Загадки на казахском языке про предметы для хозяйства
Қара бием қалт етті, Қабырғасы жалт етті. /Шалғы/ | Алдын ойпар, Жанын жайпар. /Шалғы/ |
Өзі бүкір, Бүтін қырды таусады, Қырдан қайтып, Үйде бір жыл жатады. /Орақ/ | Көк өгізім көл жапырып бара жатыр. /Орақ/ |
Тісі көп, аузы жоқ. /Ара/ | Басы жоқ, екі беті, тісі бар, Қақ бөлер бөренені күші бар. /Ара/ |
Елу аяқты, Екі қолды. Салады елу аяқпен Жалғыз жолды. /Ара/ | Алпыс тісті айдаһар, Ешқайда қадам баспайды, Қозғамасаң жатады, Ештеңеден саспайды. Ағаштан тамақ жейді екен, Жұтпай шайнап тастайды. /Отын кесетін ара/ |
Бас аяғы теп-тегіс боп біткен, Селкілдесе денесі дір-дір еткен. Өзіне қандай жуан кез келсе де, Күшімен қақ айырып бөліп кеткен. /Темір ара/ | Қаңылтыр қара мейіз, мыстан шеге, Келбеті бұл жұмбақтың келер неге? /Темір ара/ |
Тізіле өскен тісі бар, Көп істеген ісі бар. /Қол ара/ | Жетпіс аяқ бауырында, Екі қолы жауырында, Тындырады істі ол, Жеңілін де, ауырын да. /Ағаш кесетін үлкен ара/ |
Бір итім бар қабаған, Маңдайына темір жамаған. /Шапашот/ | Тоғайға барса ауылға қараған, Ауылға қайтса тоғайға қараған. /Балта/ |
Жансыз жарады, Жанды ұрады. /Балта/ | Кішкене ғана келіншек, Төбесінде түйіншек. /Шеге/ |
Болғанда жалпақ табан, жалғыз тісі, Қолында адамзаттың барлық күші, Үстінен бірер қабат жүріп кетсе, Нәрсенің астындағы кірер түсі. /Сүргі/ | Үй артында бүкір терек, Күресуге кісі керек. /Тез/ |
Қу тізе қу ағашқа құндақтаймын, Аузымда сегіз тісім жылмақтаймын, Бірін мініп, біреуін қыстап алып, Үстінде анда-мында ырғақтаймын. /Талқы/ | Бір қарыс қана бойы бар, Әр нәрсеге айналса, Аламын деген ойы бар. Тізіліп тұрған тісі бар, Бір ағаш бар мұртында, Тістің бәрі сыртында. /Егеу/ |
Керегенің басында кетпен құйрық, Кесіп алса таусылмас кепкен құйрық. /Қайрақ/ | Жалғыз тіс, екі қолы, қос құлағы, Бар екен барлығының ынтымағы, Иесі ашуланып айдаса оны, Бұрқырап бөтен жерден жол салады. /Бұрғы/ |
Бар екен бір айдаһар аузын ашқан, Көргенде адам пенде заһар шашқан. Кетеді ашуланса таудай болып, Қайнатып қара тасты ашу басқан. /Көрік/ | Ұзын-ұзын қос таяқ, Өрмелейміз ұстап ап, Келте-келте көп таяқ. /Саты/ |
Аждаһа дию көрдім аузын ашқан, Келгенде жем жерінде қарсыласқан, Мінеді ағаш атқа темір қамшы, Көр қазір қатты жүрсе тозаң шашқан. /Диірмен/ | Елу аяқты, Екі шолда, Салады елу аяқпен жалғыз жолды. /Қол диірмен/ |
Өзі тоқ, Көлеңкесі жоқ. /Құдық/ | Өзі бар, Көлеңкесі жоқ. /Құдық/ |
Шаруашылық заттары туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар
Салбыратып салдым, Тамшылатып алдым. /Қауға/ | Ашықса құлайды, Тойынса жылайды. /Қауға/ |
Қырық кез оқ, Қарағай садақ, Қырық дуадақ, Бір арықтан су ішеді. /Шығыр/ | Үй артында бүкір терек, Күресуге кісі керек. /Иінағаш/ |
Бір құс бар басы төмен бауы аспанда Көзінен жас ағады тау асқанда. Өзінің аңдып тұрған бір жауы бар, Кетеді іліп-алып жанасқанда. /Қауға шелек/ | Төрт мүйіз, бір құйрықты, Тындырады бұйрықты, Көктен бөрік киеді, Көктен таулар үйеді. /Айыр/ |
Бір дәу жалғыз тұрып қарғылдайды, Қызметін екі жендет бар қылады. Ысқырып қызыл жалын шыға келсе, Келдекпен бір-ақ ұрып дал қылады. /Күрек/ | Ойдым-ойдым, ойдым жер, Ойдым жердің шөбін жер. Жабағылы көк қойды, Жалбыратып қасқыр жер. /Қырықтық/ |
Ұзыны ұзын жатқан, Балалары түзу жатқан. /Мәтке/ | Тұтам ағаш тау жайлаған. /Мұрындық/ |
Отырған жері ой-шұңқыр, Басқан жері бай-шұңқыр. Алдымда қылқан, Артымда қылқан. /Ер, үзеңгі, аттың жалы, құйрығы/ | Екі темір, бес ілгек, Ортасында селкілдек. /Жүген/ |
Бір нәрсе бес буынды, тиегі бар, Темірден салбыраған иегі бар, Болғанда бірі қолда, бірі белде, Адамға әрқашанда керегі бар. /Жүген/ | Балдыр-балдыр басынан алыпты, Тәңірберген тамағынан алыпты, Құдайберген құйрығынан алыпты, Ең мықтысы белінен алыпты. /Жүген, сағылдырық, құйысқан, тартпа/ |
Алдында екі аяғы, Артында бір аяғы. /Шідер/ | Жәндікке барып жабысар, Асаумен де алысар. Бағыт сілтеп адамға Көмекші болып алысар. /Жүген, ноқта/ |
Бір нәрсе екі аяқты, бөксесі жоқ, Қолы бар, белі нәзік, кеудесі жоқ. Тамаша ұстағанын жібермейді, Әркімнен қуаты артып, көңліне тоқ. /Шідер/ | Аттан биік, иттен аласа. /Ер-тоқым/Албыр-жалбыр бір тамыр. /Көген/ |
Ұзын еді кестім, Жуан еді жондым. Құдай мұндай қылар ма, Отыруға ыңғайлы болар ма? /Ер/ | Таппақ, табыспақ, Тай үстіне жабыспақ. /Құйысқан/ |
Отырғаным оба жер, Басқаным бақыр шанақ. /Үзеңгі/ | Кішкене ғана тостаған Лақтырып мені тастаған. /Үзеңгі/ |
Жүгіріп келе жатып, Шақшам түсті. /Таға/ | Бір күмбездің ішінде мың күмбез. /Таға/ |
Бір нәрсе бес буынды тиегі бар. Темірден салбыраған иегі бар, Болғанда бірі қолда, бірі белде Адамға, атқа да керегі бар. /Жүген/ | Қолы төрт, аяғы екеу, белі бір кез, Ешнәрсе оған тура келмейді кез. Қолына түскен жанды жібермейді, Оншама кетпейді де, жүгіріп тез. /Шідер/ |