Загадки на казахском языке: рыбы, киты и др.
Өзі алып кемедей, Дауылдан ықпайды. Су шашып, Телегей Мұхиттан шықпайды. /Кит/ | Басы доғал, Мұрты бар. Аузы апандай, Ұрты бар. Түрі китке ұқсайды. Ілгегі бар дәу ұзын, Керіп ашса ауызын, Сәуле шашып тістері, Судың кезген тереңін, Шақырады қорегін. /Қармақшы балық/ |
Тұрқы қысқа, күші мен Қылығы бар орасан, Мықты сояу тісімен, Үлкенді де өзінен, Қылғи салар жанаса. Бірақ Жемі ішінен Көрінеді қараса. /Қара тажал/ | Қауырсын мұрт шетінен, Жүзеді тек шалқалап. Шабақты су бетінен, Оңай ұстар қалқалап. /Қарабауыр жайын/ |
Қарасаң келбетіне Тұмсығы найзадай. Шығарып су бетіне, Қанатын жайса жай, Көрінер кемедей, Мұхитта телегей. /Желкенді балық/ | Тұмсығы — қайықтың күрегі, Аузымен шөп сүзіп жүреді. /Ескектұмсық/ |
Майшабақпен сайыспай, Үйіріп жүрер басқара. Тұлғасы ұқсас қайыстай Шұбатылған таспаға. /Белбеубалық/ | Қапталған сүйекті сауытпен, Қорықпас ешқандай қауіптен. Сойдиған тістері қашаудай, Қорегін асаудай-ақ асайды-ай. /Сауыттыбалық/ |
Қазақ тіліндегі жұмбақтар: балық, киттер және т.б.
Тұла бойы толы ине, Жауын көрсе ол неме, Едірейіп бүртігі, Бола қалар біртүрлі. Тұрған түсі көз көріп, Шыға келер өзгеріп. Қарнын үрлеп алады, Допқа ұқсай қалады. /Тікенқұрсақ/ | Жалтыраған бауыры. Құдды көмір түтігі. Өзінің бар тәуірі, Сәуле шашар түтігі. /Үтікбалық/ |
Қошқыл жолақты, Еріні сағақты. Бүкіл денесі – Терек теңгесі. /Жапырақ балық/ | Суда өседі, өнеді, Сыртқа шықса, өледі. /Балық/ |
Күміспенен апталған, Теңгеменен қапталған. /Сазан/ | Қомағайлық жасайды, Шабақтарды асайды. /Шортан/ |
Сұрқы бір қарыс, Итбалыққа ұқсайды. Ұмтылғанда — жолбарыс, Сүңгіп шабақ ұстайды. /Сушылқара/Сулы жерді мекендеп, Құрлықта да секеңдеп, Шыбын-шіркей аңдиды, Жемге қашан жетем деп. /Бақа/ | Жоны қара тақтайдай, Бауыры аппақ мақтадай. Мекендейді мұз-қарды, Сүйеді тек ызғарды. Бұлғаңдайды, қашпайды, Асықпайды, саспайды, Мұз үстінде билейді, Бірақ белін имейді. /Пингвин/ |