Ертеде бір кемпірдің. Тұмар атты жалғыз қызы болыпты. Тұмар өте сұлу, көрікті, ақылды кыз болып өседі. Шешесі отын әкелуге кеткенде үйіне бір аю келіп қызды ұрлап кетеді. Шешесі келіп қызын таба алмай зар жылайды.
Кімге айтарын білмей жылап отырса, бір сымбатты жігіт кездеседі. Кемпір қызының жоғалғанын, оны тауып беруін өтінеді. Жігіт кызды іздеуге жолға шығады.
Орман ішінде аюдың ізін көреді де, жігіт бірден аюдың ізімен келіп, әлгі аюдың апанын тауып алады. Жігіт апанға үңілсе ішінде сұлу қыз отыр екен. Жігіт қызды көріп есінен танып қалады.
Бір кезде есін жиып, қызды қалай қүтқару керегін ойлайды. Аюды алдарқытау үшін жігіт өзеннен барып көп балық аулап келеді. Балықты аюға береді, сол кезде көп балықты көрген аю есінен танып қомағайланып жей бастайды.
Сол кезде жігіт апанға түсіп қызды алып қашып кетеді. Қызды әкеліп анасына табыстырады. Риза болған шешесі қызын жігітке тұрмысқа береді. Олар бақытты тату тәтті өмір сүріпті.
Ертегілер жинағы (3-4 жастағы балаларға арналған)