Загадки на казахском языке про насекомых
Бар екен бір мақұлық ұннан майда, Өз басын айдайды екен қиын жайға, Ұстасақ үгітіліп жоғалады, Дамылдап отырмайды ешбір жайға. /Көбелек/ | Гүл ұшып гүлге қонады, Гүл бақшам гүлге толады. /Көбелек/ |
Шидім, шидім, шидім құс, Ши басына қонған құс. Қарқаралы қара құс, Хан басына қонған құс. /Шыбын/. | Иісшіл — ит емес, Ұшады -құс емес. /Шыбын/ |
Бар жұмысы ермегі. Талмай қанат қағады. Еңбекті қош көрмейді, Жат ыдысты бағады. /Шыбын/ | Қыс кезінде ұйықтап жатар, Жаз мезгілі думан ашар. /Шыбын/ |
Қарабай аттан жығылды, Халық соған жиылды. /Түкірікке жиылған шыбын/ | Аспанда ақ сары құс шу салады, Жабысып тақыр жерден су алады. Адамнан су алған тым өзгеше Дуылдатып денеңе у салады. /Безгек масасы/ |
Өзім үшін сені ұрам, Сен үшін өзімді ұрам, Сен үшін өзімді ұрсам- Ағады менің қаным, Жарылады сенің қарның. /Маса/ | Бір құс бар ұшып жүріп ән салады, Әркімге қонақ болып бір барады. Барлығы мақұлықтың ығыр болып, Дауысын естігендер зар қағады. /Маса/ |
Ат басты, Арқар мүйізді, Бөрі кеуделі, Бөкен санды, Қос қанатты, Құмырсқа ізді, Бота тірсекті. /Шегіртке/ | Бар еді бір жұмбағым жүрген сайда, Қолында қылышы жоқ, екі найза. Қарынды екі найза болғанменен Қылыш пен ай балтадай болмақ қайда. /Бұзаубас/ |
Біз жаздық аулым қонған текшесіне, Етіктің жез қақтырдым өкшесіне. Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар, Бөренесін байлаған бөксесіне. /Инелік/ | Ана таудың басында ұйыған қатық, Ол қатықты көрмейді дәмін тартып, Дәмін татқан қалады сеспей қатып. /Қара құрт/ |
Қазақ тілінде жәндіктер туралы жұмбақтар
Бір мақұлық айдалада қорған салған, Азапты ажалдымен соған барған. Мен емес бұл жұмысты айтып жүрген, Бұрынғы азамат ер содан қалған. /Қара құрт/ | Ғажайып бір нәрсе бар қатқан тері, Өзінің қалың тоғай жатқан жері. Бір күні аштан өлмей, тоқтан өлер, Жігіттің мұны табар кемеңгері. /Түйе кене/ |
Қарайып ұшты қарғадай, Бармаған жері қалмады-ай. Жерге түсті, ін қазды, Аяғымен тырмалай. /Қоңыз/ | Кішкене ғана түйме тас, Атан түйе тарта алмас. /Кене/ |
Аспаннан ұшып түсті жатқан тері, Қалың тоғай ну жыныс жатқан жері. /Кене/ | Ұзын-ұзын ұзардай, Ұзыннан аққан сулардай. Ағаш атқа мінгізіп, Ұзартып қойған мұнардай. /Өрмекші/ |
Екі басы жұдырықтай, Ортасы қылдырықтай. /Құмырсқа/ | Қатар-қатар қара нар, Аспанменен бара бар, Алды биік, арты жар. /Құмырсқа/ |
Тыру-тыру тырналар, Тауға қарай жорғалар. /Ара/Бекінген бір тау теке тұшалау үйге, Құдайым оны салды мұндай күйге. Күн шықса жатады салқын үйде, Күн жауғанда кетеді жапан түзге. /Ұлу/ | Алпыс тісті айдаһар, Ешқайда қадам баспайды. Қозғамасаң жатады, Ештеңеден саспайды. Ағаштан тамақ жейді екен, Жұтпай шайнап тастайды. /Ара/ |
Домалақ таудың басында Тоқты қошқар ойнайды. /Бит/ | Кішкене ғана бойы бар, Адам жейтін ойы бар. /Бит, бүрге/ |
Бір мақұлық мойны жуан, тірсегі ұзын, Тікпесе өзі етік, сақтар бізін. Тағы да іске ыңғайлы қайшысы бар, Іс тігіп көрген де емес еш қызығын. /Шаян/ | Бір мақұлық келе жатыр маң-маң басып, Құтылмас көзге түссе жолдан қашып. Бұл жерде оны табар еш адам жоқ, Таппаса үлкен молда кітап ашып. /Бит/ |