Баяғы өткен заманда өте зұлым хан болыпты. Оның ай десе аузы, күн десе көзі бар айдай сұлу қызы болыпты. Оған бір ханзада ғашық болыпты. Бір күні ханшайым орманға жидек теруге шығыпты. Сөйтіп ханзада оны сырттай бақылап жүреді.
Бір кезде ханшайымның алдынан үлкен аю шығыпты. Ханзада аюды көріп шыдай алмай қызға тиіскен аюды өлтіріп тастайды. Сол мезетте ханшайым ханзадаға ғашық болып қалыпты. Содан соң, екеуі ханшайымның әкесі ханға барып болған жайтты айтып береді.
Хан қызын ханзадаға бермей, үйіне қамап қояды. Ханзада не істерін білмей ханға келіп, не айтсаңызда орындаймын деп ант етеді. Сөйтіп хан ханзадаға айтқанын орындатады. Ханшайым ханзаданы ойлап күні-түні жылай береді. Сөйтіп күндердің бір күні хан қызының бөлмесіне келсе, қызы бөлмесінде болмай шығады.
Сөйтіп ол терезеге караса, ханзада екеуі бірге кетіп бара жатқанын көріп, қатты ызаға булығады. Сөйтіп кызын ұстай алмаған хан кызын ханзадаға ұзатып жіберіпті.
Ертегілер жинағы (3-4 жастағы балаларға арналған)