Онға дейін санайтын Лақ — Козленок, который умел считать до десяти

Онға дейін санайтын Лақ - Козленок, который умел считать до десяти

Ерте, ерте, ертеде, баяғы өткен заманда аң-құстар, жан уарлар бірге тұрып, бір тілде сөйлеп, бірге ойнап, тату-тәтті өмір сүріпті. Солардың ішіндегі Ақ ешкінің бір лағы өте ақылды болыпты. Ол ағаларынан санауды үйреніп алыпты. Содан Ақ лақ көзіне түскен нәрсенің бәрін санай береді екен.

Онға дейін санайтын Лақ - Козленок, который умел считать до десяти

Бір күні Ақ лақ көлге келіп, еңкейіп, судың бетінен өзінің бейнесін көреді. Суретіне таңдана қарап, көп уақытқа дейін орнынан қозғалмай тұрып қалады.
Біраздан соң:
– Бір! – дейді.
Бұл сөзді жақын маңда жас шөпті жұлып жеп, асықпай шайнап, көгалды жерде жайылып жүрген қара ала Бұзау естіп қалады.

– Сен не істеп тұрсың? – деп, Бұзау Лақтың қасына жетіп келеді.
– Мен өзімді санап алдым. Қаласаң, сені де санайын. – Егер еш жерімді ауыртпасаң, санай ғой! – дейді Бұзау.

– Қорықпа! Сен тек қозғалмай тұршы, әйтпесе мен санай алмаймын.
– Ой-ой-ой! Маған үйдегілер рұқсат бермейтін шығар. Қорқамын, – деп, Бұзау былдырлап, артқа шегінеді. Лақ секіріп, жанына барып, санай бастайды.
– Мен өзім – бір! Сен – екі! Бір, екі! Ме-ее!
– Ма-а-ма! – Бұзау аянышты дауыспен жылап жібереді. Мұны естіп, қоңырауын сылдырлатып, Сиыр жетіп келеді.
– Мө-ө! Не болып қалды?
– Мені Лақ санап қойды! – дейді Бұзау жыламсырап.
– Санау деген не нәрсе? Мө-ө! – деп, Сиыр ашулана мөңірейді.
– Мен онға дейін санауды үйрендім! – дейді Ақ лақ мақтана.
– Бір, ол – мен! Екі, ол – Бұзау! Үш, ол – Сиыр! Бір, екі, үш! Ме-ее!
– Ой-ой-ой! Көрдіңіз бе, ол Сізді де санап жіберді! – деп, Бұзау өкіріп шыға келеді.

Лақтың санағанын енді түсініп, Сиыр, тіпті, қатты ашуланады.
– Мен саған көрсетемін! Қарашы, мына бұзықтың бізді мазақтап тұрғанын! Қане, балам, Лақтың сазайын тартқызайық!
Ақ лақ секіріп-секіріп, қаша жөнеледі. Сиыр мен Бұзау Лақтың соңынан қуып береді.

Бұл кезде жақын жерде Өгіз өзінің өткір мүйізімен топырақты қазбалап, жайылып жүрген. Лақтың соңынан жүгіріп бара жатқан Бұзау мен Сиырды көріп, алдарынан шығады.

– Мына шолақтың артынан неге қуып келе жатырсыңдар? – дейді ол жуан дауысымен гүжілдеп.
– Ол бізді санап қойды! – деп, Бұзау бақырады. – Мө-ө! Біз оны ұстап аламыз! – деп ырс-ырс демалып, Сиыр мөңірейді. Ақ лақ тұра қалып, тағы санауға кіріседі.
– Бір, ол – мен, екі, ол – Бұзау, үш, ол – Сиыр, төрт, ол – Өгіз. Бір, екі, үш, төрт! Ме-ее!
Қара ала Бұзау:
– Ой-ой-ой! Өгіз аға! Енді Лақ Сізді де санады! – деп мөңірейді.
– Жоқ! Мен оған өзімді санатпаймын! – деп, өкіріп, Өгіз басқалармен бірге Лақтың артынан қуа жөнеледі.

Онға дейін санайтын Лақ - Козленок, который умел считать до десяти

Бұлар шаңдатып шауып келе жатқан жолдың жиегінде бір Ат шөп жұлып жеп жүрген болатын. Дүбірді естіп, бұрқырап көтерілген шаңды көріп, Ат дегбірсіздене айқай салады:
– Мынау не асығыстық?
– Біз Лақты қуып келе жатырмыз, – дейді Сиыр ентігін баса алмай.
– Лақ бізді санап жүр! – деп зарлана бастайды Бұзау.
– Лақтың санауға ешқандай құқығы жоқ! Уф-ф! Мө-ө! – деп, гүрілдеп шығады Өгіз.
– «Санау» деген не екен? Лақ оны қалай жасайды?
– Тіпті, оп-оңай! Қараңдар! – дейді Лақ. – Бір, ол – мен, екі, ол – Бұзау, үш, ол – Сиыр, төрт, ол – Өгіз, ал, бес, ол – Ат! Бір, екі, үш, төрт, бес!
– Ой, Лақ енді Атты да санап шықты! – дейді Бұзау.
– Әй, оңбаған! Тоқтай тұр! – деп, Ат кісінеп жіберіп, Лақтың соңынан шаба жөнеледі.

Онға дейін санайтын Лақ - Козленок, который умел считать до десятиЖолдың арғы бетінде, қашарда, семіз Шошқа ұйықтап жатқан. Жануарлардың тұяқтарының дүрсілінен ол шошып оянады. – Хрю-хрю-хрю! Бұлар қайда кетіп бара жатыр? – деп, зор денесімен орнынан әрең түрегеледі. Тұмсығымен қоршауды опырып, сындырып жіберіп, еш кімнен қалғысы келмей, бүлкілдеп тобырға қосылады.

– Біз Лақты қуып келе жатырмыз! – дейді Сиыр демігіп.
Бұзау:
– Ол бізді санап жүр! – дейді аянышты үнмен созыла сөйлеп.
Өгіз:
– Лаққа санауға ешкім құқық берген жоқ! Уф-ф… – дейді гүрілдеп.
Ат:
– Біз оған көрсетеміз! – деп кісінейді, аяғымен Бұзауды теуіп жібере жаздап.

Шошқа;
– Лақ қалай санайды екен? – деп, таң қалады. Лақ:
– Ол оп-оңай ғой! – деп қуанып кетеді. – Бір, ол – мен, екі, ол – Бұзау, үш,
ол – Сиыр, төрт, ол – Өгіз, бес, ол – Ат, ал, алты, ол – Шошқа! Бір, екі, үш, төрт, бес, алты!
Бұзау:
– Ой-ой-ой! Шошқа апай! Енді Лақ Сізді де санап қойды! – деп, өксіп жылап жібереді.
– Ал, бәлем! Мен оған көрсетемін! Санағаны үшін Лақ сазайын тартады, – деп қорсылдайды Шошқа.

Бірін-бірі қуып, зымырап келе жатқан жануарлар өзенге жетеді.
Өзеннің жағасындағы айлақта желкенді кеме тұр екен. Кеменің үстінде Әтеш, Төбет, Қой, Мысық жүр. Әтеш – кеме капитаны, Төбет – көмекші, Қой – теңізші, Мысық – аспаз. Капитан бір топ жануарлардың шаңды аспанға көтеріп жүгіріп келе жатқанын көріп, қорқып кетеді.

Онға дейін санайтын Лақ - Козленок, который умел считать до десяти

Әтеш:
– Тоқтаңдар! –деп, оларға айқай салады. Бірақ, кеш қалған еді. Лақ аяғын басқышқа тіреп, бір-ақ секіреді. Лақтың артынан қалғандары да кеменің үстіне мініп алады. Желкенді кемені өзеннің ағысы ең терең жағына қарай ала жөнеледі.

Қорыққан Әтеш өңі қашып:
– Ку-ка-ре-ку! Көмектесіңдер! Құтқарыңдар! Суға батып бара жатырмыз! – деп айғайлайды. Қалғандары да өлердей қорқып, қалшылдап-дірілдеп, үндемей қалады.
– Кім санай біледі? – деп, Әтеш қайтадан айқай салады.
– Мен білемін! – дейді Ақ лақ.
– Тез барлығымызды санап шық! Кеме он жолаушыдан артық көтере алмайды!
– Тез, тезірек сана! – деп, жануарлар жан-жақтан шуласып қоя береді. Лақ санай бастайды.

– Бір, ол – мен, екі, ол – Бұзау, үш, ол – Сиыр, төрт, ол – Өгіз, бес, ол – Ат, алты, ол – Шошқа, жеті, ол – Әтеш, сегіз, ол – Төбет, тоғыз, ол – Қой, он, ол – Мысық! Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он!

– Алақай, Лақ! Алақай ! – деп, бәрі қуанып кетеді. Жолаушылар өзеннен аман-есен өтіп, кемеден түсіп қалады.

Ақ лақ болса, содан бері кемеде тексеруші болып, Әтешке көмектесіп жүр екен. Әтеш кемеге жолаушыларды отырғызғанда, Ақ лақ оларды санап тұратын көрінеді.

Онға дейін санайтын Лақ - Козленок, который умел считать до десяти

Автор — Альф Прейсен – известный норвежский писатель, поэт и композитор. Его сказки легки для чтения, они добрые и веселые, они не разрушают собственный мир ребенка, а наоборот, только лишь помогают ему приспособиться к миру взрослых.
Из сказок Пресена в России пользуется популярностью «Козленок, который умел считать до десяти». В ее основу положено существовавшее еще у древних народов представление о том, что ни в коем случае не надо ничего пересчитывать — чтобы не было беды и чтобы не потерять того, что пересчитано. По этой сказке в России также снят мультфильм.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector