Жұмбақтар — загадки на казахском языке. Адам және оның денесінің бөліктері

Загадки на казахском языке про человека и его части тела

Загадки на казахском языке про человека и его части тела

Бір «әліп» мұнарадай көзім көрген,
Екі «мәт», екі «сәкін» оған ерген.
Болғанда «иа» ден камал, нұрдан гауһар,
Болады кім данышпан мұны білген.
/Адам, көз, жас, екі құлақ,cөз/
Бір таудың алпыс сегіз саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.
/Алпыс сегіз тамыр, он екі мүше/
Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан,
Он екі бұлағы бар шыр айналған.
Ісіне таң қаламын құдіреттің,
Бәрі де бір нәрсеге ыңғайланған.
/Алпыс екі тамыр, он екі мүше/
Бір қария жерде де емес, көкте де емес,
Болғанда түбі терең, аузы кемеш.
Ішіне ит түссе де арам емес.
/Көз/
Қос әйнек шыны да емес, темір де емес,
Бұзылса оны адам түзер емес.
Кезінде өзі ашылып, жабылады,
Мағынасы қымбат нәрсе, арзан емес.
/Көз/
Әрі жүрер қараша ат,
Бері жүрер қараша ат.
Су бойында тұнық су,
Таңдап ішер қараша ат.
/Көз/
Жар қабақта екі бастау,
Жапсар тастың астында
Жасыл ала құс жатыр.
/Көз/
Кішкене ғана тостаған
Жер дүниені бастаған.
/Көз/
Ала арқаным жетпес жер жоқ.
/Көз/
Кішкентай бір мақұлық торы ала,
Ағаштан атрапына соққан қала.
Ішінде сол қаланың өмірі өтер,
Сабыр қып сахараға шықпас жана,
Жаралған өзі ғана артық болып,
Болжайды әр нәрсені айтып шама.
/Көз/
Екі бала қатар тұрса да,
Бірін-бірі көрмейді.
/Көз/
Ағайынды екеу болыпты,
Екеуі тату жүріпті.
Ортасында тау болып,
Бірін бірі көрмепті,
Екеуінің міндеті орындайтын бір бопты.
/Көз бен мұрын/
Көрші отырған көршілер
Бірін бірі көрмейді.
Қара түнек қос үңгір
Діңгегі асу бермейді.
/Көз бен мұрын/
Қара суда суат жоқ,
Қалың талда бұтақ жоқ.
/Көз бен кірпік/
Сырты қылшық,
Іші былшық.
/Кірпік пен көз/
Ары жүгір қаратай,
Бері жүгір қаратай.
Тал түбіне барғанда,
Тайып жығыл қаратай.
/Көздің қарашығы/
Бір көлде екі түрлі сүт бар.
/Көздің ағы мен қарасы/
Таудан тас құлады.
/Көз жасы/
Таудан тары домалайды,
Оны он екі қаз қуалайды.
/Көз жасы/
Бір таудың екі күзетшісі,
Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар.
/Көз, құлақ, тіс/
Қабақта қара бурам шөгіп жатыр,
Етектеп құмалағын төгіп жатыр.
/Қас, көз, жас/
Тұнық суға ши ұстадым.
/Кірпік/
Екі жар бірін бірі шамалаған,
Тал шығып, жағасына сабалаған.
/Кірпік/
Сәуле астында жүз кісі.
/Кірпік/
Алпыс кісі аяқтасты,
Ертеменен таяқтасты.
/Кірпік/
Күндіз шайқасады,
Түнде айқасады.
/Кірпік/
Бір нәрсе жегеніне тіпті тоймас,
Адамның ол нәрсесіз күні болмас.
Жіберсе қарап қалар жердің бәрі,
Кішкене болса-дағы кемдік қылмас.
/Ауыз/
Бір тобықта жеті жыртық.
/Екі танау, екі құлақ, екі көз, бір ауыз/
Беткейде бес есік.
/Екі танау, екі көз, ауыз/
Екі тақта арасында
Қимылдайды қызыл тақта.
/Тіл/
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
/Тіс, тіл/
Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды.
/Тіл/
Қатар-қатар ақ күріш,
Тұрған жері қақтығыс.
/Тіс/
Айдын көлде алтын тас,
Ау салса да алынбас.
/Тіс/
Тамға таяқ сүйедім,
Отыз жерден сыр-сырлап.
/Отыз екі тіс/
Үсті тақтай,
Асты тақтай,
Ортасында әбзел тақтай.
/Тіс,тіл/
Ти, ти десем, тимейді,
Тиме десем тиеді.
/Ерін/
Үлкен ой,
Үлкен ойдың ішінде
Кіші ой,
Кіші ойдың ішінде,
Балуан би.
/Ерін, тіс, тіл/
Үлкен үй,
Үлкен үйдің ішінде
Кішкене үй.
Кішкене үйдің ішінде
Досқана би.
/Ерін, тіс, тіл/
Туғаннан біргемін
Бірақ санын білмеймін.
/Шаш/
Асқар тауда қара орман.
/Шаш/
Томпағымның басында тоқсан қыз бар.
/Шаш/

Адам және оның денесінің бөліктері туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар

Адам және оның денесінің бөліктері туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар

Жас кезінде қара орман,
Жыл өткен сайын ағарған.
/Шаш/
Басында Қаратаудың қап-қара шөп,
Атаймыз тау демесек әлде не деп.
Ағарып ақырында кете ме екен,
Ол таудың әлде шөбі тұрғанда көп.
/Шаш/
Білмеймін ерке ме екен, есер ме екен,
Қалпынан артық бойлап өсер ме екен.
Өсірме деп біреуге бұйырмасам,
Таудағы тоғайымды кесер ме екен.
/Шаш/
Бір тауға әрі қайың,
Әрі тал өседі.
/Шаш, сақал/
Майтөбеде ол сусыз,
Өскен қамыс буынсыз.
/Шаш,бас/
Кішкене ғана тегене,
Сырты толған балауса.
/Шаш, бас/
Беткейге қар жауды,
Кетпеске айналды.
/Шаштың ағаруы/
Қараша тауым қарлы болды,
Бір жауса кетпейтұғын зәрлі болды.
/Шаштың ағаруы/
Бір төбеге қойыпты шынар жайып,
Қолына қылыш алды бір ғажайып,
Екі жақта шынардың қалқаны бар,
Кетпесін қалқанына қылыш тайып.
/Шаш,ұстара, екі құлақ/
Алпыс қанат ақ орда,
Алпыс атанға сыймайды.
Алпыс атаным қысқа дейін десем,
Тәңертең ұшқан құс,
Кешке әрең қонады.
/Шаш, тарақ/
Бір тауға әрі қайың,
Әрі тал өседі.
/Шаш, сақал/
Қос бұлақ бір қарауыл салғаны бар,
Мойнында үш жүз алпыс арқаны бар.
Ақ тоғай, қара тоғай қалың ағаш,
Тоғайдың әр мезгіл де тарқары бар.
/Сақал,шаш/
Қарамасаң жайлауға,
Қабан келер шайнауға.
/Бас пен бит/
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.
/Құлақ/
Екі кісі ерегісіп келеді.
/Құлақ/
Ғаудыр-ғаудыр шанашым,
Қартайғанша көрмедім.
/Құлақ/
Құла бетте қисық астау.
/Құлақ/
Тауда жарбайып тұр.
/Құлақ/
Жар басында жарты кепе.
/Құлақ/
Жар басында жарты сыпыра.
/Құлақ/
Қарағай басына қатық ұйыттым
/Ми/
Қиын-қиын қиялар,
Қияға жұмыртқа ұялар.
/Ми/
Бар екен бір жыланның отыз іні,
Түп-түзу бұл жыланның жоқ дүр міні.
Ғажайып бір мінезі тағы да бар,
Шықпайды бір інінен күндіз-түні.
/Жұлын/
Екі достың бірі ыңғайлы,
Біреуінен ебі жоқ.
Екеуін де бірдей көрем,
Маған артық-кемі жоқ.
/Екі қол/
Бес сауысқан,
Бес сауысқан басына тас жабысқан.
/Бес саусақ, тырнақ/
Бес көсеуім басы ақ күміс.
/Саусақ/
Бес ат,
Бесеуі де қасқа ат.
/Бес саусақ/
Бес адам бір есекке мінгесіп жүр,
Мінгессе де талай жермен тілдесіп жүр.
/Бес саусақ/
Бар екен бәйтеректе екі аша,
Болмайды бар шақасы оннан аса.
Біреуі біреуінен икемдірек,
Құдайдың құдіретіне қыл тамаша.
/Он саусақ/
Он айда мен аламын он жаңа айды,
Он жаңа айды алсам да ол таусылмайды.
/Тырнақ/
Он кемпір мұз арқалап тұр.
/Тырнақ/
Ереймен жерейменнен озбайды екен,
Асы алтын, қасығы күміс болып,
Өмірі бітіп мүлде тозбайды екен.
/Сөз/
Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттыға сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәурен сүрмес.
/Сөз/
Еккенім бір танапқа жалғыз бидай,
Аққурай қанасына кетті сыймай.
Біреудің аманатын алсаң-дағы,
Тұрасың береріңде көзің қимай.
/Адамның жаны/
Балдан тәтті,
Удан ащы,
Тәрбиесіз, ата-анасыз.
/Жан/
Балдан тәтті,
Мақтадан жұмсақ,
Базарға апарып сатсаң,
Бір тиындық бағасы да жоқ.
/Ұйқы/
Базарда сатылмайды,
Таразыда тартылмайды.
Өзі балдан да тәтті,
Өмірге бір шапағатты.
/Ұйқы/
Суға салсаң — батпайды,
Отқа салсаң — жанбайды,
Жерге көмсең — шірімейді.
/Адамның аты/
Өлсең де-өлмейді,
Өлмесең де-өлмейді.
/Адамның аты/
Жаралғанға жабысқан.
/Адамның аты/
Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді,
Күніне мың шақырым жерге барып келеді.
/Көңіл/
Бір нәрсе кейде сопы,кейде залым,
Сиқырлар бір сағатта жанның бәрін.
Бір уақыт патша болып отырады,
Тар жерде әркімнің де ойлар қамын.
/Көңіл/
Сары ат міндім, саз кештім,
Сарқыты маған тимеді
Қара мақпал тон піштім,
Қиқымы маған тимеді.
/Түс/
Бір минутта дүнияны аралайды,
Сонда да шаршамайды.
/Ой/Бір адам көрдім,
Жүрмей тұрған жабысып.
Түсін танып тұрсаң да,
Жауап айтпас танысып.
/Адамның суреті/
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.