Загадки на казахском языке про одежду

| Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала, Сипаты бек асып тұр көрсең жаңа. Ішінде шығар жері қиын екен, Егер де қолға түссе болар пана. /Пұшпақ ішік/ | Бір нәрсе менен биік, Кейде менен аласа. Мұндай қызық дүниеде, Көріп пе едің тамаша. /Бөрік/ |
| Атамдікі — шошақ, Апамдікі — жалпақ. /Атамның тымағы мен апамның кимешегі/ | Төрттен қосқан басы бар, Маңдайында шашы бар. Өзің көрген баяғы, Салпылдайды сабағы. /Тымақ/ |
| Дөп-дөңгелек басы бар, Маңдайында шашы бар. Өзің көрген баяғы, Сапылдайды сабағы. /Тымақ/ | Ашамайды арта салдым, Айыл жібін тарта салдым. /Тымақ/ |
| Жансызға бітеді екен құйрық қанат, Адамнан қалмаймын деп етер талап, Ішінде қанатының екі жіп бар, Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап. /Тымақ/ | Үшеуі салпы, Бірі таңқы. /Тымақ/ |
| Алды ұзын, арты қысқа, Беттері өзіне сай әрбір тұста, Суықта да, жылыда да пана болар, Таппасаң басыңдағыны қолыңа ұста. /Тымақ/ | Басы жоқ, құсқа біткен екі қанат, Адамнан қалмаймын деп қылдым талап. Ішінде қанатының екі жіп бар, Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап. /Тымақ/ |
| Керегесі тыртық, уығы қысқа, Керек болған үй екен біздің тұсқа. Отарға мал айдасам, жолға шықсам, Үйімді тігіп жүрем жазда, қыста. /Бөрік/ | Шылдыр-шылдыр жүгенім, Сұлу қара құнаным. Көлеңкесі көсіктей, Ауырлығы асықтай. /Сәукеле/ |
| Сылдыр-сылдыр кісенім, Сылдырлайды кісенім, Құлағында құлпы жоқ, Құдіретті кісенім. /Сәукеле/ | Құйын, құйындікі түйін. /Шашбау/ |
| Биік таудың басында қара лашық, Түңлік жабық болғанмен есік ашық, Қайда жүрсең қажетің соған түсіп, Құтылмассың керексіз деп одан қашып. /Бас киім/ | Бір жануар бар екен өзі сұсты, Себеппен ортасында сызық түсті. Бір жігітті тұрады буындырып, Дүниеде көрмедім ондай күшті. /Сақина/ |
| Жайсам — жамшыдай, Жапсам — қамшыдай. /Қолшатыр/ | Күрке ғой көрсең алыстан, Астында адам қорғалар. Ұстасаң бір тал қамыстан, Төбеден суы сорғалар. /Қолшатыр/ |
| Бір нәрсе, биік іші қуыс, Ол заттың сүйегі көп айқұш-ұйқыш, Көзі бар жарқыраған төбесінде, Жайса үлкен, жинағанда бір-ақ уыс. /Қолшатыр/ | Япырмай, отау көрдім есігі жоқ, Өзінің күн түсетін тесігі жоқ. Көтерген шаңырақты жалғыз бақан, Уығының байлауы бар, шешуі жоқ. /Қолшатыр/ |
Қазақ тіліндегі киім туралы жұмбақтар

| Талтаймашқа мен талтайдым, Талтаймаш маған талтайды. /Шалбар/ | Таңертең тұрдым, Айырыма міндім. /Шалбар/ |
| Күндіз толады, Түнде солады. /Шалбар/ | Азанда тұрдым, Екі сайды қудым. /Шалбар/ |
| Ерте тұрдым, Екі айыр жолға түстім. /Шалбар/ | Тұла бойы тыста, Екі қолы іште. /Белбеу/ |
| Қара үй, Қара үйдің ішінде ақ үй, Ақ үйдің ішінде бес бала, Бесеуінің қолында бес айна. /Етік, ақ байпақ, бес башпай, бес тырнақ/ | Барады, барады, Аузын ашып қалады. /Кебіс/ |
| Аузы аңқайып қалады, Босағада тұрады. /Кебіс/ | Сырты қара, іші қызыл, Сұғып алсаң жып-жылы. /Галош/ |
| Ерте тұрдым, керек қылдым, Қажетімді өтеп алып, Босағаға тастадым. /Галош, кебіс/ | Он екі тесігі бар жалғыз тілі, Жып-жылтыр, сыртында жоқ тіпті міні. Көтерер адамзатты қиналмай-ақ, Жоқ екен күштілікке ешбір кемі. Сап алар аузын буып қапшығына, Өзінде дайын екен арқан жібі. /Ботинка/ |
| Ағайынды төрт кісі, Бір қалпақты киеді, Төрт кісіні төрт жерден Төрт ғашығы сүйеді. /Сандал/ | Күні бойы сен оны Екі аяқтап аласың. Жатар кезде өзіңнен Аулақтатып қашасың. /Етік/ |
| Қалада бір нәрсе бар, он сайы бар, Жігітке пайда болар бір жайы бар. /Қолғап/ | Бес ін, Бес іннің аузы бір ін. /Қолғап/ |
| Көсеуді бесеуге сұқтым. /Қолғап, саусақ/Артында құйрығы бар, Төреден бұйрығы бар. /Жаулық, кимешек/ | Дөңгелек айналасы, төртеу көзі, Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі. Нәрсені қашық тұрған жақындатып, Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі. /Түйме/ |
| Жырығыңа жұмалағым. /Ілгек/ | Жүнсіз қолым жүнді жеңге кірді. /Тонның жеңі/ |
| Не нәрсе жұдырықтай дөп-дөңгелек, Ішінде бөлмесі бар бөлек-бөлек. Бөлмесіне көп түлік еркін сияр, Қабаттап айдап тықсаң ептеңкіреп. /Қалта/ | Бір нәрсе қолға жұмсақ былқылдайды, Аузында екі тісі жылтылдайды. Салуға өзге нәрсе бұйрығы жоқ, Арнап салған нәрсеге жыртылмайды. /Қалта, бумажник/ |
| Кірт етіп кіріп кетті, Сырт етіп шығып кетті. /Қаптырма/ | Өздігінен бата алмас, Адам өмірімен қатарлас. Ол болмаса пендеңіз, Тіршілік өмір жасамас. /Киім/ |