Жұмбақтар — загадки на казахском языке. Азық-түлік өнімдері

Азық-түлік туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар

Загадки на казахском языке про продукты питания

Азық-түлік туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар

Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.
/Таба, нан/
Үсті темір, асты темір,
Ортасын ал да кемір.
/ Таба, нан/
Былқ-былқ ,былқ семіз,
Қабырғасы жоқ семіз.
/Қамыр/
Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел, елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес.
/Тұз/
Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң балдай.
/Қант/
Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.
/Жұмыртқа/
Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.
/Жұмыртқа/
Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
/Жұмыртқа/
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?
/Шай/
Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?
/Кесе, шай/

Азық-түлік туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар

Загадки на казахском языке про продукты питания

Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.
/Қымыз, саба, піспек/
Сылдыр сұйық, анады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
/Сүт/
Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.
/Емшек сүті, бес саусақ/
Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп бауырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.
/Айран/
Әрі сусын, әрі дәрі ,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті, елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі.
/Қымыз/
Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.
/Құрт/
Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.
/Көже мен шөміш/
Кішкентай құдығымның суы тәтті.
/Жіліктің майы/
Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай.
/Жіліктің майы/
Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді,
Дәмі аузынан кетпейді .
/Ана сүті/
Ашылмайды қабағы,
Әркімнің де тамағы.
Ашуланса болады,
Ұлпадай жұмсақ жабағы.
/Тоң май/
Алтын алдым жапырақ,
Жатқан жері топырақ,
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қаптаған.
/Өсімдік майы/
Аппақ қардай,
Дәмі балдай.
/Балмұздақ/.Қол ауызға берді,
Ауыз жауызға берді,
Жауыз ирек жол арқылы
Барлығын қазынаға берді.
/Ішкен тамақ/
Дегенде емен екен, емен екен,
Мен көрсем емен жолы төмен екен.
Білімді ақын болсаң мен айтайын,
«Құраннан» бір жас үлкен немене екен?
/Нан/
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Добавить комментарий

;-) :| :x :twisted: :smile: :shock: :sad: :roll: :razz: :oops: :o :mrgreen: :lol: :idea: :grin: :evil: :cry: :cool: :arrow: :???: :?: :!:

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Adblock detector