Загадки на казахском языке про дорогу и средства передвижения
Ұзын терек, Саясы жоқ. /Жол/ | Ұзын-ұзын ұз келер, Ұзын бойлы қыз келер. /Жол/ |
Ұзын-ұзын, ұзын жіп, Ұшы қайдан табылар? /Жол/ | Жусаннан аласа, таудан биік. /Жол/ |
Адамзаттың баласы, Менсіз кәсіп қылмас та, Басымды мен көтерсем, Аспан көкке жетермін. /Қара жол/ | Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып, Помощқа елдің көбін қойдым жауып, Аспанда бұрқырады,топан ұшты, Алмады жалғыз дәнді адам тауып. /Қара жол/ |
Бір жолда екеуі жарысады, Бір-бірінен оза алмай алысады. /Темір жол/ | Бір заттың салмағы ауыр сансыз тонна, Ұстаған емес оны ешкім қолға. Пайдасы барлық заттан артығырақ, Сәнменен кере тартып жатар жолда. /Рельс/ |
Бір нәрсе өзі жансыз ырғытылып, Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық. Жаз болса көк шалапты сапырады, Шөмішін бір шығарып, бір батырып. /Қайық/ | Тап-тап,тап басқа, Табаны жалпақ көк қасқа, Үйірге салсаң кісінемес, Шөптің басын тістемес. /Қайық/ |
Адам істеп шығарған бір жануар, Құрғақ жерде жаны жоқ,суда болар, Жаз болса күні-түні су ішінде, Бұл не еткен жануар табыңыздар. /Қайық/ | Белдіксіз, дөңгелексіз күймелі арба, Қозғасам бара берген жардан жарға. /Қайық/ |
Шапсаң жаңқасы жоқ, Жүрсең ізі жоқ, Кессең қаны жоқ. /Қайық/ | Сойсаң қаны жоқ, Жеуге еті жоқ. /Қайық/ |
Екі басты белі бар, омыртқа жоқ, Сүбелік бүйрегі бар, қабыртқа жоқ. Жүргенде құс табаны жерге тимес, Бақай, тірсек, толарсақ, тобық та жоқ. /Қайық/ | Бар екен екі басты бір мақұлық, Жүреді аяғы жоқ ырғатылып. Жаз болса сары қымыз сапырулы, Қасығын бір шығарып,бір батырып. /Қайық/ |
Тоғайда туып, суда өмір сүреді. /Қайық/ | Тап-тап, табаны ақ, Табаны жалпақ қоян ақ. Басып кетсе ізі жоқ, Бауыздаса қаны жоқ. /Қайық/ |
Жол туралы қазақ тіліндегі жұмбақтар
Тарыға торғай қонса сақпан біледі, Түлкіні түнде жорытқан қақпан біледі. Бір жұмбақ мен айтайын сіз тыңдаңыз, Ат құсап шалқасынан жатқан біледі. /Қайық/ | Үсті тақтай, асты тақтай, Балалары ойнайды, Барып тоқтамай қоймайды. /Паром/ |
Ербегей де сербегей, Иесіз үйге кірмегей, Атсыз сірә жүрмегей. /Арба/ | Басы жоқ төрт аяқты жансыз бір зат, Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат. Жүк артсаң белі тағы майыспайды, Құйрық-жалсыз ол неткен меңіреу зат? /Арба/ |
Қырда ағаш, Ойда ат. /Арба/Жалғаған ел ортасын, Жатыр тосып арқасын. /Көпір/ | Қадамы жоқ ізінің, аяғының, Созса ұшы жетпейді таяғының. Екі қолын айуанға артып алып, Әніне салады екен баяғының. /Арба/ |
Тарақ сияқты ергенек, Ай сияқты дөңгелек. /Арбаның дөңгелегі/ | Төрт бала бірін-бірі қуалады. /Арбаның дөңгелегі/ |
Елде артын барлайды, Жүгірсе артын жарлайды, Ми айналып қалмайды. /Арбаның дөңгелегі/ | Болғанда екеу аға, төртеу ала, Жиырма сегіз екен тапқан бала. Өзімен ол көп жүкті көшіреді, Қандайлық мықты болған жүзі қара. /Арбаның екі жетегі, төрт дөңгелегі, шабақтары/ |
Екі таяқ көтердім, Ортасынан итердім. /Арба айдау/ | Бір жұмбағым бар, асты қар, Қадамы жоқ, ізі бар, Мойнында жібі бар. /Шана/ |
Табаны жалпақ боз жорға, Тайпалсын десең, сал жолға. /Шана/ | Тайпаңдайды бүгіліп құла жорға, Маңызданып аяғын басар зорға. Неше күн дамыл алмай жүрсе-дағы, Иіліп жерден шөпті жемес сонда. /Шана/ |
Жол үстінде пөстек, Оны таппаған естек. /Көпір/ | Жол үстінде төсек, Оны таба алмаған есек. /Көпір |