқ. Әкесіде қызына қандай ақымақтық жасағанын айта алмады. Қызының тірі денесін қайта құшып, бетінен сүйе алғанына қатты уанды. Ал Мэриголд әкесінің неге бұлай өзгергенін түсінбеді.
Мидас патша қызын ертіп, бақшадағы алтынға айналған раушан гүлдеріне су бүркейді. Алтын гүлдер тіріліп, қайтадан әдемі алқызыл раушан гүлдерге айналады.
Жаны жайланған Мидас патша сарайға кіреді. Қызымен бірге сарайды аралап жүріп өзі жанап кетіп алтынға айналдыр ған барлық бұйымдарды қалпына келтіреді. Сол кезде ол өзі нің қаншалықты бақытты екенін сезінеді. Алтынның аса қымбат емес екенін түсінеді. Халқымен бар байлығын бөлі суді жөн көреді.
Осы оқиғадан кейін Мидас патша жақ сы адамға айналады. Бұрынғыға қа ра ған да жомарт және мәртебелі болады. Мэри голд тұрмыс құрады. Сүйікті әкесіне немерелер сыйлайды. Мидас патша қартайған шағында не ме релерінің қызығын көреді. Басынан өткен «алтын жанасу» туралы әңгімесін немерелерінің алтын шаш тарын сипап отырып айтып береді. Ол дүние нің бар байлығы осы екенін түсінеді.